Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет109/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

«Гораций» трагедиясы
Корнель «Гораций» трагедиясының сюжеті үшін материалды 
Рим тарихшысы Тит Ливийдің бірінші кітабында баяндалған ежелгі 
грек мемлекетінің қалыптасуы туралы аңыздан алды.
Бір-біріне көрші отырған екі қаланың (Рим мен Альба-
Лонга) ортасында «қайсымыз жетекші орынды иелеуіміз керек» 
деген мәселе төңірегінде тартыс туады. Ақырында, мұны екі 
қаланың өкілдері ортасындағы жекпе-жек айқас шешсін деген 
келісімге келеді. Мұндай ауыр жүк римдіктерден Публий Гораций 
қарттың үш егіз ұлы Горацийлер мен Альба-Лонга тарапынан 
үш егіз Куриацийлердің мойындарына түседі. Горацийлердің 
бірі Куриацийлердің қарындасы Сабинаға үйленген еді. Публий 
Горацийдің қызы Камилла Куриацийлердің бірінің қалыңдығы 
болатын. Сабинаны бұл оқиға қатты шошытады. Екі жақтың 
қайсысы жеңілсе де оған өте ауыр, өйткені бір қалада туысқандары 
бар, екінші қалада болса сүйген жарымен өзі жасайды. Камилла 
да қайғыға батады. Екі әйелдің де бойында махаббатқа адалдық 
сезімдері күшті, бірақ олар отан алдындағы борыштарын махаббатқа 
құрбан қылмайды.
«Гораций» трагедиясында Корнель мемлекет пен қоғам ісі үшін 
күрес тақырыбын бірінші орынға қояды. Жазушы қарт Гораций 
образында мемлекет құрылысын қолдау үшін әрқандай құрбандықтан 
қайтпайтын жігерлі тұлғаны бейнелейді. Осы арқылы ол мемлекетті 
бөлшектеуге ұмтылған феодал-зодагондарды сынға алады. Егер 
«Сид» трагедиясында мемлекет ісі король мен халықтың араласуы 
нәтижесінде жүргізілсе, «Гораций» трагедиясында барлық нәрсе 
жеке билеушінің үкіміне бағындырылады. Шығарма мазмұнының 
күрделілігі, екі қала ортасында маңызды тартыстың жоқтығы
күшті тараптың әлсіз тарапты өзіне бағындыруға ұмтылуы сияқты 
жағдайлар шығарманың гуманистік мазмұнына және отансүйгіштік 
рухына кері әсерін тигізеді. Бірақ шығармадағы монархтың 
намысына тиетін оқиғалар мен реалистік моменттер дұшпандардың 
Корнельді тағы да сынға алуына себеп болады.
Жазушының бұдан кейінгі туындыларында классицизм 
принциптері күшейеді, ол негізінен жеке билікке бағыныштылықтан 
құтылу жолын іздейді. Енді жалпы адамгершілік сезім-
толғаныстардың орнын жансыз, құрғақ баяндаулар иелейді. 


316


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет