325
тиіс екендігі туралы әр бір сөзіне, мұндай болуы мүмкін емес,
«құдайдың қалауы солай» деп жауап қайтарады. Басында әрқандай
жаумен шайқасуға дайын тұрған Дон Жуан, енді айлакерлерше
мұндай қылуға «құдай жол бермейді» деп, өзін тақуа етіп көрсетеді.
Ол өзіне ұнаамаған әр бір адамды дінсіз деп айыптайды.
Сганерель қожайнының өзгергендігінен қатты шошынады:
«Тақсыр, сізде ібілісше сөйлеудің пайда болуының себебі неде?
Бұл бұрынғыларыңыздың барлығынан да қорқыныштырақ, сіздің
бастапқы қалыпта қалғаныңыз жақсырақ...!» [57. 247].
Дон Жуан - Тартюф сияқты айлакер, рухани жағынан азғындаған
дворян. Сол себепті оның жазадан құтылмасы анық болатын.
Комедияның соңында Дон Жуан найзағайдан жарылған жердің
астына кіріп кеткенімен, оның кездейсоқ өлімі осы уақытқа дейін
жасаған қылмыстарының жазасы екендігі байқалып тұрады.
Комедияның негізгі қаһармандарының бірі адал, дана Сганерель
образы дағдарысқа ұшыраған дворян тобының өкілі Дон Жуанға
қарсы қойылады. Мольер комедияда кедей топ өкілдері (жарлы,
қызметкер Сганерельге, шаруа Пьерге) жанашырлықпен қарайды.
Бұл қарапайым жандар діншіл болғанмен, олардың ары таза,
қиыншылықтарға төзімді. Сганерель оқиғаның басынан-ақ
қожайынның бұзықшылық жолға түсіп бара жатқанын біліп, оны
сақтандырады, ақырында оған қарсы шығады. Алаяқ Дон Жуанның
аянышты өліміне барлық адам қуанады, бірақ Сганерель бұған
өкінеді. Оның сахнаны бойлап «Қап, менің жанашырым-ай, менің
жанашырым-ай!», - деп жоқтау айтуы еріксіз күлкі туғызады.
Сонымен қатар билеуші феодал-ақсүйек топтардың апаты жақын
қалғанын терең мысқылмен көрсетеді. Соның үшін бұл пьесаға
толығымен тыйым салынған соң, Том Корнель оны өлең формасында
қайта өңдеп, ондағы сатиралық рухты жояды. Сганерельдің осы
сөздерін алып тастайды және «Тас мейман» атты жаңа пьесасын
жазады.
Достарыңызбен бөлісу: