289
жеңіліске ұшыраған, бірақ құдайға қарсы күрестен бас тартпаған
өжет, қайсар шайтан бейнесінде анық көрінеді. Озбырлық салтанат
құрған жылдары ақын халықты реставрацияға қарсы күреске
емес, олардың қоғамдық санасын жетілдіруге шақырады. Мильтон
обьективтік түрде халықтың төңкерісшіл көңіл-күйін бейнелеген
ғажайып поэманы дүниеге әкелген еді.
Поэмадағы қаһармандар ішінде Адам Ата бейнесі өзінің ерлігі,
даналығы тұрғысынан шынайы адамдарға жақын келеді. Ол «күна»
жасаған Хауа Анадан бас тартпайды, керісінше ортадағы одақты
нығайтуға әрекет жасайды. Адам Ата шайтанға алданғандықтан
емес, ал Хауа Анаға адалдығы нәтижесінде «күнаға» барады.
Сананың жеңісіне сенген ақын өз армандарын айқын емес
аллегориялық түрде баяндағанымен, феодалдық-католиктік
озбырлық адамды әлсіз, надан, тағдырдың ойыншығы деп көрсетіп
жатқан кезеңде ол адамның ақыл-ойына, құдіретіне өте жоғары
баға береді. Бұған поэмадағы Адам Ата бейнесі дәлел бола алады.
Ақын өзімшіл шайтанды сынға алып, адамгершілікті Адам Атаны
мадақтайды. Мильтон Адам Ата мен Хауа Ана ортасындағы
махаббатты суреттеу арқылы бақытты, адал отбасын көрсетеді. Ақын
олардың ортасындағы махаббатты «жоғарыдан шешілген» неке
деп көрсеткенімен, отбасы бақытын жырлауда оның пуритандық
рухтағы үгіт-насихаттардан едәуір өзгешелігі бар. Дегенмен Адам
Ата бейнесінде пуритандық белгілер де қылаң беріп қалады.
Періште алдында оның жігері босаңсиды, «жоғарыдан» болатын
әрқандай әділетсіздікке мойынсұнуға дайын тұрады.
Мильтон дүниетанымындағы мұндай қайшылықтар діни-
пуритандықтың әсерінде пайда болып, оның қаһарманын шектеп,
әлсіретеді. Бірақ, осыған қарамастан, «Жоғалған жұмақ» поэмасы
- 40-50-жылдардағы саяси оқиғаларды толық бейнелеген,
монархиялық биліктің қайта орнауына қарсы бағытталған ғажайып
поэма болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: