Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2. XIX ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің лексикасы



бет25/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§ 2. XIX ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің лексикасы 

XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің


лексикалық құрамына келсек, оның негізі – қазақтың
жалпыхалықтық тілінің төл сөздері, келесі қабаттары- араб,
парсы сөздері мен бұл тұста көбейе түскен орыс сөздері.
Ал қоғамдық өмір мен тұрмыс-салттың сан алуан
салаларына қарай талдасақ, бұл кездегі әдеби тілді сипаттайтын
лексикалық топтарды: жауынгершілікке, әлеуметтік құрылыс пен
әкімшілік сот істеріне, сауда-саттық пен шаруашылыққа, дінге,
оқу-білімге қатысты лексика деп талдауға болады.

Жауынгерлік лексика 

Жауынгерлік лексикаға қару-жарақ аттары, соғыс-ұрысты


бейнелейтін есімдер мен етістіктер жататыны белгілі. Бұл сонау
батырлар туралы эпостардан, Абылай тұсындағы жорық-
ұрыстарға келіп ұштасқан қоғам өмірінің бір құбылысын
бейнелейтін лексикалық топ болатын. Осы топ XIX ғасырдың І
жартысында
да
елеулі
орын
алады.
Бірақ
мұндағы
жауынгерліктің сипаты өзгеше, бұл кезде фольклордағыдай
немесе XVIII ғасырдағыдай елді сыртқы жаулардан қорғау мотиві
емес, хан-сұлтан билігіне қарсы қазақ еңбекшілерінің күресі.
Жауынгерлік лексика бұл тұстағы барлық ақындардың
шығармаларында
молынан
кездесе
бермейді,
негізінен,
Махамбет, Нысанбай, Дулат ақынға ғана тән.
Мұнда ең алдымен қару-жарақ атаулары мол. Оның бір тобы
сол көтеріліс кезінде жұмсалған әскери жабдықтардың атаулары
болды. Олар найза, қылыш, мылтық және әлі де қолданудан
қалмаған садақ. Бұл қару-жарақ атауларын ақын әр алуан
эпитеттермен қолданады: алты құлаш ақ найза, толғамалы 
найза, қималы найза, қоңыраулы найза, егеулі найза, балдағы 
алтын құрыш, болат (қылыш), білтелі мылтық т.т.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



74
Ал садақ, садақтың кіріс, сүңгі, жебе, қорамсақ, адырна, 


сауыт, күдіре бау сияқты ертедегі қару-жарақ атаулары
Махамбет ақында тек өзі араласқан жорықтар картинасын беру
үшін емес, жалпы образ жасау үшін де қолданылады.
Көтеріліске қатысушылардың атаулары әскер, ауыр әскер,
қол, найза ұстаған ерлер, қасыма ерген жолдастар, аламан сияқты
сөздер болып келеді. Мұнда қалың бұқараны халық, астана жұрт,
алты сана алаш, аса жұрт, қара қазақ баласы деп атау жиі
кездеседі.
Жауынгерлік лексика Махамбеттен басқаларында, әсіресе,
XIX ғасыр орта тұсынан әрі асатын әдеби тіл нұсқаларында,
бірте-бірте кеми береді. Бұл саладағы біраз сөздерді Дулаттан
кездестіреміз. Оның көбі де Дулаттың «Еспембет» атты батыр
туралы дастанында қолданылған. Бұл атаулар жоғарыда
келтірілген ертедегі қару-жарақ аттары: кіреуке, жеңсіз берен, 
адырна, бадана көзді тоғыз тор сауыт, сапы, сары ырғай, садақ, 
толғаулы найза, алмас семсер, тұтамдап жанған оқ, білтелі 
мылтық, барабан.


Әкімшілікке қатысты лексика 

Махамбет, Шернияз, Алмажан шығармаларында әкімшілікке


байланысты сөздерден сол тұстың ел басқару жүйесі мен
әлеуметтік құрылысын білдіретін хан, ханзада, ханым, ханшы, 
төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қараша, қара қазақ, 
қара жұрт сөздері бар. Бұларда, әсіресе, Шерниязда, билеуші
топ пен тәуелді қалың бұқараны қарама-қарсы қойып ажырата
көрсету тенденциясы күшті.
Мысалы Махамбетте:
Ақ сүйектің баласын
Қара ұлына теңгердік т.т.
XIX ғасыр орта тұсынан бастап қазақ даласына ене
бастаған жаңа ел билеу системасына байланысты туған жаңа
атауларды Махамбет, Шернияз тілдерінен молынан кездестіреміз.
Олар майор (-майыр), аға сұлтан, болыс, старшын, елу басы, он 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет