79
көрсететін төмендегідей әдебиет нұсқалары бар еді:
1) Халықтың сан ғасырлық ауыз әдебиеті шығармалары.
Бұлардың басым бөлігі бұрынннан ауызша сақталып келе жатса,
осы кезеңде хатқа түсіп, баспа бетін көргендіктен, көп жағдайда
осы дәуірдегі тілдің ізі сақталып отырды. Бірқатары осы кезде
туды. («Бекет батыр», «Айман-Шолпан», т.б.)
2) Қазақтың тарихи көркем әдебиет дәстүрін әрі қарай
жалғастырған жеке ақындар шығармалары. Бұлар идеологиялық
жағынан әр түрлі болып келеді. Мәселен, Майлықожа,
молда
Мұса, Нұрым, Арыстан, Орынбай, Бала Ораз шығармаларында
заман қайшылықтары сыналып, халық мүддесі сөз болады. Ал
Дулат, Шортанбай, Мұрат, Нысанбай, Әбубәкір Кердері,
Досқожа, Базар шығармаларында капитализмнің қазақ жеріне
кіргізген
өзгерістерін сынға алып, халқының болашағына
алаңдаушылық мотивтері басым болып келеді. Сонымен қатар
Сүйінбай, Жамбыл, Шөже, Біржан, Ахан, Жаяу Мұса, Мұхит
сияқты халықтың демократиялық мүдделерін сөз еткен ақындар
шығармалары халық арасына кең тарады.
3) Ыбырай, Абайдан басталған жаңа демократиялық жазба
әдебиет өкілдері -
Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім,
Әріп, Көктай шығармалары болды.
4) Бұл кезеңде шығыс әдебиетінің озық үлгілерін
(«Шахнаме, «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-
Зарлық», «Бозжігіт» т.б.) жырлайтын, ислам дінін уағыздайтын
(«Сал-сал», «Зарқұм», «Жұм-жұма», «Қырық қадис») қисса
аталатын әдебиет күрт дамыды.
5) Қазақ тілінде тұңғыш мерзімді баспасөз «Түркістан
уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті» және облыстық
ведомостылар (ондағы қазақша материалдар) шығып тұрды.
6) Патша үкіметінің әкімшілік орындарының жергілікті
әкімдермен жазысқан ресми құжаттары мен хат-хабарлары
болды.
7) XIX ғасырдың екінші
жартысындағы орыс ғалымдары
тарапынан басылған ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ тілінің
грамматикаларындағы екі тілді сөздіктердегі материалдар.
8) Медицина, ветеринария, шаруашылық тақырыптарына
арналған көпшілік қолды кітапшалар мен христиан дінін
насихаттайтын әдебиеттер.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
80
Бұл нұсқаларды тілдік жағынан 3 топқа бөлуге болар еді.
а) Қазақтың жалпыхалықтық тілінде жазылған нұсқалар.
Бұған ауыз әдебиеті,
жеке ақындар шығармалары, хрестоматия,
сөздіктер, баспасөз бен азаматтық тақырыптағы кітапшалар тілі
жатады. Мұны ескі қазақ әдеби тілі деп атауға болады.
ә) Жалпыхалықтық тіл мен көркем әдебиет тілін одан әрі
дамытып, жаңа сапаға көтерген Ыбырай, Абай шығармаларының
тілі. Мұны жаңа қазақ әдеби тілі деп атауға болады.
б) Негізі жалпыхалықтық тіл болғанымен, онда түркі әдеби
тіл дәстүрі сақталған әр түрлі әдебиет тілі. Бұған діни қиссалар,
кейбір аударма әдебиет, ресми іс қағаздары тілі жатады. Бұларды
«кітаби тіл» үлгілері деп жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: