Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


бенден деп көмекшісі дайу



бет23/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

бенден деп көмекшісі дайу түрінде есімшенің ған жұрнағының
орнына мыш жұрнақтары түрі (бенім, есіміме түзілміш, жәбір 
көрмей, кіріфтар олынмыш), ІІІ жақ жіктік тұлға дүр
формантымен келеді: мағлұм олынадұр, оңайдүр, хан деп 
бюілмесдүр. Етістіктің ІІІ жақ көпше жіктік тұлғасында лар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



69
жалғауы келеді: хан ясадылар, айталар, кеттілер, т.т. У 


жұрнағының орнына ғу формасы келеді: дұсманлық, қылғушы, 
иүргуші; етістіктің тілек, қалау, өтініш мағынасы –ғай
тұлғасымен берілген: иібіргәй едіңіз (жіберіңіз), инансқой ерді 
(сеніселік), есімшенің тұғын, тын тұлғалы түрінің орнына
тұрған сөзі келеді: шабуыл қыла тұрған. Шылаулардың
қолданылуында біркелкілік жоқ, арабтың уа, һәм шылаулары жиі
қолданылған, осы күнгі мен шылауының орнына бірде, бірлән, 
бірде иле, бірде илән тұлғалары келеді: шейін шылауының
орнына ше (бұ уақытқа ше) қолданылады: парсының би, на 
префикстері жиірек кездеседі: бихисаб, бинаһият, нәмәқұл т.б.
XVIII-XIX ғ. эпистолярлық материалдарының тілін қазақтың
жалпыхалықтық тілінен қашықтатып әкеткен жағдайлардың бірі
– олардың орфографиясы: бұларда шағатайша-татарша жазу
нормасы бойынша сөз басындағы ж әріпінің орнына и әрпі (иоқ, 
иазған, иыл т.т.) жазылды. Жалғау-жұрнақтар қазақ тілінің
үндестік заңын сақтамай, тіркеліп жазылады бізлер, сүйіклү, 
иүзнің т.б. араб-парсы сөздері көбінесе өз тілдеріндегі тұлғасы
бойынша жазылады: ғарыз, һеш, хакім, фарзандлар т.б.
осылардың баршасы кеңсе-қатынас қағаздарының стилін ұзақ
уақыттар бойы дәстүрге айналдырып, оларды жазба тілдің өзгеше
сипатты түріне жатқызуға мәжбүр етті.
Бірнеше ғасырлар бойы түркі тілдеріне тән болып
қалыптасқан ресми-эпистолярлық стиль, сөз жоқ, әдеби, оның
ішінде жазба әдеби тілдің бұтағы. Бірақ бұл XVIII ғасырдан көп
бұрын-ақ қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен көркем
әдебиет тілінен айтарлықтай алшақтап кеткен әдеби тіл болды.
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірде қазақ қоғамында екі әдеби тіл
өмір сүрді: бірі – қазақтың жалпыхалықтық тілінің негізінде
пайда болған қазақтың ауызша әдеби тілі, екіншісі – жалғыз ғана
стильде жұмсалған көне (ескі) қазақ жазба әдеби тілі.

Бақылау сұрақтары:


1.ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын
нұсқаларды атаңыз.
2. ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктерді атаңыз.
3. ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



70
эпистолярлық нұсқалардың тіл ерекшеліктерін атаңыз.


Реферат тақырыбы:
1.ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері
2. Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат-тауарих» шежіресінің қазақ
әдеби тіліне қатысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет