Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 3. 1960-80 жылдардағы баспасөз тілі дамуындағы негізгі



бет70/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§ 3. 1960-80 жылдардағы баспасөз тілі дамуындағы негізгі 
факторлар 
Қазақ әдеби тілінің әлеуметтік қызметінің кеңейіп, оның
грамматикалық құрылысының жетіліп, сөздік құрамының
толығуында баспа әдебиеттің, әсіресе, мерзімді баспасөздің
атқарған қызметі айрықша. Бұған, ең алдымен ана тіліндегі
басылымдардың саны өсіп, көптеп таралуы себеп болса, екінші
жағынан, ұлт тілінде білім алып, ана тілін еркін меңгерген
мамандардың өз тіліне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы
нәтижесін берді.
Соңғы 1960-80 жылдар көлеміндегі мерзім – қазақ тілінің өз
мүмкіншілігі арқылы жаңа сөз, төл тілдік термин жасаудағы,
бейнелеп айтсақ, өрлеу дәуірі іспеттес. Дәл осы кезеңдерде
неологизм жасау, қазақ терминологиясын одан әрі жетілдіру
жолында сөз тудырудың төл амал-тәсілдерін қолдану нақты
бағдарға айнала бастады. Ал қазақ тілінің сөз жасау жолдары әр
алуан: тарих қойнауындағы көнерген сөздердің мағынасын
жаңғырту,
жергілікті
аймақтардағы
кәсіби
лексиканың,
жалпыхалықтық
қолданыстағы
сөздердің
мағыналарына
терминдік реңк телу, сөз қосарлау, сөз біріктіру, сөз тіркестіру
және сөз тудырушы қосымшалардың қызметін пайдалану. Нақ
осы тәсілдердің игерілуі арқылы сол жылдары жүздеген жаңа
қолданыстар жасалды.
Бұл үдерісте әсіресе күнделікті баспасөздің қызметі
айрықша үлкен болды.
Жалпы, тілдік неологизмдердің негізгі жасалу және
қолданылу аясы – күнделікті баспасөз тілі. Баспасөздің қалың
қауым арасынан кең таралған, бұқаралық, ақпараттық қызметі
жағынан аса қуатты құрал екендігі мәлім. Сондықтан да оның
әдеби тілдің өзге стильдік тармақтарына, ауызша әдеби тілдің
нормасына ықпал-әсері едәуір. Радио мен теледидардан сөйлеген
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



182
сөздерден, жиналыс-мәжілістерде жасалған баяндамаларда,


сондай-ақ ғылыми әдебиет үлгілерінен де газет-журнал тіліне тән
сөздер мен тіркестер, құрылымдар ұшырасып отырады.
Қазіргі қазақ әдеби тілі лексикалық құрамының даму
бағытында айрықша аңғарылып отырған сипаттардың бірі –
сөздік құрамды байытуды, ең алдымен тілдің өз потенциялдық
мүмкіндігін барынша, жан-жақты пайдалану. Басқаша айтқанда,
қазақ әдеби тілі дамуы мен қалыптасуының белгілі бір
кезеңдерінде орыс тілінен түпнұсқа қалпын бұзбай сөз қабылдау
басты тенденция болса, тіл эволюциясының 60-80 жылдардағы
күйінде, негізінен, жаңа ұғым, түсінік, зат, құрал-жабдық
атауларын қазақ тілінің өз ресурстары (сөз семантикасын
жаңғырту, сөз тудырушы формалар арқылы жаңа сөз жасау,
сөздерді біріктіру және тіркестіру) арқылы беру және орнықтыру
бағдары басым болды.
Бұл үдеріс, ең алдымен, публицистикалық стильде айқын
көрінді, осы салада әсіресе, қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық
терминдер мен терминдік сөз тіркестерінің мағыналық
дефинициясы айқын қазақша баламаларын табу, қалыптастыру
бірізді сипатқа түсе бастады.
Қазақ тілінің сөздік қорын байытатын тың сөз жасау
тәжірибесі де осы кезде кеңейді. Мысалы, аудармашы
І.Жарылғапов енгізген аялдамада (остановка), балмұздақ 
(мороженое), көрермен (зритель), жағажай (пляж), басылым 
(издание) тәрізді бірқатар сөз тіл қазынасына мерзімді баспасөз
арқылы қосылды. Сол секілді журналист Ә. Сатыбалдиев енгізген
жемшөп (корм), қондырғы (установка), тілші ғалым С. Нұрханов
есімхана (персонолия), сөзтізбе (словник), қабылхана (приемная) 
сияқты сөздер де жаңа сөз тудыру заңдылықтарымен үйлесім
тапты. Соңғы жылдары әдеби тілімізден берік орын алып, белгілі
қажеттілікті өтеп жүрген тілдік құбылыстардың көбі-ақ әуел
баста мерзімді баспасөз тілінде қолданыла бастап, кейін
қолданылуы тұрақталып, нормаланып барып, әдеби тілге еніп
отырды. Мысалы: айлық, сенбілік, басылым, үйірме, төреші,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет