158
қаулы-қарарларының әсеріне ұшырады. Биология ғылымындағы
вейсманизм-морганизм (1948-1949), ғылым мен өнердегі
космополитизм
(1949-1950),
мәдениет
пен
әдебиеттегі
ұлтшылдық (1951-1952) сияқты
науқандар бірінен соң бірі
үзіліссіз жүріп жатты. Орталық Комитеттің 1946 жылғы “Звезда”
және “Ленинград” журналдары туралы, “Үлкен өмір”
кинофильмі, Мураделидің “Ұлы достық” операсы туралы
қаулылары әдебиет пен өнердің дамуына зор зиянын тигізді. Бұл
қаулылардың Қазақстандағы жаңғырығы күшті болды. Бұның
басы – 1947 жылы қабылданған Қазақстан Орталық Комитетінің
“Қазақ ССР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институтының
жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысы еді.
Аталған қаулылардың қазақ тілін, қала берді, әдебиеттану, қазақ
тіл білімін дамытуға тигізген зиянды әсері күшті болды. Тіл
білімі оның үстіне “И.В.Сталиннің жаңа оқуы” деген науқанға
килікті. Тіл білімінде орын алған марpизмге қарсы күрес
желеуімен тілші ғалымдар бұрынғы кейбір зерттеу еңбектерінен
бас тартуға, тіпті кейбірін маңсұқ етуге мәжбүр болды.
Сталиннің
“Марксизм және тіл білімі мәселелері” атты кітапшасы тіл
біліміндегі жаңа, соңғы сөз ретінде жарияланып, енді сондағы
қорытындылар ғана басшылыққа алынуға тиіс болды.
Соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру,
ірі өндіріс орындарын салумен байланысты республикаға жер-
жерден жұмыс күші көптеп келе бастады. Жұмысшылардың
қатарына
мыңдаған кенші, құрылысшы, монтажшы, машина
жасаушы, тоқымашы т.б. өнеркәсіп қызметкерлері келіп
қосылды. Міне, осы жоғарыда айтылған жағдайлар, қоғамда
болып жатқан өзгерістер тілдің
сөздік құрамына өз әсерін
тигізбей қоймады.
Соғыс жылдары немесе одан кейінгі он-он бес жылдар
көлемінде әдеби тілдің қызмет өрісінің кеңеюі, оның
мәдениетінің өсуі, грамматикалық құрылысының жетіліп, емле
ережелерінің орнығуы туралы сөз болуы мүмкін емес еді.
Керісінше, бұл жылдары, жоғарыда көрсетілгендей, экономика
мен демографияда болған өзгерістер нәтижесінде әдеби тіліміздің
қолданылу
аясы тарылып, лексикамыздың өндіріс және соғыс
тақырыбына байланысты жаңа сөздермен, жаңа ұғымдармен,
терминдермен толығуы туралы сөз етуге болады. Мәселен, әр
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
159
түрлі өнеркәсіп орындарының көшіп келуіне байланысты
мамандық иелерінің аттары, түрлі ғылыми-техникалық атаулар
(көбі орыс тілінен сол қалпында алынды), жұмысшы,
еңбекші
және колхозшылардың патриоттық қозғалыстарына байланысты
жаңа атаулар, тың сөз тіркестері, жаңа ұрандар т.б. пайда болды:
Достарыңызбен бөлісу: