§ 10. Ғылыми-көпшілік әдебиет тілі жайында
"Ғылым тілі" дегенді зерттеушілер жалпы әдеби тілдің
атқаратын әлеуметтік-қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы деп
түсінеді.
Ғылыми әдебиет тіліне байланысты жазылған мақала, зерт-
теулердегі пікірлерге қарасақ, ғылыми стильдің ерекшеліктеріне
көбіне мыналар жатқызылады:
1. Ғылым, әдетте, зерттеу обьектілерінің, табиғаттың, қоғам
32
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. –Б.87.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
126
дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау,
топтастыру, салғастыру материалдарына негізделген қорытын-
дылар жасауды керек қылады. Олар ғылым түрінің ерек-
шеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (мысалы, химия, физика,
математика) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық
ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулық, оқу құралдары
көпшілікке арналады. Сонымен қатар олардың тілінде елеулі
айырмашылық болады.
2. Ғылыми әдебиеттер қағидалары, тұжырымдары әдетте
зерттеу жұмыстарында тәжірибеде бар обьективті шындықты
уағыздайды. Сондықтан оның тілі жинақы, стилі "қатаң", сөздері,
сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары дәлме-дәл, тап-тұйнақтай
болуға тиіс. Ғылыми прозаның тірегі - логикалық обьективті байлам,
бірізділік және дәлділік.
Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет, пуб-
лицистика, ғылыми стиль, ресми стиль) бәріне бірдей қажетті
сапа. Дегенмен сөз дәлдігі барлық стильдердің ішінде, ең
алдымен, ғылыми стиль мен іс-қағаздар стиліне тән.
Тілші ғалымдарымыздың көбі ғылым тілінің дүниеге келуін
жазба әдеби тілдің қалыптасуымен байланыстырады. Өйткені
жазу-сызуы болмаған не кенжелеп қалған тілде ғылым тілінің
дүниеге келуі мүмкін еместігі – ақиқат..(Сауранбаев Н., Балақаев
М., Кеңесбаев І., т.б.)
Қазақша ғылым тілін қалыптастыруда ХІХ ғасырдың екінші
жартысында шығып тұрған мерзімді баспасөздің де орны ерек-
ше. "Түркістан уәләяты газетінің" (1870-1882), "Дала уалаяты
газетінің" (1888-1902) беттерінде медицина, ветеринария, ша-
руашылық мәселелеріне арналған шағын мақалалар кездеседі.
ХХ ғасырдың басында қазақша ғылым тілін жасау осы
жоғарыда келтірген дәстүрді жалғастырады. Ғылыми жетістіктер-
ді түсіндіруде ана тіліміздің ішкі мүмкіншілігі барынша пайда-
ланылып, тілде жоқ ұғымдар көбінде суреттеме жолымен бе-
ріледі. Мәселен, ХХ ғасыр басында шығып тұрған "Айқап"
журналында трамвай, микроскоп деген ұғымдар былайша
түсіндіріледі:
19-ыншы ғасырда електірік (електірічестуо) деген жат
бір нәрсе білінді. Бұл елетірік күшімен қандай алыс жерден
сөйлесуге болады. Сағатына 9-10 шақырым жер жүретін от
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
127
Достарыңызбен бөлісу: |