20
береміз. Әдеби тіл арқылы өз көзімізбен көрмеген оқиға туралы
мағлұмат аламыз. Мысалы, әр түрлі ауыз әдебиетінің
нұсқаларын, кейінгі кезде нақтылы тарихи деректерді зерттеу
негізінде жазылған тарихи еңбектерді, көркем туындыларды оқу
арқылы халқымыздың өткен ғасырлардағы бастан кешірген
тарихи өмірін, экономикалық жағдайларын біліп,
оларды көз
алдымызға елестете аламыз. Былайша айтқанда, пікір алысу, ой
жеткізу, адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алысуы, ой
ұғысуы, яғни адамдар арасындағы
коммуникативтік қатынас
жалғыз әдеби тіл арқылы ғана, соның шеңберінде ғана жүзеге
асып қоймайды. Адамдар арасындағы қатынас құралының
бірден-бір көрінісі әдеби тіл ғана емес, жалпы тіл атаулы ол
қызметті атқара алады. Тіпті тілден басқа да құбылыстар адамдар
арасындағы қатынас қызметін, коммуникативтік қызметті атқара
алады. Мысалы,
Морзе азбукасы, әр түрлі шартты белгілер мен
таңбалар, математикалық таңба белгілер, көше қозғалысына
байланысты таңбалар т.б. белгілі бір ұғымды, атауды, құбылысты
білдіру үшін жұмсалады. Алайда бұған қарап, тілмен әр түрлі
белгілердің коммуникативтік қызметі бір екен деп түсінуге
болмайды. Бұлардың басты
айырмашылығы олардың құрылым,
құрамында болып табылады. Таңбалар жеке ұғымдардың (тілдік
жағынан қарағанда жеке сөздердің, тіркес оралымдардың)
шартты белгілері ғана. Таңбалар арасында грамматикалық
байланыс болмайды. Мысалы «sos» деген белгіні апатқа
ұшырадық, «қатерге тап болдық», «қатерден құтқарыңдар»,
«көмекке шақырамыз» т.б. тілдік тұлғалар арқылы бейнелеуге
болады. Бұл белгінің негізгі қызметі
қайткенде де қатерге
ұшырағанды жеткізу. Сондықтан мұнда тілдік жүйелі құрылым
сақталмайды.
Ойды білдірудің ең кіші тілдік бірлігі сөйлем болса, ол
белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы
грамматикалық байланысқа түскен сөздерден тұрады. Онда
(сөйлемде) жүйелі құрылым болады. Міне, осындай қасиеттерінің
арқасында тілдің коммуникативтік қызметінен өзгешеленеді.
Ойдың жүйелі,
нақтылы болуы, оқушыға я тыңдаушыға
дұрыс жетуі сөйлеу құрамында қолданылған сөздердің лексика-
семантикалық байланысу ерекшеліктерімен тығыз байланысты
екені мәлім. Бұл – әдеби тіл нормалылығының бір талабы.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
21
Сонымен бірге сөйлем білдіретін ой жүйелілігі, түсініктілігі,
нақтылығы сөйлем ішіндегі сөздердің дұрыс орын тәртібіне де
байланысты.
Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарумен ғана шектеліп
қоймайды. Әдеби тіл арқылы бір
оқиғаны оқушыға жеткізіп
қана қоймай, оқушының сезіміне әсер етуге де болады, ол әдеби
тілдің екінші экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып
саналады. Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетикалық қызметі
көркем шығарма тілінен анық байқалып, образды ой білдірумен
астасып жатады. Көркем шығармадағы әдеби тілдің эстетикалық
қызметі оның коммуникативтік қызметіне негізделеді де, олар
тұтасып келіп бірлікте көрінеді.
Жазушының тіл шеберлігі,
суреттеп
отырған
құбылысты
өзінің
шығармашылық
лабораториясынан өткізудің көркемдік өрісі осы тұста
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: