Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
 
§5. Түркі әдеби тілі дәстүрін сақтаған әдебиет 
XIX 
ғасырдың екінші жартысында баспа бетін көрген 
көркем әдебиет үлгілері, негізінен, қисса аталған өлең-жырлар 
мен Дулат, Шортанбай тәрізді бірер ақын туындылары еді. Ал 
XX ғасыр басында қиссалармен қатар жекелеген ақын, 
28
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2001. –296 б.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


101 
жазушылар шығармалары баспадан өз алдына кітап болып 
көптеп шыға бастады. XIX ғасырдағы ақын-жазушылардың өз 
жанынан шығарма жазғандары жоққа тән, олар араб және 
парсының, қазақтың ертедегі ауыз әдебиеті нұсқаларын аударып, 
қайта жырлап «қисса» деген атпен кітап етіп бастыратын еді. XX 
ғасыр басында қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар туды, бірді-екілі 
прозалық шығармалар (роман, повесть), драмалық шығармалар 
көріне бастады. Бірақ олардың шығармаларында тақырыптық
ұқсастық орын алды. 
XX 
ғасырдың басында қазақ тілінде 200-дей кітап 
басылды, соның 70 шамалысы – қазақ ақын-жазушыларының 
дастан, поэма, роман түріндегі күнделікті өмір тақырыбына 
жазылған шығармалары. Қ.Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» деген 
еңбегінде «Қазан төңкерісінің алдында шыққан кітаптарды 
медресе бітірген қазақ мұғалімдері мен шәкірттері жазды, бір 
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан басқа орыс 
школдарынан шыққан азаматтардың қазақ тілінде жазған әдеби 
кітаптары болмады, әдебиет сынымен тексерген, төңкеріс 
алдында сын көтерерлік 20 шақты-ақ кітап болды» деген дерек 
келтіреді. Бұлардың ішінен тақырыбы, мазмұны, көлемі 
жағынан айтуға тұрарлықтай мыналар: 
1) «Насихат қазақия» (Өлеңдер жинағы, авт. Құрымбайұлы, 
Қазан, 1900, 20 б.). 
2) «Әдебиет қазақия» (Өлеңдер жинағы, авт. Әбубәкір 
(Кердері), Қазан, 1902, 43 б.). 
3) «Гүлқашима» (поэма, авт. М.Сералин, Орынбор , 1903, 
97 б.). 
4) «Манзумат қазақия» (өлеңдер жинағы, авт. Н.Наушабаев, 
Қазақ, 1903, 72 б.) 
5) «Жас өмірім яки жастықтағы ғафлет (өкініш)» (роман, 
авт. А.Жандыбаев, Қазан, 1907, 15 б.). 
6) «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (өлең, әңгіме, авт. 
М.Көпеев, Қазан, 1907). 
7) «Жақсы 
үгіт» 
(Өлеңдер 
жинағы, 
авт. 
Мақаш 
Бекмұхаметов, Қазан, 1908, 24 б.). 
8) «Насихат қазақия» (Мақалалар мен өлеңдер, авт. 
Зейнулғабиден қажы Әміреұлы, Әл-Жауһари, Уфа, 1909, 32 б.). 
9) «Қазақтың айнасы» (Өлеңдер, авт, Мақыш Қалтаев, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


102 
1910, Қазан). 
10) «Назым» (Өлеңдер, авт. Асылбек бин Сабал, Қазан, 
1911, 22 б.). 
11) «Ызың» (Өлеңдер, қүраст. Елеусін Бұйрин, Орал, 1912, 
27 б.). 
12) «Қалың мал» (Роман, авт. Спандияр Көбеев, Қазан, 
1914, 83 б.). 
13) «Жинаған терген» (Өлеңдер, авт Бекет Өтетілеуов, 
Орынбор, 1914,60 б.). 
14) «Надандық белгісі» (Драма, авт. Көлбай Тоғысов, Уфа, 
1915, 40 б.) т.б. 
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақындарының барлығы 
дерлік өз шығармаларында қазақ қоғамындағы мәдени 
мешеулікті сынауға бар ақындық таланттарын жұмсады, 
қоғамдық өмірдегі надандыққа байланысты ескі әдет-ғұрыптарды 
да аяусыз мінеді. 
Өмір құбылыстарын тануда кейбір қайшылықты пікірлері 
болғанымен, ақындар төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының 
аянышты халін көріп, қайткенде оған азды-көпті пайдамды 
тигіземін деп тырысты. 
XX ғасыр басында азды-көпті өлең жазып, оларды кітап етіп 
бастырып, халық арасында атағы шыққан ақын-жазушылардан 
Ақмолда, Әбубәкір, Нұржан, Мәшһүр Жүсіп, Шәді, Мақыш т.б. 
мұсылманша оқыған, діни тәлім-тәрбие алғандар еді. Бұлардың 
кейбірі Бұхара, Троицкіде мектеп, медресе бітіргендер еді. 
Олардың әдеби мектебі, оқып үлгі алған әдебиеті араб, 
парсы, татар, әзірбайжан, Орта Азия халықтарының ескі әдебиеті, 
шығыстық әдеби дәстүр болатын. Сондықтан олар өз 
шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде кездесетін араб
парсы сөздерін және діни лексиканы көбірек қолданды. 
Мысалы, үлкенді-кішілі 8 кітап бастырып шығарған Мақыш 
Қалтаевтың «Насихат қазақия» жинағына кірген бір өлеңінде 
мынадай жолдар кездеседі: 
Отан үшін аяп, мал қызғанба 
Пайдагерлік лайықдыр әрбір жанға 
Ата, ана, қардаш, кібік, мілләт сүйсін 
Болмаса адам болып кірме санға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


103 
Таракки деген сөзді масқара етпе 
Міллатқа қызмет ет, қырын кетпе... 
Болмаса Н.Наушабаев өлеңдерінің көпшілігі ислам дінінің 
мән-жайы, парыз-қарызы, заң-шариғаты, жақсылық-жамандық 
жайында болып келеді. Мұсылманшылық парызын түсіндіре 
келіп: 
Ықыласпен хақ жолына болғыл іңкәр, 
Жеткізер патша ием пәруардігер» - деп кеңес береді. 
XX ғасыр басында қазақ тілінде шыққан кітаптардың 
көпшілігінің тіліне араб, парсы, шағатай, татар, өзбек сөздері жиі 
араласқан. Қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың тілі 
олардың авторлары татар, башқұрт немесе мұсылманша оқыған 
молда болғандықтан ғана шұбарланып кеткен жоқ. Көп жағдайда 
кітап теруші, басушылар татар, башқұрт болғандықтан олар 
қазақша жазылған кітапты да татаршалап, түркішелеп басып 
шығарып жүрді. 
Мұндай ортаазиялық түркі әдеби тілінің әсері Қазан 
төңкерісі алдында жарияланған қиссалар мен прозалық 
шығармаларда да орын алды. Бұл әсер, әсіресе, көркем 
әдебиеттерден гөрі газет-журналдардың, оқулық т.б. зерттеу 
еңбектердің тілінде көбірек байқалады. Өйткені ол тұстағы қара 
тани білген қазақтардың қай-қайсысы болсын сауатын татар 
молдаларынан ашты. 
Бұл жерде ескерте кететін жағдай: ескі мұраларда кездесетін 
тілдік ерекшеліктер екі түрлі. Бірі - таза тілдік, екіншісі - 
орфограммалық ерекшеліктер. Бұл арада ортаазиялық түркі әдеби 
тілі дәстүрінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басында үзілмей 
сақталғанын да есте ұстау қажет. 
Аталған ақын-жазушылар шығармаларында орын алған 
түркі әдеби тілінің орфографиялық дәстүрі, негізінен, 
төмендегідей болып келеді. 
1. Шет елдерден, әсіресе, араб, парсы тілдерінен енген 
сөздер сол тілдердегі негізгі тұлғаларын сақтап қолданылған. 
Мысалы, дост, раст, ғумыр (өмір), ғадет (әдет), уағда (уәде), 
тағылым (тәлім), шағыр (шайыр), хисаб (есеп), хызмет 
(қызмет), фиғыл (пейіл), фікір (пікір) т.т. 
2. Жүйелі түрде болмаса да, кейбір шығармалар тілінде ж 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


104 
әрпі жазылатын орындарда и таңбасы, с әрпі орнына ш таңбасы 
жазылып кететін сөздер кездеседі. Мысалы, йахшы 
(жақсы), йаздым (жаздым), мышал (мысал), йолдаш 
(жолдас) т.б. 
3. Түбір мен қосымшаның жігінде үндестік заңының 
сақталмауы яғни түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса да, оған 
ұяңнан не үндіден басталатын қосымша қосу тәжірибесі орын
алған. Мысалы, баслық (бастық), насихатлық (насихаттық), 
қысда (қыста), перзентлер (перзенттер). Бұл сол тұстағы 
қиссаларға да тән. 
Ол 
тұста 
баспадан 
шыққан 
ақын-жазушылар 
шығармаларында морфологиялық тұлғалар, негізінен, бүгінгі 
әдеби тіліміздегідей. Дегенмен ара-тұра түркі жазба әдеби тілі 
нормасының элементтері де кездесіп қалады. 
Мәселен, 
есімшенің 
-ар/-ер/-р 
жұрнағы 
кейбір 
шығармаларда -ұр, -ыр формасында ұшырайды. 
Бейқам боп жата берсең, қор болұрсың 
Жау жоқ деп ойламаңыз жар астында... (Ақмолда) 
Ана залымларның жауызлығы тисе екі дүниеде обалына біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет