100
әуелі әріде – ауыз әдебиеті үлгілерінде, беріде – алғашқы жазба
ақындар шығармашылығы да көрінді.
Кеңестік саясат үстемдік етіп тұрған кезеңде қазақ әдебиеті
тарихын зерттеушілер революцияға дейінгі ақын-жазушылар сөз
болғанда, оларды «таптық көзқараспен» деп екіге бөліп тастау
үрдісі орын алғаны белгілі. Оларды реакцияшыл (керітартпа)
дегенде айтар уәжіміз – «олар
өз шығармаларында бұрынғы
хандық дәуірді аңсады, жаңа прогресті түсінбеді, дінді
уағыздады» деген сияқты айыптаулар болып келді. Ол ақындар
сол тұстағы орыс әкімшілігінің озбырлығын, қазақтың өз ішінен
шыққан болыс-билердің сатқындығын көрмей,
сынамай тұра
алмады, олардан түңілгені де болды, халықтың сенімі – дінді аяқ
асты етуге төзе алмады. Бірақ дінбұзар молдасымақтарды,
надандықты сынап, оқу білімге, өнер үйренуге шақырғаны да рас.
Олардың мұрасы тілдік жағынан сөз болғанда да осы бөлуден әрі
аса алмай, «реакцияшыл» ақындардың шығармаларында
ортаазиялық түркі әдеби тілі әсері молынан кездеседі, сондықтан
оларды «кітапшыл» ақындар деп бөлек қарау орын алғаны
жасырын емес. Бұл арада олардың шығармаларының тілдік
ерекшелігін бөле-жара сөз етіуіміз де сол жағдаймен байланысты,
әйтпесе, ол ақын-жазушылар да
өз шығармаларында туған
халқының басындағы ауыр халге жаны ауырып, оның
болашағына алаңдаушылық танытып, қайтсек соны дұрыс жолға
саламыз деп, дұрыс жол іздеу мәселесін көтерді. Сондықтан біз
де XX ғасыр басындағы көркем әдебиетті «Түркі әдеби тілі
дәстүрін сақтаған» және «Ыбырый, Абай дәстүрін дамытқан»
әдебиет деп екіге бөліп қарастырдық
28
.
Достарыңызбен бөлісу: