Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


Ү. XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

Ү. XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
 
§1. XX ғасырдың бас кезіндегі (1900-1920) қазақтың жазба 
әдеби тілі 
 
XX ғасыр – шырғалаңы көп ірілі-уақты оқиғаларға толы 
ғасыр болды. Бұл ғасырда екі үлкен дүниежүзілік соғыс, бірнеше 
төңкеріс өтті. Әсіресе дүниені дүр сілкіндірген Ресейдегі Қазан 
төңкерісі қоғамның бейбіт дамуын асты-үстіне шығарған үлкен 
өзгерістер әкеліп, оның зиянды зардаптарын талай халық, талай 
ұлт бастарынан кешірді. 
Оның басты себебі бұл ғасырдың өзі кеңес өкіметі 
құрылғанға дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі ұлттық деген 
көзқарастың, тіл саясатының өзгеріп тұруымен байланысты еді. 
Әдеби тіл дамуының өткен тарихын сөз еткенде ғасырлар, 50-60 
жыл өлшемдері негізге алынса, XX ғасырдағы әдеби тіл тарихы 
ондаған жылдар өлшемімен баяндалуға тиісті болып келеді. 
Өйткені кеңестік дәуірде тіл саясаты қоғам дамуының әрбір 
қалтарысында жаңа көзқарасқа негізделіп өзгеріп отырады. 
Сондықтан XX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихы 1968 жылғы 
оқулықта «XX ғасырдың басындағы», «20-30 жылдардағы» және 
«1940 жылдардан кейінгі әдеби тіл» деп 3-ке бөлініп 
қарастырылған болатын 
23

Біздіңше, жоғарыдағы бұл жүйелеуге сәл өзгеріс енгізіп
аталған ғасырдағы әдеби тіл тарихын ғасыр басындағы (1900-
1920), 20-30-жылдардағы, 40-50-жылдардағы, 60-80-жылдардағы, 
90-жылдардан кейінгі деп 5-ке бөліп қарау дұрыс сияқты 
көрінеді. 
Өйткені 
бұл 
бөліктердің 
әрқайсысындағы 
экстралингвистикалық жағдай, тіл саясаты, тілдің даму қарқыны 
бірдей емес. Мәселен, XX ғасырдың 20-30 жылдары болса, қазақ 
әдеби тілі дамуындағы «алтын ғасыр» (кезең) деп саналса, 40-
50-жылдар, керісінше, әдеби тіл дамуына кері әсерін тигізген 
кедергілер мен қыспақтардың орын алған жылдары болды, өзге 
кезеңдер де сол сияқты. 
Әрине, бұл бөлімде бүкіл бір ғасырдағы қазақ әдеби тілінің 
23
Балақаев М.,Сыздықова Р.,Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы.
Алматы, 1968.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


92 
өсу, даму, оның стильдерінің жетілу тарихына қатысты барлық 
мәселелерді қамти алдық дей алмаймыз. Бұл – күрделі де қиын 
мәселе. Өйткені әдеби тіл тарихының кеңестік дәуірі оның 
бұрынғы ғасырлардағы тарихы сияқты жеке монографиялық 
дәрежеде зерттелген емес. Сондықтан бұл еңбекте мұндай 
күрделі тақырыптың кейбір мәселелері, атап айтқанда, сөз болып 
отырған кезеңдердегі әдеби тілге қатысты тілден тыс, бірақ 
соның дамуына әсер еткен экономикалық, саяси жағдаят та, әдеби 
тіл стильдерінің саралануы, оның қоғамдық қызметінің кеңею-
тарылуы, әліппе, емле, грамматикалық құрылысының жетілуі 
тәрізді мәселелер талданып, оқу құралы көлемінде сипатталды. 
XX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің дамуы да әр түрлі 
қалтарыс-бұлтарыстарға тап болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет