35
ХҮ ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында
жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деуге тағы
болмайды. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі
тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени
қажетін өтеуде кәдеге
жарап отырды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық
тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ
тіл болатын. Осы аталған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән
жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері
жағынан да қазақ тіліне жақыны – Қадырғали Жалайыридің
«Жамиғат тауариғы» /ХҮІ ғ./ мен Әбілғазы бахадүрдің «Түрік
шежіресі» /ХҮІІ ғ./. Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандары
мен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас
қағаздары мен хаттарында /ХҮІІІ ғ./ қазақ тілінің элементтерін
қолдану тұрақты сипат ала бастады.
Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген
зерттеулерде кітаби тіл, ал кейбір зерттеулерде көне қазақ әдеби
тілі
деп аталады
17
. Аталған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын
бірте-бірте қазақыланып, ХІХ ғасырдың аяғына таман
жалпыхалықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті.
Халықтық
негіздегі
жаңа
жазба
әдеби
тіліміздің
публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы
кезде /ХІХ ғасырдың екінші жартысы/ көне жазба тілдің лексика-
грамматикалық тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын
едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір
ақындар да өз шығармаларында жалпыхалықтық лексикалық
қорды пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты.
Бірақ бұл үдеріс ұзаққа созылмады, Қазан төңкерісінен кейін
жалпыхалықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін
бірте-бірте мүлдем ығыстырды деуге болады.
1930-50 жылдарда қазақ әдебиетінің тарихы ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан басталды деген көзқарас болды. Ал
одан
кейінгі жылдары әдебиет тарихын ХҮІІІ ғасырдың екінші
жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым
болды. Ал 1960-80 жылдарда ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында
өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары
17
Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби
тілі. Алматы, 1982. –Б.116.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
36
жинақталып, жарияланып, жүйелі зерттеу нысанына айналғаннан
кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардың
жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып
жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс
тұжырым қалыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер
тарапынан да ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулар шығармаларының
тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері
ретінде тану бағыты
үстемдік алды.
Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы ХҮ ғасырдан
басталады дейміз. Ол кезде қазақ ру-тайпаларының халық болып
біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының
құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы
жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі
қайнар кездері – жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі
болады. Әдеби тілдің жалпы халық тілі негізінде дамуында
поэзия тіл үлгілерінің орны ерекше болды. Сол кездегі көркем
поэзияның көрнекті өкілдері – жыраулар мен ақындар халық
тіліндегі тілдік жүйелерді сөз асылдарын шығармаларына таңдап,
талғап енгізу арқылы ауызша әдеби тіл нормаларын
қалыптастыра түсті, оны өндеп, қырнады. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.
ауызша
әдеби тілдің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың-
публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет еткендігі
байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі қоғамдық мәні бар
мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз-
толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен
фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп,
әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады.
Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз
шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар яғни
олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде
игеруі,
оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін
әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар таяныш, тірек
болады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт
кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
І. Қазақ әдеби тілінің бірінші кезеңі ХҮ ғасыр мен ХҮІІ
ғасырдың арасын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез
(Шалгиіз), Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулардың толғаулары, ел
арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
37
сөзі осы кезендегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз
дәуіріне тән лексика-грамматикалық
ерекшеліктерді біршама
сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі
«сындыру арқа», «сырт
Достарыңызбен бөлісу: