38
дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие
бола бастайды, олардың тақырыбы – қуаныш, реніш, мұң-
мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері
болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның
тақырып
өрісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында
жұмсау өріс алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс
тілдерінен алынды.
Бұхар өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл дәстүріне жинақтаушы
болса, жыраулықтан ақындыққа бет бұрған Махамбет, Дулат
тәрізді аса көрнекті ақындардың шығармалары ұлттық жазба
әдеби тіліміздің жалпыхалықтық тіл негізінде өркен жаюына
құнарлы топырақ болды.
3. ХІХ ғасырдың екінші
жартысы қазақ әдеби тілінің
дамуындағы аса бір бетбұрыс кезең болды. Бұл дәуірде қазақтың
жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты.
Әдеби тілдің нормалану үдерісін танытатын үлгі нұсқалардың
түрлері көбейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны
жағынан азаматтық, діни, функция жағынан көркем әдебиет және
оқу-білімге, іс қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті.
Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі
үшін күрес кезеңі болды. Яғни ұлттық әдеби тіліміз көне жазба
әдеби тіл негізінде ме, әлде жалпы алықтық ауызша әдеби тіл
негізінде дамуы қажет пе? деген мәселе күн тәртібіне қойылды.
Міне, осы кезенде қазақ халқының ұлы ағартушы демократтары
Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаев жалпыхалықтық тіл
негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен
ауызша әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп,
қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің
тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында
молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап,
әдеби тілдің жаңа сапада дамуына жол салды. Ыбырай
Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет еткен төл
әдеби тілдің
нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының,
ғылыми стильдің, ал Абай өз қарасөздері мен поэзиясында
публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды.
Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес
қосты.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
39
4. Қазақ әдеби тілі қазан төңкерісінен кейінгі кезенде ерекше
қарқынмен дамыды. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени,
рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем
сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де
әдеби тіл нормасының тұрақталуы, қызметінің жан-жақты
күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне
сәйкес шаршы топ алдында жиналыста,
радио мен теледидар
алдында, сахнадан т.б. сөйленетін ауызша түрінің де қызметі
кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификацилау
арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикалары
жазылып,
емле
ережелері
белгіленді,
орфографиялық,
орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп,
әдеби тіл нормаларының тұрақталуына саналы түрде араласу
жан-жақты сипат алды. Бұл соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму
қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге
бөліп қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: