41
(шал-чал),
д орнына
т (тау-даг) келуін жатқызуға болады.
2.
Қазақ
әдеби
тілін
қалыптастырудың
алғашқы
лабораториясы қазақтың бай, көркемдігі мен бейнелігі жағынан
дүние жүзінің ешбір жазба әдебиетінен кем түспейтін ауыз
әдебиеті болды. Қазақтың ауыз әдебиеті (фольклор) өз тарихын
өте әріден бастайды. Түркі, монғол тайпаларының ертегі мен
эпосының түп тегі сақ, хун, үйсін, қыпшақ, көк түріктер
заманында басталып, Х-ХVІІІ ғасырларға дейін үздіксіз дамуда
болған. Қазақ тілі тарихы үшін бір кезде Дешті қыпшақ
ұлысынан кірген тайпаларға - бүгінгі қазақ, қарақалпақ, ноғай
халықтарына ортақ ХІV-ХVІ ғасырлардағы тарихи оқиғаларға
байланысты туған жырлар мен аңыз-әңгімелер тілінің орны
айрықша. Соңғы кездегі әдебиет зерттеушілері «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Қамбар» жырлары түркі халықтарының тайпа-
ұлыстық дәуірінде өмірге келген деп көрсетеді.
Зерттеуші Ә.Қоңыратбаевтың жазуына қарағанда, қазақта
300-дей эпостық жыр бар. Бұған батырлар жырынан басқа «Қозы
Көрпеш Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты
лиро-эпостар да кірген болуы керек. Қазақ әдебиетінде эпос өте
қомақты жанр. Оның тілі - әдеби сипат алған, белгілі бір сөз
жұмсау нормаларын қалыптастырған, көркемдік-эстетикалық
қуаты күшті тіл.
Ауыз әдебиеті дегенге шартты түрде авторы бимәлім халық
туындыларымен қатар аты белгілі ақын-жыраулар шығармаларын
да жатқызуға болады. Өйткені екеуі де ауыздан-ауызға, ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша тараған. Екіншіден, бірі екіншісінің заңды
жалғасы, сусындар бұлағы. О баста фольклорлық туындыларды
да белгілі адамдар шығарған, жүре келе авторы ұмытылып, халық
игілігіне айналған. Ауызша таралғандықтан өңделіп, өзгеріп,
бізге бірнеше вариантта жеткен.
Ауыз әдебиетінің көркемдік-эстетикалық дәстүрі ауызша
әдеби тілден көркемдік-тілдік жағынан жалғасын тапқан.
Мәселен, ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдің
бірі – стереотиптік формулаларды (тұрақталған тіркестерді) еркін
қолдану. Ол тіркестер жырдан жырға көшіп отырады. Мысалы
,
Достарыңызбен бөлісу: