Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет14/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   167
Әскери-дәрігерлік  сараптама  жүйке-психикалы қ  ауруларға  ш алдыққан 
науқастар  үшін жалпы  әскери-дәрігерлік  экспертизаның  бөлігі  болып  табы­
лады  ж әне  де  емдік-профилактикалық  іс-шараларының  барлық жүйесімен 
тығыз  байланысты.  Бейбіт  заманда  жүйке-психикалық  ауруларына  әскери- 
дәрігерлік сараптама жүргізудің негізгі міндеті — әртүрлі психикалық немесе 
жүйке  аурулары  бар  адамдарды  анықтау,  сонымен  қатар  адамның  мінез- 
құлқындағы және тұлға дамуындағы  айқын  ауытқуларды  анықтау  болып та- 
былады.  Ә скери-дәрігерлік  сараптам аны ң,  азам атты қ  сараптам ам ен 
салыстырғанда, өзіне тән өзгешеліктері бар. Еңбектік сараптама жүргізу кезінде 
психикасында  шамалы  ауытқу  байқалған  кезде  оңалту  мақсатында  ондай 
адамдарды  қоғамдық пайдалы  іске  баулу,  еңбекпен  емдік-профилактикалық 
әсер ету, әлеуметтік күйзелістің алдын алу ұсынылады.  Әскери жағдайда мұндай 
міндеттердің орындалуы мүмкін емес, әскери міндетті орындау әскери қызметті 
өтеушінің еңбек етуі мен демалысын бөлек қарауға мүмкіндік бермейді.  Бірінші


Психикалық ауруларды  зерттеудің  негізгі  аспектілері
25
кезекте  бүкіл  әскери  ұжым  үшін  маңызды  міндетті  шешу,  қатал  тәртіп  пен 
режим, осындай күйде азаматтық өмір жағдайында компенсациялануы мүмкін 
психикадағы әрбір ауытқу немесе мінездегі ауытқулар әскери міндетті орын- 
дауды  мүмкін  емес  етеді.  Жүйкелік-психикалық ауруларға  әскери-дәрігерлік 
сараптаманы жүргізу кезінде білім деңгейіне талап қоюдың жоғарылауы, әскер 
қатары на  ш ақы ры латы ндарды ң  техн и калы қ  дайы нды ғы на  талапты ң 
жоғарылауы және өз бетінше шешім қабылдай алуға қабілеті ескерілуі керек. 
Заманауи даму қарқынына байланысты жас ұланнан әскери техниканың және 
радиоэлектронды техниканың жаңалыкгарын жылдам және тиімді игеру талап 
етіледі. Уақытқа сай электрондық аппараттарды басқару жоғары зейінді қажет 
етеді.  Осының барлығы әскери-дәрігерлік сараптаманың алдына үлкен міндет 
қояды,  оның  шешімі тек әскерге  шақырылған  әрбір  тұлғаны  мұқият тексер- 
генде ғана көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет