Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет17/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  БАҒЫТТАР
Ғылыми психологияның пайда болу уақытынан бастап-ақ идеалистік және 
материалистік  көзқарастағы  әртүрлі  психологиялық  мектептер  пайда  болды. 
Әр  түрлі  ғылыми-практикалық  міндеттермен  айналысуына  қарамастан,  пси­
хиатрия  ж әне  психология  —  бір-біріне  ж ақы н  мамандықтар.  Әрқилы 
психологиялық мектептердің өкілдері жасаған көптеген әдістемелер психикалық 
ауруларды  зерттеуде,  ал  теориялық  концепциялар  жеке  психопатологиялық 
көріністерді түсінуде қолданыс тапты.
Бірақ ереже бойынша, психологиялық концепциялар психиатриялық мек­
тептер үшін жалғыз теориялық негіз болып саналмайды.  Өйткені,  психология 
мен психиатрия психика көріністерінің әр түрлі сапалық жағдайларымен бай- 
ланысты  болып келеді.
Психодинамикалық психиатрияның теориялық-методикалық негізі болған 
өзекті  психология  концепциясы  ерекше.  Өзекті  психологияның  пайда  болуы 
француз психиатры Месмердің есімімен байланысты.  Өткен ғасырдың басын- 
да Шелингтің, Ницшенің идеалистік концепциясы, «әлемдік жан» бар екендігін 
ж әне  адамдарды  иррационалды   күштердің  басқараты ны н  уағыздаған 
философтардың концепциясы кең таралды.
«М агнетикалық  сомнабулизм»  (гипноздың  көмегімен  болатын  ерекше 
жағдай) «әлемдік жанмен» қатынастың тәсілі ретінде қаралды. Өткен ғасырдың 
ортасында өзекті психология дамуы дағдарысқа ұшырады.  Әлем жанымен және 
иррационалдық күштермен байланысты магнетизм идеясы «гипноз» түсінігіне 
ауысты (терминді ағылшын ғалымы Дж.  Брэдом енгізді).
Өзекті психология  З.  Фрейдтің  коцепциясында жалғасын тапты.  З.  Фрейд 
концепциясында  адамның жүріс-тұрысында  иррационалдық күштерге  басты 
рөл  берілді.  Адамның  психикалық  сферасы  нақты  ғылыми  дәлелдемелерге 
сүйенбей-ақ мынандай деңгейлерге  бөлінді:  санадан тыс  «Мен» және «менен 
жоғары» (
сверх-Я
) немесе «ол» («оно») «эго», «супер-эго». Санадан тыс жағдай 
адамды  басқаратын  иррационалды қ  күштердің  қоры  болып  табылады. 
Бастапқыда  З.  Фрейд  бұл  күштерді ең  алдымен сексуалды ынтамен  байланы-


Психологиялық бағыттар
31
стырды. Қоғамдағы моральды-этикалық принциптерге қарама-қайшы тұлғаның 
тілектері  мен оның  орындалмауы  арасындағы тұлға ішілік шиеленіс  —  «ком­
плекс» түсінігін енгізді.  Бұның мысалы эдип комплексі бола алады (мифологияға 
сүйенсек, патша Эдип өзінің әкесін өлтіріп, өз анасына үйленеді) — балалардың 
қарама-қарсы  жыныстағы  ата-анаға  үйірлігі  ж әне  басқа  ата-анадан  өзінің 
қарсыласын көруі.
Санаға  бағынбайтын  тілектер  бет  перделі  түрде  ерекше  түс  көрулер  және 
ассоциациялар ретінде санаға енуі мүмкін.  Кейінірек бұл санаға бағынбайтын 
тілектер  мен  әуестіктерге  З.  Фрейд агрессия және өлімге талпынысты  қосты. 
Барлық  психикалық ж әне  көптеген  соматикалық  ауруларды  З.  Фрейд  және 
оның ізбасарлары адамда комплекстің болуымен,  «эго» әлсіздігімен байланы- 
стырады.  Бұл  бұзылыстарды  емдеуде  психоанализ  ұсынылды  —  яғни, 
комплекстерді  анықтап,  психоаналитик  көмегімен  науқастың  оларға  қарсы 
тұруы.  Арнайы  зерттеулердің  қорытындысы  бойынша,  психоаналитикалық 
терапия басқа психотерапиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда, ешқандай 
артықшылығын  көрсете  алмады.  Фрейд  концепциясы  бойынша  қоғамның 
әлеуметтік,  мәдени  және діни  салалары  түсіндірілді,  оның  ізбасарлары  адек- 
ватты психологиялық және патопсихологиялық белгілердің айырмашылықтарын 
көрмеді.  Олардың  түсінігінше,  екі жағдайдың  да  негізінде  сол  бір  механизм 
жатыр,  олар:  конфликтілер  (шиеленістер),  тұлғаның  өзге  қүрылымдарымен 
әсерлесетін санаға бағынбайтын күштер.  Грек философ-идеалисі Платонның 
жан туралы ойы  З.  Фрейдтің адамның психикалық сферасы жөніндегі  схема- 
сымен  сәйкес  келеді.  Платон  ілімі  бойынша  адам  жаны үш  бөлікке  бөлінеді. 
Бұл  бөліктер  ИД  (сана асты),  «эго» және  «суперэго»  тәрізді психикалық сфе- 
ралармен  (Фрейд  бойынша)  өте  ұқсас  болып  келеді.  Дегенмен,  Платонның 
Ф рейдтен  ерекш елігі  —  адамда  рационалды қты ң  иррационалды қтан 
басымдылығын айқын көрсетіп бергендігінде. Бұл тағы да З.  Фрейдтің концеп- 
циясының идеалистік бағытта  болғандығын көрсетеді.
З.  Фрейдтің  концепциясы  өз  Отанында  кең  түрде  танымал  болған  жоқ. 
Мұнда Э.  Крепелиннің нозологиялық принциптегі клиникалық психиатрия- 
сы  жоғарғы  орынға  көтерілді.  Ал  З.  Фрейдтің  концепциясы  АҚШ -та  дәріс 
оқуына байланысты кең түрде танымал болды. Америкалықтарға бұл концеп­
ция  олардың  мүддесін  қорғайтын  болғандықтан,  Америка  қоғамының  идея- 
сына  сәйкес  келгендіктен,  тез  көтерілуіне  себеп  болды.  Сонымен  қатар, 
З.  Фрейд концепциясы және психоанализбен жеке шұғылданатын дәрігерлерге 
табыс  көзі  болды,  себебі  психоанализбен  емдеу  ұзақ  бірнеше  айлар  мен 
жылдарға созылатын еді.
З.  Фрейд концепциясы өзінің бұлдыр құрылымымен және қайшылықтарымен 
өзінің  бағыттастарының  арасында да  сынға  тап  болды,  әсіресе,  сынға  қатты 
ұшырағаны — эдип комплексі болды. З.  Фрейд концепциясына ғылыми теория 
қалпын  беру үшін  оған  әр  түрлі  толықтырулар  енгізілді.  АҚШ -та  З.  Фрейд 
концепциясы  іс  жүзінде  психиатрияның  психодинамикалық теориясына  та- 
сымалданды. Олар фрейдизм өкілдері сияқты сананың және «Меннің» әр түрлі 
саласын  көрсетті:  саналы  ж әне  санадан  тыс  «Мен»  ж әне  «менен  жоғары». 
Ерекше мағынаны олар баланың превербальды кезеңіндегі эмоционалды өміріне


32
II  Тарау.  Психиатриядағы  негізгі даму бағыттары
берді,  олардың  ойынша,  санадан  тыс  сфераның  құрылуында  бұл  үлкен  рөл 
атқарады.
Авторлар  өздерінің  концепциясын  психодинамикалық деп  атай  отырып, 
психикалық дамудың  динамикалық  принципін,  сонымен  қатар,  эмоциялық 
принципті  де  теріске  шығарды.  Олар  неліктен  балалық  шақта  қалыптасқан 
эмоциялық реакцияның  немесе  күйзелістердің  қандай да  бір  түрі  уақыт  өте 
түзелмейтіндігіне қандай да болмасын түсініктеме бермеді. Авторлар эмоциялық 
көріністерді  тұлғаның  психикалық  қасиеттерінің  жалпы  жиынтығынан  тыс 
қарастырды.  Қорқыныш, үрей,  мазасыздық, сенімсіздік сияқты эмоционалды 
күйзелістердің патогенді рөліне баса назар аудару арқылы психодинамикалық 
концепцияның, инстинктивті өмір сүру саналы өмір сүруден басым деп нақты 
айтқан  фрейдизммен  әдіснамалық  бірлігін  дәлелдеді.  Психикалық  аурулар, 
жүріс-тұрыс аувижулары тұлғаның өмірлік ситуациялармен күресу мүмкіндігінің 
болмауы  деп  түсіндірілді,  ал  тұлға  әлсіздіктерінің  тамыры  эмоционалдық 
тәжірибеде  жатыр  делінді.  Психодинамикалық  психиатрия  фрейдизммен 
әдіснамалық жағынан ортақ болып табылады, тек комплекстердің құрылу си- 
паты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол көптеген шетелдерде, әсіресе 
батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында маңызды мәселе 
психикалық ж әне  соматикалық  өзара  қатынастың  механизмін  ашу  болды. 
И.М.  Сеченов пен И.П.  Павловтың құрған рефлекс концепциясы психикалық 
ж әне  соматикалық  арақатынасты,  сонымен  қатар  ми  қызметінің  бейнелеу 
қызметін  түсіндіруде және  зерттеуде жаңа  ғылыми-әдіснамалық тәсіл  ашты. 
С.Л.  Рубинштейннің ойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипат- 
та  түсіну  —  психикалық  қызметті  ми  қызметімен  байланыстырушы  міндетті 
құрал болып табылады.  Ми қызметін рефлекстік сипатта қарастыруда екі іргелі 
(психика және ми қызметі) қызмет бірге алынады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі қарқынды 
зерттеулермен қатар, психикалық бұзылыстарға тән мидағы, науқас ағзасындағы 
нақты материалдық өзгерістерді анықтауда үнемі әр түрлі әдістер қолданылып 
отырды.  Бұл бағыт биологиялық психиатрия деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет