256
XV Тарау. Алкоголизм
бойы ішімдік пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана кабылдаймын деген
үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген кұмарлык жылдам пайда болып,
бас жазу синдромы кайта дамыған, алкогольге толеранттылығы жоғары шегіне
жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып, зерт-
телгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы койылды. Шыкканнан кейін 8 айға
дейін ішімдік пайдаланбаған, бірак өзімен бірге емделген танысының ішіп
жүргенін естіп, тағы да байкап көргісі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу
кезеңіне дейін жалғаскан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген кұрамында
спирті бар сұйыктыктарды колданды, тез масаятын болды, жиі кактығыстарға
түседі. Қабылдаған ішімдік мөлшерін бакылау кабілетін жоғалтты, мастану
жағдайында не істеп, не койғанын жиі есіне түсіре алмады.
Соматикалык жағдайы: жүрек шекарасы солға ығыскан, бауырдың кыры
тығыз, ауыру сезімінсіз, кабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры
үлкеймеген.
Неврологиялык жағдайы: рефлекстері күшейген, симметриялы. Ошактык
неврологиялык симптоматика жок, кол басының треморы байкалады. Гипер
гидроз, айкын кызыл дермографизм.
Психикалык жағдайы: бағдары толык, байланыска оңай түседі, кабылдау
бұзылысы байкалмайды. Стационарға келу алдындағы кезеңді нашар есіне түсіреді,
жеңіл фиксациялык амнезия байкалады. Ойлау темпі баяулаған, фантазиялауға,
диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциялык ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде
орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзкарас формальды.
Абстинентті синдромды жою үшін наукас натрий оксибутиратын, реланиум,
дезинтоксикациялык терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде,
В тобыныщ) ноотропил кабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті
жағдай симптомдары жойылғаннан кейін наукастың алкогольді пайдаланбай-
мын деп уәде беруімен табанды түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды.
Наркологиялык диспансерде ем жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм,
ортаңғы сатысы.
Соңғы (энцефалопатиялык) сатысы. Бұл саты алкоголизмнің алдағы
Достарыңызбен бөлісу: