Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет149/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

XIV Тарау 
ПСИХОПАТИЯЛАР
Психопатиялар  —  интеллект өзгерісінсіз,  тұлға  аралык катынас және кор- 
шаған ортаға адаптациялану бұзылыстарына алып  келетін туа және жүре пай- 
да болған мінез-кұлыктың тұракты бұзылыстарының тобы.
Психопатия  кезіндегі  психикалык дисгормония  психикалык касиеттердің 
бірінің  басымдығымен  ж әне  өзгелерінің дұрыс  жетілмеуімен  байланысты. 
Мысалы,  аффективті стимулдардан туатын өз жүріс-тұрысы  мен реакциясын 
бакылаудың бұзылысы кезіндегі жоғары эмоционалды козу, коршаған ортаны 
адекватты  бағалау жетіспеушілігі және шынайылык сезімін жоғалту кезіндегі 
үрейшілдік,  сенімсіздік ж әне  күдікшілдік,  кабілеттілік,  мүмкіндік ж әне  т.б. 
болмаған  жағдайдағы  эгоцентризм,  өзінің  маңызды  орын  алатындығына  аса 
көңіл аударту.  Аталған психикалык касиеттер психикалык тұрғыдан калыпты 
адамға да тән,  бұл кезде олар тепе-тең көрініс береді. Психикалык касиеттердің 
тепе-теңдігі тұлғаның тұракты, үйлесімді кұрылымын түзейді. Тұлға үйлесімділігі 
мен  үйлесімнің  бұзылуы  психикалы к  жағдайларды  квалификациялауда 
колданылатын түсініктен әлдекайда кең. Тұлғаның үйлесімді дамуы физикалык 
немесе  психикалык  касиеттерінің  оптимальды  косылысы  ретінде  кейбір 
талаптарға жоғары дәрежеде сәйкес  жауап  беріп,  өзгелеріне  сәйкестігі төмен 
болуы  мүмкін.  Бірак,  психопатиямен  ауыратын  тұлғаларда  бұл  касиеттер 
әлеуметтік адаптацияны киындататын касиеттермен бірге жүреді.
Психопатиялык күйлерді көптеген психикалык жағдайлар ішінен аныктау 
кезінде  тұлға  аралык  катынастар  мен  тұлғаның  әлеуметтік  адаптациясының 
бұзылуына алып  келетін түрлері айрыкша көрініп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет