1
%
РЕАКТИВТІ ПСИХОЗДАРДЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ Реактивті психоздардың дифференциалды диагнозы үлкен киындык туын-
датпайды. Психикалык жаракаттан соң психикалык бұзылыстардың пайда болуы,
психопатологиялык көріністерінде психикалык жаракат мазмұнының бейнеленуі
жоғарыда көрсетілген формаларды ескере отырып реакгивті күй диагнозын коюға
негіз болады. Психикалык жаракаттан соң баска да психикалык аурулар баста-
лу мүмкіндігін ескеру керек, мысалы, шизофрения, маниакальды-депрессивті
психоз, кәрілік және кәрілік алды кезеңіндегі психоздар. Реактивті психозды
осы аталған психикалык аурулардан ажыратканда, жоғарыда суреттелген
ерекешелікгерді, осы екі топ психикалык ауруларының психикалык бұзылыстары
кұрылымының және динамикасының ерекшеліктерін ескерген жөн.
Психикалык жаракат ситуациясы біркатар жағдайларда эндогенді аурулардың
ұстамасына әкелуі мүмкін. Диагнозды дұрыс кою үшін наукасты клинико-
психопатологиялык тексеруден мұкият өткізіп, психожаракаттык ситуация мен
депрессияның клиникалык көрінісінің ауырлык күштерінің аракатынасын,
оның кұрылымы мен ұзактығын, сонымен катар наукастың анамнездік
ерекшеліктерін ескерген жөн. Ш изоф рениялы к депрессияға ең алдымен
наукастың эмоциялык бұлыңғыр аффектісі және күйзелістерін ашык айтпауы,
депрессияның ұзак ағымы және т.б.әкеледі.