Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет57/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПРОДУКТИВТІ  ЖӘНЕ  НЕГАТИВТІ 
ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМАТИКА
Шығу тегі ерекшеліктеріне  байланысты  барлық психопатологиялық сим­
птоматика позитивті және негативті  болып бөлінеді.  Позитивті симптомати­
ка  (продуктивті,  плюс  симптоматика)  психиканың  патологиялық  өніміне 
байланысты дамиды.  Мұнда  галлюцинация,  сандырақ, жабысқақтықтар,  аса 
бағалы  идеялар  ж әне  басқа  да  патологиялық  түзілістер  жатады.  Негативті 
симптоматикаға (дефицитарлық, минус симптоматика) психикалық қызметтің 
қандай да бір звеносының дұрыс дамымауы, жоғалуы нәтижесіндегі психикалық 
ф ункцияны ң  тұрақты  түсіп  қалу  белгісі  жатады.  П сихикалық  дефектінің 
көріністеріне  естің жоғалуы,  ақыл  кемдігі,  ақыл  аздығы,  тұлғалық төмендеу 
жатады.  Позитивті симптоматика негативті симптоматикаға қарағанда, дина- 
микалы болып келеді; ол өзгермелі, күрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. 
Дефициттік ^бы лы стар тұрақты, терапиялық әсерлерге үлкен тұрақтылықпен 
ерекшеленеді.
Тәжірибеде психопатология феномендерін продуктивті және негативті деп 
бөлу жиі қиындық тудырады.  Осы уақытқа дейін астениялық құбылысты қай 
топқа жатқызуға болатыны жөнінде шешімді пікір айтылған жоқ. Астениялық 
симптоматика бір жағдайда динамикалы, қысқа мерзімдік, екінші бір жағдайда 
қайтымсыз болуы мүмкін. Астения бұл зейін жеткіліксіздігімен, ес әлсіреуімен, 
еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, шығармашылық өнімділіктің төмендеуімен 
бірге жүреді.  Мұның  барлығы  психикалық қызмет үшін жоғалту  болып сана- 
лады.  С оны мен  қатар,  астенияда  эксплозивті  реакциялар,  көңіл-күй 
бұзылыстары,  ипохондриялық  күйзелістер  байқалады.  Астения  негізінде 
психиканы ң  кез  келген  патологиялы қ  өнімі  туады.  Ауыр,  продуктивті


114
VIII  Тарау.  Психикалық бұзылыстар  симптомдары
психопатологиялық симптоматикаға бай зорығу психоздары да кездеседі (мы­
салы, пеллагра кезіндегі психоз және т.б.).
Біздің ғасырымыздың бірінші жартысында невролог Дж. Джексон продуктивті 
және дефицитарлы симптоматика концепциясын ұсынғаннан бері психикалық 
сферада «дефицит» ұғымын дәлелдейтін көптеген фактілер жиналды. Дефицит 
тек  қайтымсыз  дефект  болуы  міндетті  емес;  ол  психикалық  функцияның 
кідірістері, уақытша сөнуі болуы мүмкін екендігі айқындала түсті.
Дәрілік емнің көмегімен көптеген жылдар бойы колония мен психиатриялық 
ауруханаларда жатқан шизофрения, соңғы сатыдағы диагноз қойылған көптеген 
науқастардың  жағдайын  жақсартып  қоймай,  жанұясына  қайта  оралтуға да 
мүмкіндік туды. Алайда, шизофрениялық дефектінің кейбір формалары белгілі 
бір дәрежеде қайтымды болып табылады,  бұл жағдайдағы патологиялық үрдіс 
динамикасы күрт  баяулағанымен,  аяқталған деп есептеуге болмайды.
П озитивті  ж әне  негативті  симптоматика  бірлескенде,  олардың  өзара 
қатынасы  жөніндегі  мәселе  қиындық  тудырады  ж әне  дұрыс  зерттелмеген. 
Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір-бірімен байланысқан 
бірлікте болса, түрлі жағдайларда, әртүрлі жас кезеңдерінде, әр түрлі аурулар- 
да әрқалай көрінеді.  Қолайсыз ішкі ж әне сыртқы себептердің,  ауыр аурудың 
әсерінен  сәбилерде  белгілі  бір  психикалық  функция  дамуының  кідірістеуі 
мүмкін.  Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға биологиялық 
үрдістің  болуына  байланысты  өзге психикалық функциялар  қарқынды дами 
бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі дамымауы жалпы асинхронияны 
тудырады.
Позитивті және  негативті  белгілерді  бөлу  клиникалық  шындыққа  сәйкес 
келеді.  Бір-бірімен  бірлікте  болғандықтан  оларды  бөлу  бір-біріне  қарсы  қою 
дегенді білдірмейді.
Дж. Дж ексонны ң  айтуынша,  ауру  тек  негативті  белгілер  тудырады,  ал 
позитивті  белгілер  ауру  зақымдамаған  жүйке  жасуш асының  белсенділігі 
нәтижесінде  дамиды.  Неврологиялық  тәжірибеде  патология  мида  ошақты, 
кейде кең көлемді болса негативті белгілер  басым болады.
Психикалық ауруларда церебральды деструкция жай көзбен көрінбейді және 
бұл кезде функциялық бұзылыс жөнінде айтамыз.  Сондықтан компенсаторлы 
мүмкіндіктер  сақталып,  ол  продуктивті  белгілердің  көптүрлілігімен  көрініс 
табады.  Мидың  зақымдалуы  неғұрлым  айқын  болса,  соғұрлым  психикалық 
реакция  әлсіз  және  дефицит  белгілері  анығырақ  көрінеді,  бұл  органикалық 
деменцияда  максималды  бейнеленген.
П сихиатрияда  сим птом дарды ң  өзара  әрекеті  м әселесі  ж еткілікті 
қарастырылмаған және одан  әрі оқып-зерттеуді талап етеді.  Симптомдардың 
бірлестігі және арақатынасы туралы  мәселе «синдромдарды» сипаттайтын та- 
рауда толығымен қаралады. Аурудың психикалық жағдайын зерттеу барысын- 
да  мынаны  ескеру  керек:  әр  түрлі  симптомдарды  жасанды  жолмен  бөліп- 
жарамыз, бірақ олар жеке дара, басқа белгілерге байланыссыз көрініс бермейді, 
оларды жақсы танып-білу үшін жеке-жеке сипаттаймыз.  Психикалық үрдістің 
құрылымына  сәйкес  қабылдау,  ес,  ойлау,  эмоционалды  сфера және  қимыл- 
еріктік бұзылыстарын ажыратамыз.


Қабылдау бүзылысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет