Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет60/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

науцастар өте қауіпті,  олар  оған бұйрық береді:  тамақ ішпе,  біреуді соқ,  өзіңе 
қарсы қол жұмса деген сипатта.
Шынайы  галлюцинация  шынайы  қабылдаудың  барлық  белгілеріне ие және 
ш ын  мәнінде  бар  объектілерден  ажыратылмайды.  Галлюцинаторлы  бейне 
сезімдік шынайылыққа ие: күші, биіктігі, дауыс ырғағы, бейне түстілігі, көлемі, 
және  т.б.;  кеңістіктен  қабылданады  (экстрапроекциялық  қасиеті);  ырықсыз 
пайда  болады;  науқастың  өзіндік  «Мен»-імен  байланысы  жоқ,  объективті 
шындық ретінде қабылданады.
Галлюцинация  өзінің  табиғаты  бойынш а  аурудың  елестету  сезімінің 
жандандырылған  түрі,  галюцинация  құрылымының  баяу ж әне  аяқталмаған 
үрдісінде ауруларда  «жетілмеген галлюцинацияларды» байқауға  болады.
Оларды  галлюциноидтар деп  атаймыз  (Е.А.  Попов).  Мысалы,  науқас  ойы 
бірінші түрінен  басқа  (сезімдік жандылық)  қабылдаудың  барлық қасиеттерін 
иеленсе.  Мұндай аурулар дыбыссыз дауыстарды естиді, олар бұны дауыс емес, 
ол —  басқалардың ойы,  әлде роботтың дауысы —  «механикалық,  ер адамның 
да,  әйел  адамның  да  емес»  дейді,  көз  алдында  қоршаған  ортадағы  заттарды 
көруге  кедергі  келтірмейтін  мөлдір  бейнені  көреді  (кино  сияқты).  Г.  Баярже 
«ең жай сыбдырдан да жай» дауыстарды сипаттады және бұл жалған қабылдауды 
психикалық галлюцинация деп атады.
Галлюциноидтың  басқа  нұсқасы  —  экстропроекциясыз жалған  қабылдау. 
Науқас  ат  үстіндегі  кісіні  көреді,  оның  көйлегінің  түсінің  қандай  екенін  де 
айтуы  мүмкін,  бірақ өзінің  ішкі дүниесінде  көреді  —  «ішкі  шолуымен».  Ауру 
басының ішіндегі дауыстарды естиді, олардың кейбіреулерін таниды, олармен 
сөйлеседі; дауыстар еркінен тыс пайда болады, аппараттың көмегімен науқастың 
басына беріледі. Экстрапроекциялық қасиеті жоқ бұл жалған қабылдаулар алғаш 
рет орыс дәрігері В.Х.  Кандинскиймен сипатталды, оны жалған галлюцинаци- 
ялар (псевдогаллюцинациялар) деп атады. Одан әрі бұл маңызды диагностикалық 
феномен бөлшектеп зерттелді, сондықтан қазіргі уақытта оның басқа белгілерін 
есепке ала отырып, толық анықтамасын бере аламыз.
Псевдогаллюцинациялар  —  жасандылық  сезімімен  жүретін  ж әне  жалған 
объектілерді  қабылдауда  елестетулер  (көз  алдына  келтірулер)  сферасымен 
шектелген,  науқас  үшін  шынайы  заттар  ж әне  құбылыстармен  бір  уақытта 
жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы.  Псевдогаллюци­
нациялар  К андинский—Клерамбо  психикалық  автоматизм  синдромының 
құрамына кіреді (галлюцинаторлы ж әне сандырақтық синдромды қараңыз).


120
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
8.1-сурет.  Науқас  галлюцинациялық 
8.2-сурет.  Есту  галлюцинациясымен
дауыстармен сөйлесу үстінде 
ауырған науқас
8.3-сурет.  Иіс сезу галлюцинациясы 
8.4-сурет.  Көру галлюцинициясы
Сезімдік  шынайылығы  бар,  экстропроекциялы,  науқас  үшін  объективті 
шындыққа жататын  қабылдау алданыштары  болады,  бірақ олар  науқастың 
ы рқы   бойынш а,  назары н  арнайы   аударғанда  пайда  болады.  Бұл  галлю- 
циноидтың тағы бір нұсқасы:  галлюцинацияның үшінші қасиеті түзілмеген 
жағдай.


Қабылдау бүзылысы
121
Төртінші қасиетін  —  науқас тұлғасымен  байланысқа  ие болып үлгермеген 
немесе ол байланысты жоғалтқан (ем әсерінен болуы мүмкін) галлюцинация- 
лар жиі реактивті психоздар кезінде бақыланады және галлюциноидтардың бір 
түрі болып табылады.  Науқас өзінің дертке шалдыққанын түсінеді, дәрігердің 
көмегіне жүгінеді.
Психиканың патологиялық өнім шығаруға,  иллюзиялар және галлюцина- 
циялар  пайда  болуына жоғары  дайындығын  арнайы  тәсіл  арқылы  тексеруге 
болады. Жедел алкогольді психоздан кейін науқасқа көзін жұмуды өтінеді, көз 
алмасына  саусақпен  басып,  науқастан  не  көріп  тұрғанын  сұрайды.  Қараңғы 
фонда жарық нүктелер, дақтар, жолақтар пайда болып, адамдарды, жануарлар- 
ды, құбыжықтарды, тұрмыстық көріністер көргендей сезім тудырады (Липман 
симптомы). Науқасқа таза парақ беріп, не көргенін сұрайды, ол параққа қарап, 
әлдененің  суретін,  ж оқ жазбаларды  оқиды.  (Рейхардт  симптомы).  Науқас 
қосылмаған  телефон  арқылы  әңгімелесіп,  жауап  береді  (Ашаффенбург  сим­
птомы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет