Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет97/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Бұзылған  сана синдромдары
Сана  —  коршаған  ортаны  бейнелеудің,  адамның  сырткы  әлем  ж әне  өзі 
жөнінде  білімінің  жоғарғы  формасы.  Сана  тек  адамзатка  тән,  ол  коғамдык 
тұрмыстың  ж әне  адамдардың  ұжымдык  еңбек  кы зметінщ   тарихи  дамуы 
нәтижесінде  пайда  болады.  Біз  тек  сана  аркылы  коршаған  ортаны  түсініп, 
әр түрлі әрекеттерімізді болжап, оның маңызын, максатын түсініп,  біле аламыз.


168
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
9.8-сурет. Алаңғасарлыкпен ауыратын наукастың бос көңілшектігі
Осылайша,  сана біздің психикалык кызметіміздің жеке саласы бола алмайды. 
Фокустағы сиякты, санада адам психикасының белсенділігі және оның әртүрлі 
мәні  концентрацияланады.  Сана  айкындылығын  жеке  психикалык  салалар 
түрінде емес (кабылдау, ойлау т.б.), жалпы, бүтін психикалык акт ретінде бей- 
нелеп  көрсетеді.  Сондыктан,  галлю цинация,  сандырак,  жабыскактыктар 
және т.б. түріндегі психикалык бұзылыстарды, оларда бұзылған сана элементтері 
бола  тұра,  заттык  сана  патологиясына  жаткызбайды.  Сана  белсенділігінщ 
өзгерістерінде  деперсонализация  ж ән е  дереализация  сиякты   күрделі


Психикалық аурулар  кезінде  синдром  түзілу заңдылықтары
169
интеграцияланған  бұзылыстар  сезімтал  болып  табылады.  Бұл  өзгерістерді 
рецепторлык және интрапсихикалык бұзылыстар шекарасындағы патологияға 
жаткызады  және  «өзіндік  сана  бұзылысы»  түсінігінде  біріктіреді.  Бұл  өмірде 
дереализация  деперсонализацияны ң  бір  түрі  болып  табылады,  накты рак 
айтканда,  аллопсихикалық  деперсонализация:  коршаған  ортаның  жаттанды, 
шынайы емес кабылдануы.  Соматопсихикалық деперсонализация  (өз денесінің 
немесе  бөліктерінщ   бөтенденуі)  ж әне  аутопсихикалық  деперсонализация 
(өз ойларының, сезімдерінің, козғалыстарының, әрекеттерінің, өзіндік «Меннің» 
бөтенденуі).
Бұзылған заттык сана критерийлеріне мыналар жатады:
1) ш ынды к  өмірден  ажырау,  коршаған  ортадағы  кұбылыстарды  дұрыс 
кабылдаудың мүмкін болмауы немесе оларды фрагментарлы бейнелеу;
2) уакыт, орын, өзіндік тұлға бойынша бағдарлау бұзылысы;
3) ойлаудың анык болмауы,  ситуацияны толык, дұрыс кабылдай алмау;
4) осы шак окиғаларының бөліктік немесе толык амнезиясы.
Сананың барлық бузылыстарын екі топқа бөлуге болады:
1)  сана деңгейінің толык өшу дәрежесіне дейін төмендеуі
2) сана күңгірттенуі.
Бірінші топка есеңгіреу, кома, сопор жатады, екінші топка — делириоздык, 
онейроидты,  аментивті  сана  бұзылыстары  жатады.  Күңгірттенген  сана 
жағдайының  ерекшелігі  продуктивті психопатологиялык симптомның  бірге 
жүруі болып табылады (иллюзиялар, галлюцинациялар, сандырак т.б.).  Сана 
бұзылуының  бірінш і  тобы нда  пси хи калы к  кы зм ет  әр  түрлі  дәрежеде 
киындайды.
Есеңгіреу  —  психикалык  үрдістердің  кедейленуімен  ж әне  психиканың 
патологиялык  өнімінсіз  сана  белсенділігі  төмендеуінің  жеңіл  дәрежесі.  Бұл 
жағдайда  барлык сырткы тітіркендіргіштерді  кабылдау деңгейі жоғарылайды 
ж әне  жауап  реакциясының  жасырын  (латентті)  кезеңінің  ұзак  болуы  тән, 
нәтижесінде  наукас  тек  күшті  тітіркендіргіштерге  жауап  береді,  айналадағы 
кұбылысты  киынш ылыкпен,  толыктай  кабылдай  алмайды.  Ойлау  кабілеті 
киындаған,  наукас тек жеңіл  сұрактарды,  оны  бірнеше кайталағанда түсінуге 
кабілетті, жауаптары толык емес, біртекті, жұпыны. Айналадағы кұбылыстарға 
катыспаушылык,  тежелу,  жиі  ұйкышылдык  (сомнолентті  жағдай)  жағдайы 
болады.  Түс  көру  болмайды,  бағдарлау әр түрлі дәрежеде  өзгерген.  Есеңгіреу 
кезіндегі жайттарды еске түсіру киын, үзік-үзік немесе мүлдем еске түспейді.
Есеңгіреудің бастапкы көрінісі обнубиляция болып табылады, бұл кезде сана 
біресе айкындалып,  біресе карауытады.
Жағдайдың ауырлау дәрежесіне карай есеңгіреу сопорға немесе комаға ау- 
ысады. Сопор кезінде аурумен сөйлесу мүмкін емес, бағдарлаудың барлык түрі 
бұзылған, тек күшті тітіркендіргіштерге кимылдык және мимикалык реакци- 
ялар  сакталады.  Кома кезінде сана және сырткы тітіркендіргіштерге реакция 
жок.  Есеңгіреу,  сопор,  кома кез-келген соматикалык және психикалык ауру- 
ларда  дамуы  мүмкін.  П сихиатриялы к  практикада  бұл  жағдай  эпилепсия 
ұстамасынан  кейін,  электротырысулык ж әне  инсулиндік-шокты  терапияны 
колданғанда бакыланады.


170
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
Делирий — сананың жедел пайда болатын күңгірттенуі. Бұл кезде уакыт және 
орын  бойынша  бағдарлау  бұзылса да,  өзіндік тұлғасын  бағдарлау  сакталады, 
иллюзиялар,  сахна  тәрізді  көру  галлюцинацияларының  ағынымен,  аурудың 
күрт козуымен,  бұл жағдайдан шыкканнан кейін бөліктік амнезиямен көрініс 
береді.
Делирийдің үш сатысын ажыратады. Бірінші сатысы гиперестезиямен (әсіресе 
есту, көру анализаторлары саласында), көңіл-күйдің өзгеруімен (сөзшеңдікпен, 
көтеріңкі көңіл-күйден коркынышпен, үрейлі күйге дейін шошынумен), әртүрлі 
айкын  елестер  ағыны  түрінде  естеліктердің  жандануымен,  бір  орында  жай 
таппаумен сипатталады. Делирийдің алғашкы симптомдарының бірі — ұйкының 
бұзылуы  болып  табылады.  Әр  түрлі  коркыныш ты  түстерден  шош ып  ояну 
нәтижесінде ұйкы бұзылады. Екінші сатысында ауру көрген түсі мен шындыкты 
ажырата алмайды, айналасындағы кұбылыстарды иллюзия түрінде кабылдайды, 
козу  күшейеді.  Үшінші  сатысында,  делирийдің  ең жоғарғы  шегінде,  шындык 
өмір түгелдей галлюцинациялыг бейнелермен, сандырактык окиғалармен (же­
дел  сезімдік және  бейнелік  сандырак)  алмасады,  осының  барлығы  шынайы 
кеңістіктен кабылданады өтіп жаткан кұбылыстардың кейіпкері наукастың өзі 
болып табылады.
М азасыздык жедел аффективті-канык козу жағдайымен алмасады,  оның 
м азмұны  санды рак  тем атикасы м ен  аныкталады:  аш у-ы за,  коркы ны ш  
жағдайында наукас әлдекімге шабуыл жасайды немесе өз басын сауғалайды, 
жасырынады,  кашуға тырысады.  Наукастың патологиялык күйзелістері мен 
аффективті жағдайы және жүріс-тұрысы арасында үйлесімді бірлік бар. Жағдай 
түнге карай ауырлай түседі, ал күндіз сананың біршама айкындалу кезеңдері 
болады.  Делирийден  шығу жиі  критикалы  сипатта,  ұйкы  кезеңінен  кейін 
болады.  Болған  окиғалар жөнінде  естеліктер  толык емес,  үзінді  түрінде  бо- 
лады.
Д елирийдің  аса  ауыр  түрінің  варианттары  кэсіптік  делирий  немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет