177 Зерттеу әдістері Психопатиялык синдромның негізгі клиникалык көріністері наукас жүріс-
тұрысының бұзылыстары болып табылады. Психопатиялык жүріс-тұрыс, белгілі
бір формасынан өзгесі (мысалы, аффективті-козғыш психопат жүріс-тұрысына
жиі ұрыс-керістер, төбелестер, тәртіп бұзушылыктар, асоциальды істер, алко
голизация ж әне т.б. тән), балалык шактан көрініс береді, тұрактылыкпен,
мінез-кұлык ерекшеліктерінің кезеңмен күшеюлерімен сипатталады. Сондыктан
негізгі зерттеу, ең алдымен, жүріс-тұрысты, адамдарға, өзіне, еңбекке көзкарасын
зерттеуге бағытталған. Бұл кезде мұндай жүріс-тұрыс формасының наукаска
бала кезден тән екендігін, тұрактылығын, барлык ситуацияларда — отбасында,
жұмыста, әскери борышын өтеу кезінде көрініс беретіндігін аныктау маңызды.
Бұл фактілер өмір анамнезінен, жүріс-тұрыс ерекшеліктері жөнінде тек
наукастан ғана емес, туыстарынан, оку, кызмет және т.б. бойынша жакындарынан
сұрастыру аркылы жинакталады.
Психопатиялык мшез-кулыктыщ субъективті аспекті (мысалы, жоғары
үрейшілдік, күдікшілдік, эмоционалды кернеліс ж әне т.б.) максатты сұрау
аркылы зерттеледі.