Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет87/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

149
Қозғалыстық бұзылыстар
Қозғалыс  бұзылыстары  психотикалы қ  жағдайларда  ж иі  кездеседі. 
Қозғалыстың  және  толықтай  жүріс-тұрыстың  бұзылысы  қоршаған  ортадағы 
адамдардың  назарын  өзіне  аудартады және  олармен  психикалық дерт  белгісі 
ретінде дұрыс қабылданады.  Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде:  гипо, 
гипер  ж әне  дискинетикалық,  яғни,  қозғалыс  белсенділігінің  төмендеуіне, 
күшеюіне немесе бұрмалануына  байланысты бөлінеді.
Қимылдық мелшиіп  қалу
Қимылдық  қозғалысты н  күрт  азаюымен  немесе  толы қ  қозғалыстын 
тоқтауымен  мелшиіп  қалу  ступордың  клиникалы қ  суреттемесін  береді. 
Органикалық гипо ж әне акинезиядан ступордың айырмашылығы — моторлы 
зонаның тежелуінен туындаған қайтымды жағдай.  Ступор терең жалпы қатып 
қалу түрінде толық және қозғалыс  сферасын толық қамтымайтын,  тұрақсыз, 
толық  емес  болып  бөлінеді.  Толы қ  ступор  кезінде  науқас  бір  қалыпта 
қозғалыссыз,  кейде ыңғайсыз позада жатады.  Қоршаған ортаға  ешқандай ре- 
акциясы жоқ,  өзін күтпейді,  ұқыпсыз  болады,  табиғи қажеттіліктерін төсекке 
жібереді.  Науқастың өзінің тамақтануы мүмкін емес. Тамақты аузына салғанда, 
шайнамайды  ж әне  жұта  алмайды,  тек  зондпен  тамақтандыру  ж әне  күтім 
көрсетіледі.  Терең ступор жағдайында науқаспен сөздік қатынас мүмкін емес; 
науқастар сөйлеспейді және жауап қатпайды. Ступормен ауыратын науқастардағы 
сөйлемеу мутизм деп аталады.  Бұл кезде айналадағы адамдардың сөздерін және 
болып  жатқан  жайттарды  түсінеді.  Ступор  жағдайынан  ш ыққан  науқастар 
кейде қатып қалу жағдайында неге куә болғанын анық айтып бере алады.
Егер  қимылдық  мелшию  бірден дамымай,  біртіндеп дамитын  болса,  онда 
әр түрлі субступорлыц жағдайды байқауға болады.  Науқас  бұл кезде біртіндеп 
тежеле түседі, жай дауыспен сөйлейді немесе қысқа уақытқа жүріп келе жатып 
аяғын көтеріп тұрып қалады, тамақ ішіп жатқанда кейде қасықты аузына тақап 
тұрып  қалады.  Науқасты  дауыстап,  сыртқы  тітіркендіргіш  әсерімен  кейде 
қозғалыстық мелшию жағдайынан шығарып алуға болады, бірақ біраз уақыттан 
кейін ол қайта қайталанады. Толық емес ступор жағдайында науқастар кейбір 
инструкцияларды  орындауы  мүмкін,  берілген  тамақты  өзі  ішіп,  дәретханаға 
бара алады. Толық емес ступор кейде мутизм дамуымен шектеледі.  Науқастар 
сөйлемейді,  бірақ бұрынғы  белсенділігі сақталады,  ымдау немесе хат  арқылы 
түсіндіруге  тырысады.  Толы қ  емес  ступордың  клиникалы қ  көрінісінде 
патологияның  нозологиялық формасына  сәйкес  басқа  симптомдар  да  болуы 
мүмкін.  Өзінің табиғатына  байланысты ступор кататониялық, депрессиялық, 
психогенді,  истериялық болуы мүмкін.
Кататониялық  ступор  суреттемесі  кататониялы қ  синдромға  арналған 
бөлімінде  көрсетіледі.  Депрессиялық  ступор депрессивті  науқасқа  тән  сөздік- 
қозғалыстық  тежелудің  соңғы  дәрежесі  болып  табылады.  М елшиіп  қалу 
айқындығы депрессиялық аффектінің ауырлығына тікелей сәйкес. Бұл жағдайда 
науқаспен сөйлесу мүмкін емес,  бірақ оның ауыр күйзелістері жөнінде жалы- 
нышты,  мұвд;ы  көзқарасынан  немесе  бет  кескінінен,  терең  күрсінуінен,  бір


150
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
8.6-сурет.  Тежелген  депрессия  жағ- 
дайындағы науқас кейпі
нәрсе айтуға  әлсіз талпынысынан  білуге 
болады.  Айқын  қозғалыстық тежелу су- 
цидальды ойларды іске асыруға мүмкіндік 
бермейді.
Қ ай ғы -м ұң   күші  бұры нғы сы нш а 
сақталып, қимылдық тежелу қайтып, сим- 
птомдар  кері  дамығанда  науқастың  өз- 
өзіне  қол  жұмсау  әрекеттерінің  қаупі 
жоғарылайды.
Депрессия кезінде толық ступор сирек 
кездеседі.  Әдетте,  дәрігер  әлсіз  тежелу 
жағдайындағы науқастарды бақылауы ке- 
рек.  П си хи атри ялы қ  ауруханаларда 
мұндай ауруларды бет-әлпеттеріне қарап 
бірден айыруға  болады.  Олар  көбіне жа­
тады немесе шуы және қозғалысы аз жер- 
де оқшауланып отырады.  Бүгілген фигура, 
зарыққан кескін, қайғылы бет әлпеті ауыр 
күйзелісті  дәлелдейді:  дауысы  жай,  көз 
жанары солғын, мимикасы қатып қалған, 
бет терісі бозғылт немесе сұрғылт-топырақ 
түсті,  көздерінің  астында  күңгірт  шеңбер,  ерін  бұрыштары  салбырап  төмен 
түскен,  қыртыс  және  әжімдері  терең.  Науқастар  қарт  тәрізді  және  қушиған 
кейіпте болады (8.6-сурет).
Психогенді ступор жедел аффективті-шокты реакциялардың клиникалық 
көрінісінде  бақыланады.  Мұндай реакциялар  адамда  күшті жан  тербелісін 
тудыратын психожарақаттаушы оқиғаларға жауап ретінде болады.  Мұндай 
оқиғалар апаттар, табиғат апаттары, жақын адамының кенеттен қаза табуы 
ж әне т.б.  болуы  мүмкін.  Психогенді  әсер  кенеттен  орын  алғанда  индиви- 
дуалды,  тұлғалық реакция көрініс беріп үлгермейді,  бұл жағдай тек адамдарға 
емес, жануарларға да ортақ — орнында тұрып қалу немесе қозу реакциясы, 
гиперкинетикалық реакция.  Ступор толық немесе жартылай болуы мүмкін, 
оны ң  ұзақты ғы   —  минут,  сағат,  күндер.  Д ертті  ж ағдайды ң  тереңдігі, 
ұзақтығы, динамикасы психогениямен,  оның сипатымен анықталады.  Толық 
психогенді  ступор  кезінде  адамның  мелшиген  бет-әлпеті  психогения  ба- 
сталуына себеп болған аффективті күй —  қорқыныш ,  шошу, абдырау күйін 
бейнелейді.  Вегетативті  сим птом дар  кең   көрін іс  береді:  жүрек  қағуы, 
терш еңдік,  вазомоторлар  ойы ны ,  асқазан -іш ектік  бұзылыстар  (құсу,  іш 
өту).  Сана  аффективті  тарылған  (аффективті  қарауыту),  ступордан  шығар 
кезде жартылай  немесе толық амнезия  бақыланады.  Әсіресе,  аффективті- 
ш окты   реакц и я  балаларда  жеңіл  пайда  болады.  Оларда  тежеу  жағдайы 
қоршаған ортада ступор тудырған психотравмалық ситуацияны еске түсіретін 
жайт пайда  болғанда  қайталанады.  Ересек адамдарда  ступор  психогенияға 
жеке  реакция түрінде  болуы  мүмкін  немесе жиі реактивті  психоздың даму 
сатысы  болуы  мүмкін.


Қозғалыстық және  еріктік  бұзылыстар
151
Истериялық  ступор  классикалық  нұсқада  мінездің  белгілі  бір  истериялық 
сипатындағы жандарда дамитын психогенді реакция болып табылады.  Мұндай 
жағдайларда  сөз  жоғарғы  жүйке  қызметінің  әлсіздігі  (туа  немесе  жүре  пайда 
болған) жөнінде, әсіресе екінші сигналды жүйе реакциясы жөнінде болып отыр. 
Осының  нәтижесінде  шартсыз  рефлекстік және  бірінші  сигналды  жауап  беру 
басымдылық  танытады,  тұлғаның  негізгі  қасиеттері  балалық,  психикалық 
инфантильділік,  аса  эмоцианалды  қозу,  күшейген  қиял  ойыны  және  өзін-өзі 
сендіру,  жоғары жүйкелік  тежелгіштік.  Мұндай  тұлғалар  объективті  мәні  бар 
психожарақаттаушы  оқилар  орын  алғанда  ғана  емес,  болмашы  —  көршісімен 
жанжалдасу, жұмыс орнындағы ескертулерге де тежелумен жауап беруі мүмкін. 
Қолайсыз  ситуацияда  науқастар  талып  барып,  сұраққа жауап  бермейді,  әлсіз, 
босаңсыған  күйге  түседі,  позасы  —  дәрменсіздікті,  мимикасы  —  қайғыруды 
бейнелейді.  Сананың  терең  бұзылыстары  болмайды,  науқастар  ситуацияны 
басқаруға қабілетті. Құлап бара жатып науқастар өзіне зақым келтіруден сақтанады. 
Соматикалық және вегативті симтомдар анық көрінеді: пульс және тыныс жиілігі, 
бетінің қызаруы немесе көгеруі, тершеңдік, көзқарашығы реактивтілігінің күшеюі.
И стериялы қ  ступорды  көне  авторлар  жалған  өлім  деп  атаған.  Басқа 
истериялық жағдайлар  сияқты  бұзылыстың  өзі  пайда  болған қиындықтардан 
«құт^ілудың» бір түрі ретінде қаралған.  Бір жағдайда осы жолмен қол жеткізілген 
артықшылықтар  осы  реакцияның  мақсаттылығын  көрсетеді,  оны  шартты- 
қалаулы  етеді.  Сондықтан  истер иялы қ  бұзылыстар,  соны ң  ішінде  тежелу 
құбылыстары  қайталанады.  Тежелу  құбылысы  мелшию  реакциясы ны ң 
генерализацияланған  деңгейіне  жетпеуі  мүмкін,  тек жеке  қозғалу  актілеріне 
қатысты болуы мүмкін.  Бұған истериялық парездер және салданулар, астазия- 
абазия,  сөйлеудщ   истериялы қ  бұзылысы  ж әне  басқа  да  функционалды 
өзгерістерді жатқызуға болады.
Истериялық парездер мен салданулардың органикалық негіздері жоқ, ауру бұл 
бұзылыстарды өзіне қалай елестетсе, солай көрінеді. Ауру бірдеңеден қорықса
қолы не аяғы жұмыс істемей қалатыны анықталды  (аяғы  мақта сияқты,  өзіне 
бағынбайды,  бір  күні  тіптен  қызмет жасамай  қалады).  Дәрігерге  бір  аяғы  не 
қолы  зақымдалған  немесе  екі  аяғы  мен  қолдары  да  зақымдалған,  жиі  бет 
нервісінің қатысуынсыз гемиплегиямен науқастар келеді.  Салданудан аяқтарда 
белсенді қозғалыс жоқ, бірақ қорғаныстық қозғалыс, әсіресе аурудың назарын 
басқаға  аударған  кезде  бақылануы  мүмкін:  моторика  ұйықтағанда  немесе 
гипноздық жағдайда  қалпына  келеді.  Неврологиялық зерттеуде  иннервация 
зонасына  сәйкес  келмейтін  сезімталдық  бұзылысы  болады:  шұлық,  қолғап 
түріндегі  анестезия.  Рефлекстер  өзгермеген,  патологиялық  белгілерді,  тонус 
бұзылысы,  тофикалық бұзылыстарды анықтай алмаймыз.  Бұлшықет электрлі 
қозғыштығының  өзгерісі  болмайды.  Истериялық  парездер  және  салданулар 
кейде ұзақ және нәтижесіз  емделеді,  ал кейін  кенеттен  қандай да  бір  сыртқы 
әсердің  әсерінен  оңай жоғалады.  Аяқтың  истериялық  салдануында  астазия- 
абазия  байқалады,  ауру  тұра  алмайда,  отыра  алмайды,  жүре  алмайды,  бірақ 
тынышталып, жатқан кезде аяғын еркін қозғалтады.
Истериялық  сөйлеу  бузылысы  толық  мылқаулықпен,  афониямен,  кекеште- 
нумен,  сөздерді  дұрыс  айтудың  өзгеруімен  ж әне  т.б.  көрінеді.  Мылқаулық


152
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
кезінде  жазу ж әне  басқа  сөздерді  түсіну  бұзылмайды,  ауру  мимика  арқы- 
лыайналадағылармен  қары м -қаты нас  жасай  алады.  Афония  кезінде  сөз 
дыбыстылығы жоғалады,  науқас дауысын жоғалтуына байланысты сыбырмен 
сөйлейді.  Ол қатты жөтеле алады, ол дауыс байламдарының өзгерісі жоқтығын 
көрсетеді.  Бір науқаста мылқаулық афониямен, кейін кекештену немесе арти­
куляция  бұзылысымен  алмаса  алады,  бұл  бір  патологияның  әртүрлі  деңгейі 
тәрізді  көрінеді.  Осы  құбылыстардың  барлығы  тек  сырттай  ұқсас,  ол  ауру 
түсінігінде ғана  біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет