Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
171
сананың киял тәрізді күңгірттенуі. Психопатологиялык өнімнің молдығы,
а н ы к т ы ғы ,
га л л ю ц и н а то р л ы ж ә н е
с а н д ы р а к т ы к ж ағд а й л а р д ы ң
динамикалылығы мен аукымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір
жағынан, наукастың аң-таң келбетпен бір калыпта тұрып калуы немесе екінші
жағынан, біртекті кататониялык козу жағдайында болуы (9.9-сурет). Галлю
цинациялар, псевдогаллюцинациялар ж әне сандырак шынайылыкпен арала-
сып, наукас ж әне айналасындағы адамдар катысушылар болып есептеледі.
Наукас атомдык соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, баска дәуірге орын
ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалык сандырак). Онейроидтың бастапкы
кезеңіне аффект тұраксыздығы тән, ұйкы бұзылады, есімнен адасып кетемін
деген коркыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация ж әне аб-
дырау күшейе түседі. Сахналау ж әне интерметаморфоза сандырағы дамуы
мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына катысты кос
бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр
жағдайда наукас коршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылыкты
кабылдауды токтатады, сана толығымен паталогиялык өніммен жауланады.
Онейроидтан шыккан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырак
және ретті түрде есте сактағандары — субъективті кұбылыстар, жеткіліксіз
немесе толык жойылғаны — шынайы кұбылыстар болып табылады. Наукастың
фантастикалык күйзелістерімен бірге ж әне болған жайттардың есте толык
сакталуымен коршаған ортаны толык формальды бағдарлау жағдайлары кез-
дескен —
бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен,
осы аурудың өзге ф орм алары ны ң өткір саты лары нда дамиды; кейде
инфекциялык, соматикалык, интоксикациялык, эпилепсиялык психоздарда
кездеседі.
Аменция — кеңістікті, уакытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындыкты
түсіну кабілетінің жоғалуымен ж әне осы кезеңнің толык амнезиялануымен
жүретін сананың терең күңгерттенуі. Аментивті күй ауыр соматикалык және
психикалык зорығу, кажу фонында (сепсис, авитаминоз, ашығу) дамиды, ұзакка
созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. Ағымдағы окиғаларды
түсіну кабілеті жоғалады, оларды біріктіріп кабылдай алмайды. Сағатка карай
отырып, оның тілдерін дұрыс көріп отырса да, уакытты айта алмайды. Сөздері
байланыссыз, козу шеңбері аз кеңістікті алады, мағынасыз, хаосты және бас,
аяк-колдарын козғалтумен көрінеді. Аффективті көріністер өзгермелі, иллю-
зиялар, жеке галлюцинациялар, кататониялы к бұзылыстар болуы мүмкін
(9.10-сурет).
Қарауытқан жағдай — терең сана бұзылысының әр түрлі ұзактыктағы
пароксизмдері, кабылдау ш еңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер
деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, коршаған ортаны бағдарлау
бұзылысымен және осы кезеңнің толык амнезиясымен катар жүреді. Қарауыткан
жағдайларға
амбулаторлық автоматизм ұстамалары жатады, бұл уакытта сана
бір сәтте жоғалып, наукас автоматталған, сырттай көзге дұрыс көрінетін
әрекеттерін жалғастыра береді: көшеде жүру,
транспортты колдану, кағаз бетіне
каламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол өзінің таныс емес көшеде
не істеп жүргенін білмейді, өз іс-әрекеті нәтижесіне таң калады, не болғанын
172
IX Тарау. Негізгі психопатологиялық синдромдар
9.9-сурет. Онейроид жағдайындағы наукас
9.10-сурет. Аментивті козу
есіне түсіре аламайды. Амбулаторлык автоматизмнің ұзағырак түрі
транс деп
аталады: наукас бөтен калаға кетіп калады, саяхат жасайды, баска жұрттың
көңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалык және жасөспірімдік шакта
сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мүмкін — түнгі
ұйкы кезінде өте
күрделі автоматтандырылған кимылдар жасау. Сана карауытуы жағдайындағы
наукас әрекеттерін баскаратын елестер шеңбері дертті өнімдерден тұрады —
галлюцинация, сандырак, жедел коркыныш және ашу аффектісі. Мұндай жағдай
күтпеген жерден айналадағыларға уәжсіз шабуылдармен, катігездікпен кісі
өлтірумен, ызалы козу жағдайымен көрінеді. Қарауыткан жағдайдан шығу оның
басталуы тәрізді кенеттен болады.
Сананың карауыткан бұзылыстары эпилепсиялык ұстамалардың эквиваленті
болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда болуы мүмкін —
эпилепсияда, миының органикалык патологиясында.
Достарыңызбен бөлісу: