Оқулық «Нотариат туралы»


6.3. Нотариаттық іс қағаздарын жүргізудің жалпы ережелері



бет24/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

54
6.3. Нотариаттық іс қағаздарын жүргізудің жалпы ережелері
Нотариаттық іс қағаздарын жүргізу Мемлекеттік Стандарттың
ұйымдастыру-əкімшілік құжаттарына қойылатын негізгі ережелері
мен талаптары ескеріле отырып жасалған жəне нотариатта іс
қағаздарын жүргізудің біртұтас тəртібін орнықтырады.
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 4-бабы-
на сəйкес нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу мемлекеттік жəне
орыс тілдерінде жүргізіледі. Нотариаттық іс-əрекеттерді жүзеге
асырғысы келген адам іс қағаздары жүргізілетін тілді білмейтін бол-
са, ресімделген құжаттардың мəтіндерін оған нотариус немесе ау-
дармашы аударып беруге тиіс.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінде іс қағаздарын жүргізудің жəне
мұрағаттың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үшін жауапкершілік
аумақтық əділет органы басқармасы бастығының бұйрығымен
мемлекеттік нотариат кеңсесі нотариустарының біріне жүктеледі.
Жеке практикамен айналысатын нотариустардың іс қағаздарын
жүргізуі мен мұрағатының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне
жауапкершілікті жеке практикамен айналысатын нотариустың өзі
көтереді. Мұрағат үшін жауапты мемлекеттік нотариус жұмыстан
шыққан немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда, оның міндеттері
басқа нотариусқа жүктеледі, бұл жөнінде қабылдау-өткізу актісі
жасалады. Жеке жұмыс істейтін нотариус өз өкілеттігін тоқтатқан
жағдайда аумақтық əділет органы жəне нотариаттық палата
құжаттарды басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік мұрағатқа
тапсыру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Нотариаттық мəмілелерді куəландыру, куəліктер беру жəне басқа
құжаттарды куəландыру, сондай-ақ оларға куəландыру жазбалары
«Нотариустардың нотариаттық іс-əрекеттерді жасау тəртібі туралы»
Əділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығымен
бекітілген Нұсқаулықтың талаптары жəне 6.38-72 Мемлекеттік
стандартының негізгі ережелері мен талаптары ескеріле отырып жа-
зылуы тиіс.
Нотариустан шығатын ұйымдастыру-əкімшілік сипаттағы құ-
жаттарда мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы немесе жеке
практикамен айналысатын нотариустың тегі, аты, əкесінің аты, ме-
кенжайы жəне нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырып
отырған нотариаттық округі көрсетілуі керек. Құжат түрінің атауы
хаттама, қаулы, сенімхат жəне тақырыптары бас əріптермен жазыла-
ды. Құжатқа тақырып қойылады. Тақырыпты құрастырушы қояды,




55
барынша қысқа жəне құжаттың мазмұнын дəл көрсетуі тиіс. Хабар-
ламалар мен телефонхаттарға тақырып қойылмайды.
Құжатқа мекенжайды жазғанда төмендегідей деректемелер
сақталуы тиіс: құжат ұйымға, оның құрылымдық бөлімшесіне не-
месе нақты тұлғаға жолданады; ұйымның жəне оның құрылымдық
бөлімшесінің атауы атау септігінде көрсетіледі; құжат лауазымдық
қызметкерге жөнелтілген жағдайда ұйымның атауы атау септігінде,
ал алушының лауазымы мен тегі барыс септігінде көрсетіледі;
хат алмасушы адамның пошталық мекенжайы құжат жолданып
отырған ұйым атауынан кейін толық көрсетіледі. Құжат азаматтарға
жөнелтілген жағдайда алдымен пошталық мекенжайы, одан соң
алушының тегі, аты-жөні көрсетіледі;
Қызметтік құжаттардың барлық даналарына қол қойылуы тиіс.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінде немесе жеке практикамен ай-
налысатын нотариусқа келіп түсетін барлық құжаттар тіркеуге
жатады. «Жеке өзіне» белгісі соғылған конверттер мен құттықтау
қағаздар жəне осы тектес құжаттар тіркелмейді жəне ашылмайды.
Келіп түскен құжаттардың конверттері егер құжаттың жөнелтілген
жəне алынған уақыттарын, жөнелтушінің мекенжайын тек солар
бойынша анықтауға болатын жағдайда жойылмайды.
Келіп түскен құжаттар қабылданғанда ең алдымен өзге
мақсаттағы құжаттар іріктелініп алынады, сонымен қатар ішіне
салынған құжаттардың тұтастығы тексеріледі. Қателесіп жеткізілген
құжаттар тиісінше қайта жөнелтіледі. Егер құжаттардың немесе оған
қосымшаның жоқ болғандығы анықталса, бұл жөнінде жөнелтушіге
хабарлама жасалады. Құжаттарды есепке алу жəне олардың орында-
луына бақылау жасау үшін нотариат кеңселері мен жекеше нотари-
устар төмендегідей журналдар жүргізуі тиіс:
- хат-хабардың кіріс журналы
- хат-хабарлардың шығыс журналы
Нотариусқа келіп түскен құжаттар хат-хабарлардың кіріс журна-
лында тіркеуден өтеді.
Пошта арқылы түскен мұраны қабылдау туралы арыздар, мұраға
құқық туралы куəлік беру, мұрадан бас тарту туралы, мұралық
мүліктерді қорғауға шаралар қабылдау, несие берушінің талаптары,
жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға тыйым салу туралы хабар-
ламалар, т.б. кіріс журналында тіркеледі.
Нотариус банкке немесе басқа сатушыға сақтауға тапсырылған
мұралық мүліктің жекелеген заттары көрсетіліп тізімделген бағалы
мұралық мүліктерді есепке алу кітабына тіркейді.




56
Жіберілетін құжаттар хат-хабарлардың шығыс журналында
тіркеледі. Құжатқа хат-хабарлардың шығыс журналындағы реттілік
нөміріне сай келетіндей тіркеу нөмірі, сондай-ақ оның көшірмесі
сақталатын наряд нөмірі қойылады. Хат-хабарлар алушыларға по-
шта арқылы жіберіледі немесе қолға тапсырылады.
Құжаттардың орындалу сапасы мен мерзімдеріне бақылау жасау-
ды мемлекеттік нотариат кеңсесін басқаратын нотариус немесе жеке
практикамен айналысатын нотариус жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінің жəне жеке практикамен ай-
налысатын нотариустың құжаттары олар орындалғаннан кейін белгілі
бір мəселелер бойынша құжаттар жиынтығы ретінде іске топта-
стырылады. Құжаттарды топтастыру іс жүргізуде олардың сақталу
мерзімдері көрсетілген жүйеленген тақырыптар тізбегінен тұратын үлгі
номенклатурасының негізінде іс номенклатурасында түзіледі.
Нотариат істері номенклатурасының даналары қажетті мөлшерде
басылады жəне келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Іс номенклатурасы тиісті түзетулермен қайта жасалады жəне
тиісті мұрағатпен келісіледі де, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
жетекшісі немесе жеке практикамен айналысатын нотариус бекітеді.
Іс номенклатурасының алғашқы данасы нотариуста сақталады,
екіншісін нотариус жұмыста пайдаланады, үшіншісі нотариат
мұрағатына тапсырылады, төртіншісі іс номенклатурасы келісілген
мұрағатта қалдырылады.
Іс номенклатурасында күні бұрын көзделмеген, бірақ жыл бой-
ына қосымша нарядтар жүргізу қажет болған жағдайда пайдала-
ну үшін резервтік нөмірлер көзделеді. Жыл аяқталғаннан кейін
ашылған нарядтардың саны туралы қорытынды жазу енгізіледі.
Уақытша сақтау істері үшін есеп құжаты ретінде іс
номенклатурасының бір данасы мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
немесе тұрақты түрде жеке практикамен айналысатын нотариустың
мұрағатында қалдырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет