Оқулық «Нотариат туралы»


 Нотариаттық мұрағат жəне істерді сақтау



бет25/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

6.4. Нотариаттық мұрағат жəне істерді сақтау
Нотариат туралы ҚР заңының 49-бабына сəйкес барлық
нотариаттық іс-əрекеттер тізілімдерге тіркеледі. Тізілімдер ны-
саны ҚР Əділет министрлігінде бекітіледі. Тізілімдер баулануы,
парақтары нөмірленуі, парақтардың жалпы саны қол қойылып
мөрмен бекітілуі тиіс, мұны мемлекеттік нотариаттық кеңселерде-




57
аумақтық əділет органының қызметкері, жеке практикамен айналы-
сатын нотариус тізілімінде-нотариаттық палата жүзеге асырады.
Əрбір нотариус нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеу үшін жеке
өзінің тізілімін иеленеді, сол үшін жеке индекс беріледі. Куəландыру
жазбасында немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойғаннан кейін
нотариус нотариаттық іс-əрекетті тізілімге енгізеді. Тізілімдегі жа-
зуды өшіріп тазартуға жол берілмейді, ал түзетулер нотариустың
қолымен жəне мөрімен бекітілуі тиіс. Тізілімді қарындашпен
жазуға жол берілмейді. Жіберілген қателер анықталған жағдайда
нотариаттық іс-əрекеттерді нөмірлеу барысында нотариустың
қолымен анықтама жасалады да тізілімнің соңында тігіледі. Жалпы
тіркеу тізіліміне нотариус жасаған нотариаттық іс-əрекеттердің бəрі
жазылып отырады. Тізілім кітабы 7 бағанадан тұрады, олар мынадай
тəртіппен толтырылады. Бірінші бағанада, тіркелген нотариаттық іс-
əрекеттің реттік нөмірі көрсетіледі; екінші бағанада, нотариаттық іс-
əрекеттің жасалынған күні көрсетіледі; үшінші бағанада, нотариаттық
іс-əрекеттер жасалған азаматтардың немесе олардың өкілдерінің тегі,
аты, əкесінің аты жəне тұрғылықты орындары, заңды тұлғалардың
атауы мен тұрған орны көрсетіледі. Өз бетімен қол қоя алмайтын-
дар үшін қол қойған азаматтардың, сондай-ақ аудармашылардың
тегі мен аты-жөні, тұрғылықты мекені де осы бағанада көрсетіледі.
Егер нотариаттық ресімделген құжаттың ( шарт, өсиет т.б.) бір да-
насы мемлекеттік нотариат кеңсесінде немесе жекеше нотариу-
ста қалдырылатын болса, тараптардың мекенжайы көрсетілмейді;
төртінші бағанада, нотариаттық іс-əрекет жасауға өтініш берген
азаматтардың жеке куəліктері мен төлқұжаттарының деректемелері
көрсетіледі; бесінші бағанада, құжаттар көшірмелерінің растығы
куəландырылғанда көшірмелердің неше дана, неше беттен
тұратыны, құжаттардың атауы, құжат берілген адамның тегі, аты-
жөндерінің бастапқы əріптері, сол құжатты берген органның атауы
көрсетіледі.Бұл бағанада мəміленің түрі, мəселен, «өсиет», «сатып
алу-сату шарты» деп көрсетіледі, сондай-ақ берілген куəліктер тура-
лы мəліметтер, мысалы, «меншік құқығы туралы куəлік» деп жазы-
лады. Сенімхатты куəландыру барысында сенімхат түрі көрсетіледі;
алтыншы бағанада, мемлекеттік нотариус өндірген мемлекеттік баж
салығының сомасы немесе нотариаттық іс-əрекетті жасағаны үшін
жеке нотариусқа төленген қаржы мөлшері көрсетіледі, төлемдік тап-
сырыс бойынша көрсетілген қаржы жұмсалғанда оның нөмірі мен
берілген уақыты көрсетіледі. Егер азамат мемлекеттік баж салығын




58
немесе жекеше нотариусқа қаржы төлеуден босатылған жағдайда
босату негізі атап айтылады; жетінші бағанада, нотариаттық іс-
əрекет жасауға өтініш білдірген адамның қолы қойылады.
Шетелде іс-əрекет жасауға бағытталған құжаттарды нотариаттық
ресімдеу осы құжат ұсынылатын мемлекеттің құқығы ескеріле отырып
жүзеге асырылады. Шетелде əрекет етуге арналған құжат əдеттегідей іс
жүргізілетін тілде баяндалады. Азаматтың өтініші бойынша құжат шет
тіліне аударылуы мүмкін. Куəландыру жазбаларын толтыру барысын-
да нотариустың тегін, өз аты мен əкесінің атын, сондай-ақ мемлекеттік
нотариат кеңсесінің толық атауын жəне нотариаттық қызметпен
айналысуға құқық беретін лицензияның нөмірі мен берілген күнін мөр
басылымындағыдай толық та айқын көрсету қажет; құжатқа қол қойған
тұлғаның тегі мен аты-жөнін төлқұжат немесе жеке куəлік бойынша
көрсетілгендей реттілікпен көрсету қажет. Мөр құжаттың бос жерінде
куəландырылған жазбалар астына, мəтін мен нотариус қолына тиіп
кетпейтіндей етіп қойылады.
Шетелде əрекет ету үшін құжаттар сапалы қағазға толтырылуы,
бүкіл мəтін бастырылуы тиіс. Нотариаттық іс-əрекет кімнің атынан
жасалса, сол адамдарға құжаттардың бірінші данасы тапсырыла-
ды. Құжаттарды бүктеуге, ақырына дейін жазылмаған жолдарды,
бос орындарды сызғылауға, сондай-ақ оларға мастикалық мөрлерді
соғуға рұқсат етілмейді.
Нотариустың өз тегі, аты-жөні көрсетілген жеке мөрі болады, сондай-
ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі)
немесе нотариусқа берген лицензия нөмірі мен күні (жеке практикамен
айналысатын нотариустың мөрі) көрсетіледі, бұл мөр металдан арнайы
жабдықта дайындалуы, оны дайындауға қойылатын бүкіл талаптар
сақталуы жəне жоғары дайындау сапалылығымен, жалған дайындау-
дан қорғалуымен, беріктігімен жəне бояғыштарға төтеп беру секілді
айрықша қасиеттерімен сипатталуы тиіс.
Мемлекеттік нотариустың мөрі “ҚР Тіл туралы заңының” 21-бабы-
на сəйкес мемлекеттік тілде жəне Əділет министрінің 1997 жылғы 01
тамыздағы № 64 Бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік нотариустың
мөрі туралы” Ереженің талаптарына сəйкес дайындалады.
Жекеше практикамен айналысатын нотариустың мөрі ҚР Əділет
министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №16 Бұйрығына сəйкес
мемлекеттік жəне орыс тілдерінде дайындалады. Мөр мəтініне
нотариустың тегін, аты мен əкесінің атын жазу төлқұжатқа (жеке
куəлікке) сəйкес жүргізіледі. Нотариустардың мөрлерін дайындауға




59
тапсырыс орталықтандырылған тəртіппен аумақтық əділет органы
не аумақтық нотариаттық палатаның жазбаша тапсырысы бойынша
жүзеге асырылады.
Мөрлер арнайы ашылып жүргізілетін, нөмірленген, жіппен
бауланған жəне тиісті органның мөрімен бекітілген журналға
қолдары қойылғаннан кейін ғана беріледі. Журнал қатаң есеп-
ке алынған жəне тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
Нотариус мөрі куəландыру жазбасының мəтінінде нотариаттық
куəландыру немесе құжатты куəландыру кезінде, қаулыда неме-
се тапсырмада олардың өз қолдарын бекіту үшін пайдаланылады.
Мөрді нотариаттық қызметке қатысы жоқ құжаттарға соғуға жол
берілмейді. Мөрдің дұрыс пайдалануы мен сақталуы жөніндегі
жауапкершілік нотариусқа жүктеледі. Мөр жоғалғанда немесе
ұрланғанда нотариус аумақтық əділет органына немесе нотариаттық
палатаға жедел хабар беруге міндетті.
Мемлекеттік нотариус қызметтен босатылған жағдайда не жеке
практикамен айналысатын нотариустың лицензиясы тоқтатылғанда
немесе кері қайтарылып алынғанда аумақтық əділет органы жəне
нотариаттық палата нотариус мөрін алу жəне бұдан əрі осы мақсатқа
пайдалануға болмайтындай етіп бедерін кетіру жолымен комиссия-
лы түрде жою шараларын қолданады, бұл жөнінде акт жасалынады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясы
тоқтатыла тұрған жағдайда мөр уақытша сақтауға аумақтық əділет
органына тапсырылады. Жеке мөрлерді пайдалану үшін тек көк
жəне қою көгілдір бояғыштарды қолдануға болады, қара немесе
түрлі-түсті бояғыштарды қолдануға болмайды.
Жойылған мөрлердің күшін жойғандығы жəне жарамсыздығы ту-
ралы хабарды əділет органдарының республикалық жəне жергілікті
басылымдарында жариялау қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет