Оқулық «Нотариат туралы»


 Нотариустардың құқықтары мен міндеттері



бет13/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

3.4. Нотариустардың құқықтары мен міндеттері
Нотариус:
1. Өзіне жүгінген жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделеріне
сəйкес осы Заңда жəне ҚР-дың басқа да заң актілерінде көзделген
нотариаттық іс-əрекеттер жасауға;
2. Мəмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобала-
рын жасауға;
3. Құжаттардың көшірмелерін жəне олардың үзінділерін
əзірлеуге;
4. Нотариаттық іс-əрекеттер жасау мəселелері бойынша консуль-
тациялар беруге;
5. ҚР-дың заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік
жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді
жария етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ жеке жəне заңды
тұлғалардан нотариаттық талаптарды сақтай отырып, жеке жəне




36
заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға қажетті
құжаттар мен мəліметтер талап етуге;
6. Ғылыми, педагогтік жəне шығармашылық қызметпен айна-
лысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға құқылы.
Нотариус:
1. ҚР-дың Нотариат туралы Заңының жəне ҚР-дың нотариат
қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің та-
лаптарына сəйкес нотариаттық іс-əрекеттер жасауға;
2. Азаматтарға жəне заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді
түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге
пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-
əрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
3. Кəсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі
болған мəліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-дың заңдарына сəйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-
əрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. Кəсіптік əдепті сақтауға;
6. Əділет органына жəне нотариаттық палатаға өз іс-əрекеттеріне
түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-əрекеттер ту-
ралы мəліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке
түсініктемелер, оның ішінде кəсіптік əдеп талаптарын сақтамау
мəселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет