Оқулық «Нотариат туралы»


 Əділет органдарындың құқықтық жағдайы



бет15/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

4.2. Əділет органдарындың құқықтық жағдайы
Жасалған нотариаттық іс-əрекеттердің заңдылығын жəне мемле-
кеттік нотариустың аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi аппаратының лауа-
зымды адамдарының іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды
аумақтық əділет органы жүзеге асырады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нота-
риаттық іс-əрекеттерінің заңдылығын жəне іс жүргізу ережелерін
сақтауын бақылауды аумақтық əділет органы мен нотариат пала-
тасы жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан
Республикасының Əділет министрлігі Республикалық нотариаттық
палатамен бірлесіп белгілейді. Нотариустың жəне аудандық маңызы
бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)
округтiң əкiмi аппаратының лауазымды адамдарының салық
заңдарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының салық
қызметінің органдары жүзеге асырады.
Əділет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адам-
дары нотариус қызметін тексеру кезінде мəлім нотариаттық іс-
əрекеттер жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені
жəне нотариусқа келтірген зияны үшін бұл адамдар Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес жауап береді. Нотариаттық
қызметті жүзеге асыруға кіріскен жекеше нотариустың жұмысын
тексеру ол нотариаттық іс-əрекетті жүзеге асыра бастағаннан кейін,
кем дегенде 6 айдан кейін жəне бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі
жəне одан кейін үш жылда бір рет жүргізіледі.
ҚР-дың Əдiлет министрлiгiнің құзыретіне аумақтық əдiлет
органдары нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету
саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi жəне бақылауды
жүзеге асырады, нотариустардың нотариаттық iс-əрекеттердi жа-
сау тəртiбi туралы ережені жəне нұсқауларды бекiтедi; ҚР-ның
мұрағаттар жəне құжаттаманы басқарушы уəкiлеттi мемлекеттiк
органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде
нұсқаулық əзiрлейдi жəне бекiтедi; аудандық маңызы бар қаланың,




39
кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi
аппараттарының нотариаттық iс-əрекеттер жасайтын лауазымды
адамдарын аттестациялау туралы ереже əзiрлейдi жəне бекiтедi; же-
кеше нотариустарды есеп алып тiркеу тəртiбi туралы ереже əзiрлейдi
жəне бекiтедi; əрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың
санын бекiтедi; əдiстемелiк, нұсқамалық жəне түсiндiрмелiк ма-
териалдар əзiрлейдi; нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата
тұру жəне оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-
ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға баста-
машы болады; Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бой-
ынша нотариустардың қызметiн бақылау тəртiбiн бекiтедi; кадрлық
резерв жəне нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс
өткiзу туралы ереженi бекітеді жəне т.б. іс-əрекеттерді жасап келеді.
Аумақтық əдiлет органының құзыретінде:
Мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады жəне тарата-
ды; азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк нотариус-
тар дың қызметтiк iс-əрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды; жекеше
нотариустардың заңнамаларының талаптарын сақтауын бақы -
лауды ұйымдастырады жəне өздерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан
жалтарған жəне жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Ре-
спубликасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше
нотариустарға шаралар қолданады; аудандық маңызы бар қаланың,
кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi
аппараттарының нотариаттық iс-əрекеттер жасайтын лауазым-
ды адамдарына əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсетедi;
нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-
қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын
бақылауды жүзеге асырады; жекеше нотариусты жауапқа тарту тура-
лы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi; жекеше нотариустардың
келу сипатындағы есептiлiк тiркеуiн жүргізеді; ҚР заңдарының та-
лаптарына сəйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсы-
рысты жүзеге асырады жəне оларды бередi; нотариаттық iс-əрекет
жасауға уəкiлеттi аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi аппараттарының ла-
уазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi; заңда көзделген




40
жағдайларда мемлекеттiк нотариатты оңтайландыру жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асырады.
Аумақтық əдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет
аумағын белгiлейдi;
2) Əдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi
нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған
адамдардың резервiн қалыптастырады жəне жекеше нотариустың
бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға
ұсынылады жəне сонда сақталады;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда
нотариаттық iс-əрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-
əрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нота-
риаттық iс-əрекеттердiң заңдылығына жəне оның iс жүргiзу
ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға
аттестаттау жүргiзедi.
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нота-
риустың жеке мөрiн жою жəне құжаттарын басқа нотариусқа не-
месе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнiндегi, сондай-ақ егер
нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға
беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет