Оқулық «Нотариат туралы»



бет2/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

4
1-ТАРАУ
НОТАРИАТТЫҢ ТҮСІНІГІ, 
ЖҮЙЕСІ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ
1.1 Нотариаттың түсінігі, нотариаттың міндеттері
1.2 Нотариаттық қызметтің пəні жəне принциптері
1.3. Нотариат туралы заңнама оның құқық жүйесіндегі орны
1.4. «Қазақстан Республикасының нотариаты» курсының 
пəні жəне жүйесі
1.1 Нотариаттың түсінігі, нотариаттың міндеттері.
Нотариат ұғымының лексикалық аудармасы латынша «nota»
сөзінен алынған, қазақша мағынасы – таңба. Ежелгi Римде
стенографиялық таңбалар жазу жылдамдығын қолданғандарды
жəне мəмiлелердiң жобасын құрастырушы мамандарды – нота-
риустар деп атаған. Бұдан «notarius – нотариус» жəне «notarialis
– нотариалдық», – деген сөздерiнiң ұғымы шыққан: Брокгауз
жəне Эфронның энциклопедиялық сөздiгiнде нотариат сөзіне: «əр
тектiк актілердің ашық куəлiгi үшiн, келісімшарттар жəне сотқа
жеке тұлғалар мен əкімшілік орындардың заңға сүйенген өмірінің
ақиқаттығын қамтамасыз етуші мекеме», – деген түсінік береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне
заңды тұлғалардың заңды мүдделерi мемлекеттiк органдар жəне
лауазымды тұлғалардың құзырына жатады. Ал ерекше функциялар-
ды, соның ішінде құқықтар мен фактiлердi куəландыруға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңында көзделген
өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-
əрекеттердi орындау нотариустарға тапсырған,.
Атап айтқанда, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi,
белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-əрекеттер
жасауға – мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нота-
риустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналы-
сатын нотариустар (жекеше нотариустар) жəне аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық



5
(селолық) округтердiң əкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-
əрекеттер жасауға уəкiлеттi лауазымды адамдарының құқықтары
бар.
Қазақстан Республикасының нотариаты нотариат-құқықтар мен
фактілерді куəландыруға, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-əрекеттерді
жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат біздің еліміздегі құқық қорғау органдарының арасын-
да маңызды рөлге ие, ол құқықтар мен фактiлердi куəландыруға,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-
əрекеттердi жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.
Экономикалық реформаны əрі қарай тереңдету мақсатында жəне
азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік қатынастарын қорғауды
қамтамасыз етудің қажеттілігі жағдайында нотариат органдарының
қызметі ерекше маңызға ие болады.
Нотариалдық органдардың қызметінiң мəнi – алынған құқықтың
нақтылығын жəне оларды қойылған заң формасында бекiтілуін
қамтамасыз ету. Нотариат органдары өз қызметтерiнде Қазақстан
Республикасының заңдарын жəне ратификацияландырылған халық-
аралық шарттарды негiзге алады.
Нотариалдық органдар азаматтық құқықтарын іске асыруға
мүмкіндік туғызады жəне болуы мүмкін бұзушылықтырдың ал-
дын алады. Мысалы, нотариустар мұра құқығы туралы куəлiктерін
беру кезінде еңбекке жарамсыз мұрагер жəне кəмелетке толмаған
азаматтардың құқығының бұзылмағындығын қатал қадағалайды.
Құқық бұзушылықтарын анықтаған жағдайда, ол жөнінде құзыретті
немесе құқық қорғау органдарға дер кезінде хабарлауға тиіс. Но-
тариат органдарының жеке жəне заңды тұлғалардың құқығын
қорғаудағы міндеті мен сот міндеттерінің ортақ сəйкестіктері көп,
дегенмен олар тек нотариаттарға тəн ескерту міндетімен іске асады.
Соттық таласу кезінде нотариалдық куəландырылған келісімшарт
мүдделі тарапқа өз құқығын қорғауда жеңілдігін береді, өйткені
келесім жасасқан тараптардың міндеттері мен құқықтары, қол
қоюларының растығы, келісімшарт жасасқан уақыты, нотариалдық
органмен ресми расталған, талассыз жəне сенімді болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет