Оқулық «Нотариат туралы»



бет22/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

тоқтата тұру тəртiбi
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес белгілі бір
нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-
əрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен
басқа жағдайларда кез келген нотариус ҚР-ның бүкіл аумағында
нотариаттық іс-əрекеттер жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы:
1. мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындауда;
2. мұраға құқық туралы куəліктер бергенде;
3. жұбайлардың жəне ортақ бірлескен меншік құқығындағы
мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы
туралы куəліктер бергенде;
4. тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу
жəне кепілге салу туралы құжаттарды куəландырғанда сақталады.
Нотариаттық іс-əрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында,
үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-
əрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын
нотариус кеңсесінде немесе жеке қызметпен айналысатын нотари-
ус кеңсесінен тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куəландыру
жазбасында жəне нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеуге арналған
тізілімде нотариаттық іс-əрекеттер жасалған орынның мекенжайы
жəне уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариус пен жергілікті атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының өз атына жəне атынан, өз жұбайының, оның жəне өз
туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері,
4–221




50
немерелері, əжесі, атасы) атына жəне олардың атынан нотариаттық
іс-əрекеттер жасауға құқығы жоқ.
Осы ережелерді бұза отырып жасалған нотариаттық іс-əрекеттер
жарамсыз болып табылады.
Нотариаттық іс-əрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар
табыс етіліп, мемлекеттік нотариус немесе «Нотариат туралы заң»
арқылы нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілдік берілген адамдар
болған жағдайда мемлекеттік баж төлеген немесе жекеше нотариус
арқылы нотариаттық іс əрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1. жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтерді талап ету
қажет болғанда;
2. құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты не-
месе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бой-
ынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған
өтінішке оның қабылданған күні жəне өтініш беруші адамның жеке
басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну
тəртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
Нотариаттық іс-əрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қау лы
шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейін ге қалдырылуы
мүмкін. Нотариаттық іс-əрекет жасау кейінге қалды рылған жағдайда
нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-əрекет жасауға жүгінген
күннен бастап үш күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-əрекет жасауды
кейінге қалдыруының дəлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Нотариаттық іс-əрекеттер жасау мынадай негіздер бойынша:
1. Жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтерді талап ету
қажет болғанда;
2. Құжаттардың сараптамаға жіберілуі негізінде кейінге
қалдырылуы мүмкін.
Нотариаттық іс-əрекеттер жасауды кейінге қалдыру мерзімі
нотариаттық іс-əрекеттер жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы
шығарылған күннен бастап бір айдан аспауы керек.
Басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты немесе
фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша нотариаттық
іс-əрекеттер жасау он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы
мүмкін. Егер осы мерзім ішінде соттан өтініштің түскені туралы хабар
алынбаса, нотариаттық іс-əрекеттер жасалуы тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куəландыруды өтінген құқық пен фактіні




51
даулаушы мүдделі адамның өтініші түскені туралы соттан хабар
алынған жағдайда, нотариаттық іс-əрекеттер жасау сот істі шешкен-
ге дейін тоқтатыла тұрады.
Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық іс-əрекеттер
жасаған кезде нотариаттық іс-əрекеттер жасауды өтінген азаматтың,
оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.
Адамның жеке басын анықтау нотариаттық іс-əрекеттер жаса-
уды өтінген азаматтың жеке куəлігі немесе төлқұжаты негізінде
жүргізіледі.
Нотариаттық іс-əрекет барлық қажетті құжаттар ұсынылған
жəне мемлекеттік төлемақы төленген күні (нотариаттық іс-əрекетті
мемлекеттік нотариус жасағанда) немесе жеке нотариустың
нотариаттық іс-əрекеттеріне төлемақы төленген күні жүзеге асыры-
лады.
Сонымен қатар белгілі жағдайларда нотариаттық іс-əрекеттерді
жасау:
1. Жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтер талап
ету қажет болғанда;
2. Құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. Басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты
немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша
кейінге қалдырылуы мүмкін.
4. Аталған жағдайларда нотариус тиісті қаулы шығарып,
нотариаттық іс-əрекетті жасауды отыз күннен аспайтын мерзімге
кейінге қалдырады, ал бұл мерзім қаулы шығарылған сəттен бастап
саналады.
Мысалы, құжаттар ұсынылған күні нотариаттық іс-əрекет жасауға
басқа адам куəландыруды сұрап отырған құқық немесе фактіге да-
уласып, мүдделі адамның сотқа арыз беруі кедергі болуы мүмкін.
Бұл жағдайда нотариус тарапынан нотариаттық іс-əрекет жасау
арыз берілген күннен бастап, он күннен аспайтын мерзімге кейінге
қалдырылуы мүмкін. Егер осы мерзім аралығында соттан арыздың
келіп түскені туралы жазбаша хабарлама келмесе, онда нотариаттық
іс-əрекет жасалуы мүмкін. Ал мұндай хабарлама келіп түскен
жағдайда нотариаттық іс-əрекет істі сот шешіп, сот шешімінің заңды
күшіне енуіне дейін тоқтатылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет