Оқулық «Нотариат туралы»


8.4. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау



бет39/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

81
8.4. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
Нотариус құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға жеке немесе
заңды тұлғаның жазбаша арызы негізінде қабылдайды. Нотариустар
сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың
мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне
қарамастан қабылдайды. Мұндай нотариус құжаттар мен бағалы
қағаздарды сақтау нəтижесінде үшінші адамдарға келтірілген зиян
үшін жауап бермейді.
Құжаттар немесе бағалы қағаздар тізімдеме бойынша тапсырыла-
ды, тізімдеме екі данадан жасалады жəне оған құжаттарды сақтауға
тапсырған адам, сондай-ақ нотариус мөрін басып қол қояды.
Егер тізімдеме бір беттен артық бетке жазылса, тізімдеме беттері
нөмірленуге, баулануға жəне нотариус қолымен жəне мөрімен
бекітілуге тиіс.
Тізімдеменің бір данасы нотариуста қалады, екіншісі құжаттарды
немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға беріледі.
Мүдделі адамның өтініші бойынша нотариус, егер құжаттар неме-
се бағалы қағаздар тиісті түрде буып-түйілсе (бума нотариустың
қолымен жəне мөрімен, сондай-ақ құжаттарды немесе бағалы
қағаздарды сақтауға тапсырған адамның қолымен бекітіледі), олар-
ды тізімдеме жасамай қабылдай алады. Бұл жағдайда нотариус тек
буманың сақталуы үшін жауап береді.
Қабылданған құжаттар немесе бағалы қағаздар аталған
нотариаттық əрекет жасаған нотариаттық органның (нотариустың)
мөрімен хатталған темір шкафтарда немесе сейфтерде жеке пакет-
терде сақталады. Құжаттардың немесе бағалы қағаздардың сақтауға
қабылданғандығы жөнінде нотариус мүдделі адамдарға тиісті куəлік
береді. Куəліктің бір данасы нотариустың істерінде сақталады.
Құжаттардың немесе бағалы қағаздардың сақталу мерзімі мүдделі
адамның арызында көрсетілген мерзім негізінде айқындалады жəне
құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау туралы но-
тариус беретін куəлікте көрсетіледі. Нотариус құжаттардың куəлікте
аталған мерзім ішінде құжаттардың сақталуы үшін жауап береді.
Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтау үшін жəне куəлік беру
үшін мүдделі адамдар мемлекеттік нотариустарға мемлекеттік баж
салығы ставкалары бойынша, жекеше нотариустарға – Қазақстан
Республикасының салық заңдарында белгіленген мемлекеттік баж
салығының мөлшеріне сəйкес ставкалар бойынша ақы төлейді.
6–221




82
Егер құжаттарды немесе бағалы қағаздарды нотариуста сақтау
бұрын келісілген мерзімнен асып кетсе, ал нотариус сақтауды
жалғастырса, құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға бер-
ген адам нотариусқа мемлекеттік баж салығын (жекеше нотариус
қызметіне ақыны) қосымша төлейді.
Сақтауға қабылданған құжаттар немесе бағалы қағаздар оларды
сақтауға берген адамға (не оның өкіліне) ол құжаттардың немесе
бағалы қағаздардың сақтауға қабылдануы жөнінде куəлікті (қажетті
болған ретте – тізімдемені де) көрсеткен жағдайда, не заңды күшіне
енген сот шешімі негізінде қайтарылады. Құжаттарды немесе
бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамның (не оның өкілінің)
жазбаша арызы негізінде құжаттар немесе бағалы қағаздар куəлікте
келісілген мерзімнен бұрын да беріледі.
Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам
қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға
құқық туралы заңда белгіленген тəртіпте берілген куəлік негізінде
мұрагерлерге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет