Оқулық «Нотариат туралы»


8.6. Жұбайлардың жəне ортақ бірліскен меншік құқығы



бет41/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

85
8.6. Жұбайлардың жəне ортақ бірліскен меншік құқығы 
негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері 
үлеске меншік құқығы туралы куəлік
Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адамдардың бірлескен
жазбаша арызы бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды
қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы
туралы куəлік береді. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік
құқығы туралы куəлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) неке қатынастарын куəландыратын құжат (неке туралы куəлік);
2) ортақ бірлескен меншік режимінен ерекшеленетін, мүліктің
өзге режимін белгілейтін неке келісімінің бұрын олардың арасында
жасалғандығы туралы жұбайлардың арызы;
3) алынып тасталынды
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)
жəне оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
5) автомотокөлік құралдарына техникалық төлқұжат (тіркеу ту-
ралы куəлік жəне т.б.), кеме куəлігі жəне т.б.
6) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге
де құжаттар (тұрғын үй-құрылыс, тұрғын үй жəне өндірістік
кооперативтердегі жинақтар, ақша салымдары, шаруашылық
серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестер).
Мүлікті бағалау актісі бұл жұбайлар арасындағы келісімде
айқындалған жағдайда талап етіледі.
Көзі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық
туралы куəлік берген кезде нотариус Нұсқаулықтың құжаттардан
басқа қайтыс болу туралы куəлікті талап етеді.
Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ
мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куəлікті мұра ашылған
жердегі нотариус көзі тірі жұбайдың жазбаша өтініші бойын-
ша мұраны қабылдаған мұрагерлер мұндай куəліктің берілуіне
қарсы болмаған жағдайда ғана, мұрагерлік құқық туралы куəлік
берілгенге дейін бір уақытта сонымен бірге бере алады. Егер көзі
тірі жұбай мұраға құқық туралы куəлік берілген соң жұбайлардың
ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік беру жөнінде
жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тəртібін түсіндіреді.
Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ
мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік беру туралы көзі
тірі жұбайдың арызын алған жағдайда, нотариус қайтыс болған




86
жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне почта арқылы хабар
жолдайды, онда көзі тірі жұбайдың үлесіне меншік құқығы ту-
ралы куəлік беруді өтінген жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы
көрсетіледі, сондай-ақ осындай куəлік беру туралы наразылықтар
болған ретте сотқа жүгіну тəртібі түсіндіріледі.
Мұрагерлердің қатарында əрекет қабілеті жоқ (əрекет қабілеті
шектеулі) азаматтар болған жағдайда хабар қамқоршы жəне
қорғаншы органға да жолданады.
Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері
келсе, оларға нотариус ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде
жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік
беру жөніндегі көзі тірі жұбайлардың арызына мұрагердің қолы
қойылып, белгі соғылады.
Егер хабарда көрсетілген, бірақ заңда белгіленген мерзімнен
аспайтын мерзімде мүдделі адамдардың наразылықтары немесе
жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік
беруді уақытша тоқтату туралы сот ұйғарымы келіп түспесе, нота-
риус көзі тірі жұбайға аталған куəлікті береді.
Егер неке шарты өзгеше белгіленбесе, жұбайлар ортақ мүлкіндегі
үлеске меншік құқығы туралы куəлік көзі тірі жұбайға неке
уақытында алынған ортақ мүліктің жартысынан аспайтын бөлігіне
беріледі.
Жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлеске меншік құқығы туралы
куəлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) белгіленген тəртіппен тіркелген құқық белгілеуші құжат;
2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)
жəне оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
3) алынып тасталды ;
4) егер жекешелендіру туралы шартқа кəмелетке толмаған бала-
лар қосылса, қамқоршы жəне қорғаншы органдардың келісімі.
Шаруа (фермерлік) қожалығындағы үлеске меншік құқығы тура-
лы куəлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) шаруа (фермерлік) қожалығын бірлесіп жүргізетін адамдар
шеңберін растайтын шаруашылық кітаптан алынған көшірме;
2) белгіленген тəртіппен тіркелген, жылжымайтын мүлікке
(тұрғын үй, жер учаскесі жəне т.б.) құқық белгілеуші құжаттар;
3) белгіленген тəртіппен тіркелген ауылшаруашылық техникасы-
на техникалық құжаттама жəне осы техниканы бағалау актісі.
Егер мүдделі адамдар шаруа (фермерлік) қожалығы мүлкінің




87
құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым
қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа
(фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нəтижесінде
алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус
тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бой-
ынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.
Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған жағдайда, куəліктердің
барлық түрлері тек несие берген банктің (заңды тұлғаның) не кепіл
ұстаушының рұқсатымен беріледі. Сот немесе тергеу органы салған
тыйым болған жағдайда, куəлік беру тыйым жойылғанға дейін
уақытша тоқтатылады.
Жұбайлардың немесе ортақ бірлескен меншік құқығында мүлкі
бар басқа адамдардың ортақ бірлескен меншігіндегі үлеске құқық
туралы куəлік құқық белгілейтін дербес құжат болып табыла-
ды. Сондықтан осындай куəліктер беру кезінде мүлікке құқық
белгілейтін құжаттар алынып тасталады жəне олар нотариуста
қалады.
Құқық белгілеуші құжат (куəліктің берілгені туралы белгісі
бар) нотариус жұбайлардың бірлескен меншігінде тұрған мүліктегі
үлеске меншік құқығы туралы куəлік бергенде жəне оларға қоса
мүліктің меншік иелері құрамында үлестері аталған жағдайда
айқындалмайтын басқа адамдар болғанда ғана қайтарылады. Бұл
ретте нотариустың iстерiнде құқық белгілейтiн құжаттың көшiрмесi
қалады.
Нотариус қолданылып жүрген заңдарға сəйкес мемлекеттік
тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы куəліктің
белгіленген тəртіппен тіркелуге тиіс екендігін түсіндіреді. Тұрғын
үйге (саяжайға), үйдің (саяжайдың) бөлігіне пəтерге меншік құқығы
туралы куəлік олардың тұрғын жері бойынша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет