42
бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақ тық əділет ор-
ганына өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
Нотариаттық палата өз қызметін жарғы негізінде атқарады.
Жарғыда: атауы, қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері; палатаның
құқықтары мен міндеттері; мүше болу мүшелікті тоқтата тұру жəне
одан айрылу шарттары мен тəртібі; мүшелердің құқықтары мен
міндеттері, жауапкершілігі; басшы органдарды құру тəртібі, олардың
атқаратын қызметтері мен өкілеттік мерзімі; мүліктің қалыптасу көздері
жəне мүлік пен табысты пайдалану тəртібі; жарғыға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тəртібі; палатаны қайта құру мен тарату тəртібі;
таратылған жағдайдағы мүліктің тағдыры, т.б. көзделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: