44
5-ТАРАУ
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ƏРЕКЕТТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
5.1. Нотариустармен жасалынатын іс-əрекеттер
5.2. Уəкiлеттi лауазымды адамдармен жəне консулдық
қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-
əрекеттер
5.3. Нотариаттық түрде куəландырылған құжаттарға теңес-
тiрiлген өсиеттер мен сенiмхаттарды лауазымды адам дардың
куəландыруы
5.1. Нотариустармен жасалынатын іс-əрекеттер
Жеке практикамен айналысатын нотариустың құзыретіне мына-
лар кіреді:
1) мəмiлелердi куəландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң
құрылтай құжаттарын
куəландырады;
3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куəлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың жəне ортақ бiрлескен меншiк
құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске
меншiк құқығы туралы куəлiктер бередi;
6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады жəне салынған тыйым-
ды алып тастайды;
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын куəландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландырады;
9) құжаттардың бiр тiлден екiншi
тiлге дұрыс аударылғанын
куəландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куəландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куəландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куəландырады;
13) жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке жəне
заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15)
вексель наразылықтарын жасайды;
45
16) сақтауға құжаттар жəне бағалы қағаздар қабылдайды;
17) теңiз наразылықтарын жасайды;
18) дəлелдемелердi қамтамасыз етеді.
Бірақ осы аталған іс-əрекеттер осы тізімімен шектелмейді, демек
нотариустардың құзыреттіне басқа да нотариалдық іс-əрекеттер жа-
салуы да көзделу мімкін.
Достарыңызбен бөлісу: