39
кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi
аппараттарының нотариаттық iс-əрекеттер жасайтын лауазымды
адамдарын аттестациялау туралы ереже əзiрлейдi жəне бекiтедi; же-
кеше нотариустарды есеп алып тiркеу тəртiбi туралы ереже əзiрлейдi
жəне бекiтедi; əрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың
санын бекiтедi; əдiстемелiк, нұсқамалық жəне түсiндiрмелiк ма-
териалдар əзiрлейдi; нотариустардың
қызметiн лицензиялайды;
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата
тұру жəне оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-
ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға баста-
машы болады; Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бой-
ынша нотариустардың қызметiн бақылау тəртiбiн бекiтедi; кадрлық
резерв жəне нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс
өткiзу туралы ереженi бекітеді жəне т.б. іс-əрекеттерді жасап келеді.
Аумақтық əдiлет органының құзыретінде:
Мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады жəне тарата-
ды; азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк нотариус-
тар дың қызметтiк iс-əрекеттерiне
өтiнiштерiн қарайды; жекеше
нотариустардың заңнамаларының талаптарын сақтауын бақы -
лауды ұйымдастырады жəне өздерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан
жалтарған жəне жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Ре-
спубликасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше
нотариустарға шаралар қолданады; аудандық маңызы бар қаланың,
кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi
аппараттарының нотариаттық iс-əрекеттер жасайтын лауазым-
ды адамдарына əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсетедi;
нотариустың заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-
қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын
бақылауды жүзеге асырады; жекеше нотариусты жауапқа тарту тура-
лы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi; жекеше нотариустардың
келу сипатындағы есептiлiк тiркеуiн жүргізеді; ҚР заңдарының та-
лаптарына сəйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсы-
рысты жүзеге асырады жəне оларды бередi; нотариаттық iс-əрекет
жасауға уəкiлеттi аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi аппараттарының ла-
уазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi; заңда көзделген
40
жағдайларда мемлекеттiк нотариатты
оңтайландыру жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асырады.
Аумақтық əдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет
аумағын белгiлейдi;
2) Əдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi
нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған
адамдардың резервiн қалыптастырады жəне жекеше нотариустың
бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға
ұсынылады жəне сонда сақталады;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда
нотариаттық iс-əрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-
əрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нота-
риаттық iс-əрекеттердiң заңдылығына жəне оның iс жүргiзу
ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға
аттестаттау жүргiзедi.
10) тиiстi нотариаттық округте
қызметi тоқтатылған нота-
риустың жеке мөрiн жою жəне құжаттарын басқа нотариусқа не-
месе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнiндегi, сондай-ақ егер
нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға
беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: