56
Жіберілетін құжаттар хат-хабарлардың шығыс журналында
тіркеледі. Құжатқа хат-хабарлардың шығыс журналындағы реттілік
нөміріне сай келетіндей тіркеу нөмірі, сондай-ақ оның көшірмесі
сақталатын наряд нөмірі қойылады. Хат-хабарлар алушыларға по-
шта арқылы жіберіледі немесе қолға тапсырылады.
Құжаттардың орындалу сапасы мен мерзімдеріне бақылау жасау-
ды мемлекеттік нотариат кеңсесін басқаратын нотариус немесе жеке
практикамен айналысатын нотариус жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінің жəне жеке практикамен ай-
налысатын нотариустың құжаттары олар орындалғаннан кейін белгілі
бір мəселелер бойынша құжаттар жиынтығы ретінде іске топта-
стырылады. Құжаттарды топтастыру іс жүргізуде олардың сақталу
мерзімдері көрсетілген жүйеленген тақырыптар тізбегінен тұратын үлгі
номенклатурасының негізінде іс номенклатурасында түзіледі.
Нотариат істері номенклатурасының даналары қажетті мөлшерде
басылады жəне келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Іс номенклатурасы тиісті түзетулермен қайта жасалады жəне
тиісті мұрағатпен келісіледі де, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
жетекшісі немесе жеке практикамен айналысатын нотариус бекітеді.
Іс номенклатурасының алғашқы данасы нотариуста сақталады,
екіншісін нотариус жұмыста пайдаланады, үшіншісі нотариат
мұрағатына тапсырылады, төртіншісі іс номенклатурасы келісілген
мұрағатта қалдырылады.
Іс номенклатурасында күні бұрын көзделмеген, бірақ жыл бой-
ына қосымша нарядтар жүргізу қажет болған жағдайда пайдала-
ну үшін резервтік нөмірлер көзделеді. Жыл аяқталғаннан кейін
ашылған нарядтардың саны туралы қорытынды жазу енгізіледі.
Уақытша сақтау істері үшін есеп құжаты ретінде іс
номенклатурасының бір данасы мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
немесе тұрақты түрде жеке практикамен айналысатын нотариустың
мұрағатында қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: