53
ат органына нотариаттық іс-əрекетті жасау туралы өтінішпен қайта
жүгіне алады.
Егер сот тарапынан нотариустың нотариаттық іс-əрекет жасаудан
бас
тартуы негізді деп танылса, онда мүдделі тұлғалар болашақта
осыған ұқсас өтінішпен нотариат органына өтініш білдіру құқығына
ие бола алмайды.
Тағы да бір шектеуді естен шығармаған жөн. Нотариуспен
жергілікті атқару органдары лауазымды
адамдарының өз атынан,
өз жұбайының, оның жəне өз туыстарының (ата-аналары, балала-
ры, аға-інілері, апа-сіңлілері, немерелері, атасы, əжесі) атына жəне
олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға құқығы жоқ. Бұл
шектеуді орындамаған жағдайда нотариустың
ар-ождан Кодексі
негізінде нотариус жауапкершілікке тартылады.
Аталған реттердегі нотариаттық іс-əрекеттерді кез келген басқа
нотариус жасайды.
Нотариуспен жəне жергілікті атқару органдарының лауазым-
ды адамдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып жасалған
нотариаттық іс-əрекеттердің нотариаттық заңдық күші жоқ жəне
олар жарамсыз болып табылады.
Нотариус əрекеттеріне немесе нотариатты əрекетті жасаудан бас
тартуына берілетін шағым.
Егер нотариус жіберілген қатенің
салдарынан өзінің жасаған
нотариаттық іс-əрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы
келгенін немесе заңды жəне жеке тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін
бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы заңмен
белгіленген тəртіпте көрсетілген нотариаттық іс-əрекеттің күшін
жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті прокуратура органда-
рына хабарлауға міндетті. Прокурорға ұсыныс жасалғаны туралы
нотариус аумақтық прокуратура органына мүдделі адамдарға, əділет
органдарына, нотариаттық палатаға жеткізеді.
Нотариус өз бастамасы бойынша немесе мүдделі
адамдардың
өтініші бойынша куəландырылған немесе берілген құжаттары
мəнін өзгертпейтін жəне заңмен қорғалатын үшінші жақтардың
құқықтары мен мүдделеріне тимейтін көпе-көрінеу жаңылыс жазу-
лар мен арифметикалық қателерді түзете алады.
Нотариустың қызметі тоқтатылған не
мемлекеттік нотариаттық
кеңсе таратылған жағдайда нотариаттық куəландырылған немесе
берілген құжаттарға жоғарыда көрсетілген түзетулерді құжаттар
сақтауға берілген нотариус, нотариатқа палата енгізеді
.