Оқулық «Нотариат туралы»


Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары



бет21/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары
1. Қолданыстағы заңнама нормаларына сəйкес, ҚР нотариус-
тарының қандай іс-əрекеттер жасауға құқықтары бар?
2. Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары қандай
нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға уəкілетті болып табылады?
3. Консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамға
қолданыстағы заңнама қандай нотариаттық іс-əрекеттер жасау
құқығын береді?





48
4. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес нотариаттық іс-əрекет жасауға
басты негіз болып табылатын азаматтардың əрекет қабілеттілігі
дегеніміз не?
5. Əрекет қабілеттілігінің қандай түрлері бар?
6. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі дегеніміз не?
7. Нотариаттық тəртіппен рəсімделетін құжаттарға қол қоюға
байланысты қандай нормативтік талаптар көзделген?
8. Нотариаттық іс-əрекет жасау үшін ұсынылатын құжаттарға
қандай нормативтік талаптар көзделген?
9. Нотариаттық куəландыру үшін ұсынылған құжаттың
түпнұсқалығын анықтау туралы нотариус қаулысында қандай мəн-
жайлар қамтылуы қажет?
10. Нотариаттық іс-əрекеттерді жасау қандай жағдайларда
кейінге қалдырылуы мүмкін?
11. Заңнама талаптары бойынша қандай жағдайларда нотариаттық
іс-əрекет жасаудан бас тартуға негіздеме бар?





49
6-ТАРАУ
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ƏРЕКЕТТЕР ЖАСАУДАҒЫ 
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
6.1. Нотариаттық iс-əрекеттер жасау жəне тоқтата тұру 
тəртібі
6.2. Нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тарту
6.3. Нотариаттық іс қағаздарын жүргізудің жалпы ережелері.
6.4. Нотариаттық мұрағат жəне істерді сақтау.
6.1. Нотариаттық iс-əрекеттер жасау жəне 
тоқтата тұру тəртiбi
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес белгілі бір
нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-
əрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен
басқа жағдайларда кез келген нотариус ҚР-ның бүкіл аумағында
нотариаттық іс-əрекеттер жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы:
1. мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындауда;
2. мұраға құқық туралы куəліктер бергенде;
3. жұбайлардың жəне ортақ бірлескен меншік құқығындағы
мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы
туралы куəліктер бергенде;
4. тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу
жəне кепілге салу туралы құжаттарды куəландырғанда сақталады.
Нотариаттық іс-əрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында,
үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-
əрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын
нотариус кеңсесінде немесе жеке қызметпен айналысатын нотари-
ус кеңсесінен тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куəландыру
жазбасында жəне нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеуге арналған
тізілімде нотариаттық іс-əрекеттер жасалған орынның мекенжайы
жəне уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариус пен жергілікті атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының өз атына жəне атынан, өз жұбайының, оның жəне өз
туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері,
4–221





50
немерелері, əжесі, атасы) атына жəне олардың атынан нотариаттық
іс-əрекеттер жасауға құқығы жоқ.
Осы ережелерді бұза отырып жасалған нотариаттық іс-əрекеттер
жарамсыз болып табылады.
Нотариаттық іс-əрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар
табыс етіліп, мемлекеттік нотариус немесе «Нотариат туралы заң»
арқылы нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілдік берілген адамдар
болған жағдайда мемлекеттік баж төлеген немесе жекеше нотариус
арқылы нотариаттық іс əрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1. жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтерді талап ету
қажет болғанда;
2. құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты не-
месе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бой-
ынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған
өтінішке оның қабылданған күні жəне өтініш беруші адамның жеке
басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну
тəртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
Нотариаттық іс-əрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қау лы
шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейін ге қалдырылуы
мүмкін. Нотариаттық іс-əрекет жасау кейінге қалды рылған жағдайда
нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-əрекет жасауға жүгінген
күннен бастап үш күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-əрекет жасауды
кейінге қалдыруының дəлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Нотариаттық іс-əрекеттер жасау мынадай негіздер бойынша:
1. Жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтерді талап ету
қажет болғанда;
2. Құжаттардың сараптамаға жіберілуі негізінде кейінге
қалдырылуы мүмкін.
Нотариаттық іс-əрекеттер жасауды кейінге қалдыру мерзімі
нотариаттық іс-əрекеттер жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы
шығарылған күннен бастап бір айдан аспауы керек.
Басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты немесе
фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша нотариаттық
іс-əрекеттер жасау он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы
мүмкін. Егер осы мерзім ішінде соттан өтініштің түскені туралы хабар
алынбаса, нотариаттық іс-əрекеттер жасалуы тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куəландыруды өтінген құқық пен фактіні





51
даулаушы мүдделі адамның өтініші түскені туралы соттан хабар
алынған жағдайда, нотариаттық іс-əрекеттер жасау сот істі шешкен-
ге дейін тоқтатыла тұрады.
Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық іс-əрекеттер
жасаған кезде нотариаттық іс-əрекеттер жасауды өтінген азаматтың,
оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.
Адамның жеке басын анықтау нотариаттық іс-əрекеттер жаса-
уды өтінген азаматтың жеке куəлігі немесе төлқұжаты негізінде
жүргізіледі.
Нотариаттық іс-əрекет барлық қажетті құжаттар ұсынылған
жəне мемлекеттік төлемақы төленген күні (нотариаттық іс-əрекетті
мемлекеттік нотариус жасағанда) немесе жеке нотариустың
нотариаттық іс-əрекеттеріне төлемақы төленген күні жүзеге асыры-
лады.
Сонымен қатар белгілі жағдайларда нотариаттық іс-əрекеттерді
жасау:
1. Жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтер талап
ету қажет болғанда;
2. Құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. Басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты
немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша
кейінге қалдырылуы мүмкін.
4. Аталған жағдайларда нотариус тиісті қаулы шығарып,
нотариаттық іс-əрекетті жасауды отыз күннен аспайтын мерзімге
кейінге қалдырады, ал бұл мерзім қаулы шығарылған сəттен бастап
саналады.
Мысалы, құжаттар ұсынылған күні нотариаттық іс-əрекет жасауға
басқа адам куəландыруды сұрап отырған құқық немесе фактіге да-
уласып, мүдделі адамның сотқа арыз беруі кедергі болуы мүмкін.
Бұл жағдайда нотариус тарапынан нотариаттық іс-əрекет жасау
арыз берілген күннен бастап, он күннен аспайтын мерзімге кейінге
қалдырылуы мүмкін. Егер осы мерзім аралығында соттан арыздың
келіп түскені туралы жазбаша хабарлама келмесе, онда нотариаттық
іс-əрекет жасалуы мүмкін. Ал мұндай хабарлама келіп түскен
жағдайда нотариаттық іс-əрекет істі сот шешіп, сот шешімінің заңды
күшіне енуіне дейін тоқтатылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет