Оқулық «Нотариат туралы»


нымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы келісімшарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді. 5



бет28/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

68
нымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы келісімшарттың
жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.
5. Нотариус ҚР заң талаптарына сəйкес іс-əрекетке қабілетті
азаматтар жасаған жəне олардың өздері нотариусқа табыс еткен
өсиеттерді куəландырады, мұндай жағдайда өсиет қалдырушының
азаматтығына мəн берілмейді. Бірнеше тұлғалар атынан не өкілдер
арқылы өсиеттерді куəландыруға жол берілмейді. Өсиет жазбаша
түрде дайындалып, оны жасау орны мен уақыты көрсетіліп, өсиет
қалдырушының қолы қойылуы керек.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістігіне немесе өзге себептерге
байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмаса басқа азамат қол
қояды, бұл туралы куəландыру жазбасында тиісті белгі соғылады.
Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ
заңды тұлғалардың жəне мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер
өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы
əрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың əрқайсысына
тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің
тең екенін көрсетуі керек.
Мұрагер, егер мұны өсиет қалдырушының өзі қаламаса, басқа
жағдайларда өсиет жасау кезінде қатысуға құқылы емес, бұл
жөнінде өсиет қалдырушының, нотариустың жəне оның мөрінің
бедерлемесімен, қойған қолдарының расталуымен өсиеттің екі да-
насына да белгі соғылады. Өсиетті куəландыру кезінде нотариус
өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кəмелетке толмаған немесе
еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан
міндетті үлесін алуға құқылы екендігін түсіндіреді, бірақ бұл ере-
же ақшалай салымға өсиет жасау кезінде қолданылмайды. Нота-
риус өсиет қалдырушының өтініші бойынша өсиеттен бас тар-
туды, міндеттемелер жүктеуді, мұрагерді тағайындауды, өсиетті
орындаушыны тағайындауды қамтитын шарттарды өсиетке енгізу
мүмкіндігін түсіндіреді. Өсиеттің мəтінінде өсиетті орындаушыны
тағайындау туралы шарт енгізілуі мүмкін. Өсиетті орындау мұра
қалдырушы арқылы өсиеттер тағайындалған мұрагерлермен қатар
басқа адамға да жүктелуі мүмкін. Өсиет орындаушы болып əрекет
қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке
қол қойған адам тағайындалмайды.
Нотариаттық органда өсиетті есепке алудың кітабы жүргізіледі.
Оған осы органда куəландырылған өсиеттер, сондай-ақ нотариаттық
куəландыруға теңестірілген өсиеттерді куəландыруға өкілетті лауа-





69
зымды адамдардан алынған өсиеттер туралы мағлұматтар енгізіледі.
Өсиет алдыңғы толық немесе жартылай өзгертетін жаңа өсиетті
жасау жолымен жəне өсиетті бұзу туралы өтініш беру жолымен
өзгертілуі мүмкін.
Өкіл арқылы өсиетті бұзу туралы хабарлама алуға, бұған дейін
жасалған өсиетті бұзатын немесе өзгертетін жаңа өсиет алумен
теңестіруге жол берілмейді. Өсиетті бұзу туралы арыздағы қолдың
түпнұсқалылығы нотариаттық жолмен куəландырылуы керек.
Өсиетті бұзу немесе өзгерту туралы хабарламаның нотариаттық
куəландырылуы тиіс болады. Нотариус өсиет бұзылған жағдайда
бұл туралы нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеуге арналған түзілімде
жəне алфавиттік кітапқа, істерде сақталатын өсиеттің данасына, ал
мүмкіндігіне қарай мұра қалдырушының қолындағы данаға белгі
соғады. Осы дана өсиет қалдырушыдан алынып, істерде сақталатын
данаға тігіледі. Егер өзгертілетін өсиет басқа нотариат кеңсесінде
сақталса, нотариус осы органға өсиетті бұзу туралы куəландырылған
өтінішті қосып хабарлама жібереді.
6. Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе
бірнеше адамның атына сенімхаттарды куəландырады. Сенімхат
мəтінінде оның жасалған жері, күні, өкілдің жəне өкілеттенушінің
аты-жөні, тұратын жері, қажет жағдайда қызметі көрсетілуі керек.
Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі жəне үш жыл-
дан аспауы керек. Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған
күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды. Жасалған күні
көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып есептеледі.
Нотариаттық куəландыру талап етілетін мүлікті басқаруға,
мəмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру
тəртібімен берілетін сенімхат нотариаттық куəландыруға жатады.
Қайта сенім білдіру тəртібімен берілетін сенімхат қайта сенім
білдіру құқығы көрсетілген тек негізгі сенімхат бойынша өкілдің
сенімхатты берген адамның мүддесін қорғау жағдайына байланы-
сты дəлелдемелерді ұсынғаннан кейін барып куəландырылады.
Сенімхатты куəландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның
тексерілетін мүлікке құқығын растайтын дəлелдемелер талап
етілмейді. Қайта сенім білдіру тəртібімен берілген сенімхатта
берілген құқықтардан артық құқық болуға тиіс емес. Мұндай
сенімхаттың мерзімі өзін беруге негіз болған сенімхаттың қолданылу
мерзімінен артпауы тиіс. Қайта сенім білдіру тəртібімен берілген
сенімхатта негізгі сенімхатты куəландырудың уақыты мен орны,





70
негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, тұратын жері, сондай-
ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, қажет жағдайда олардың қызметі
көрсетілуі керек. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы
белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын
сенімхаттың данасына қосылады.
Сенімхат беруші тұлға кез келген уақытта сенімхатты не-
месе қайта сенім білдіру туралы сенімхатты бұзуға құқылы, ал
сенімхат берілген тұлға кез келген уақытта одан бас тартуға
құқылы. Бұл құқықтардан бас тарту жөніндегі келісім жарамсыз
болып табылады.
Сенім білдірушінің сенімхатты бұзу туралы өтініші нотариаттық
куəландырылуы керек. Бұл жағдайда нотариус сенімхатты бұзу-
шы адамға сенім білдірушіге жəне барлық белгілі үшінші
адамдарға сенімхат берілген өкілдікке, сонымен қатар сенімхатты
куəландырған нотариусқа сенімхаттың бұзылғандығы жөнінде ха-
барлау міндеттілігін түсіндіреді. Сенім білдірушіге жəне мүдделі
үшінші адамдарға сенімхаттың бұзылуы туралы хабарлау міндеті
сенім білдірушіге жүктеледі.
7. Нотариус шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары
Құрылтай шарты мен Жарғыны куəландырады. Шаруашылық
серіктестіктерінің Құрылтай шартына оның барлық қатысушылары
қол қояды. Шаруашылық серіктестігінің Жарғысына, Құрылтай шар-
тына сəйкес осы серіктестіктің басқарушысы болып тағайындалған
құрылтайшы немесе шаруашылық серіктестігіне қатысушылар
тағайындаған оның бірінші басшысы қол қояды.
Нотариус құқықтық нысандардағы өзге коммерциялық емес
ұйымдардың (өндірістік жəне тұтыну кооперативтерінің, қоғам-
дық жəне діни бірлестіктердің, қоғамдық қорлардың, қауым-
дастықтардың, т.б.) құрылтай құжаттарын куəландырудан бас
тартуға құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет