25
лауазымды тұлғалары, бас дəрігер, қарттар мен мүгедектер үйінің
бастығы, нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілетті əскери
мекемелердің басшылары кіреді.
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту мен кəсіпкерліктің
дамуына, меншік нысанының алуан түрлілігіне байланысты нотари-
ат реформасы қажет болды. Сол себептен 1997 жылы 14 шілдеде
“Нотариат туралы” заң қабылданды.
Бұл реформаның нəтижесінде экономикалық кеңістікте 2:
біріншісі – мемлекеттік кеңседегі нотариус,
екіншісі – жеке практикамен айналысушы нотариус қызмет
ететін болды.
Олардың айырмашылығы мынада: мемлекеттік нотариус
нотариаттық қызмет үшін түсетін пайданы мемлекетке береді де, ол
үшін нақты жалақы алады, ал жеке практикамен айналысатын нота-
риус барлық ақшаны өзіне алады (салық пен заңда көзделген басқа
жағдайларды қоспағанда).
Нотариаттың азаматтық қоғамдағы маңызы өте зор. Нотариус-
тар адамдарға толық меншік иесі болуына көмектеседі, құқықтық
тəртіптің орнауына белсенді қатысады. Шынымен де, қазіргі кездегі
жаңа меншік құқықтық қатынастарының пайда болуына байланы-
сты көптеген азаматтар нотариустың көмегіне жүгінеді. Өйткені
нотариус заңды тұлғалар мен азаматтардың заңды мүдделері мен
сөзсіз құқықтарының кепілі болып табылады.
Нотариат – мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қаралады.
Бұл жүйеге ҚР Əділет министрлігі, мемлекеттік нотариустар, жеке
практикамен айналысушы нотариустар, консулдық мекемелер мен
атқарушы биліктің лауазымды тұлғалары жəне ерекше жағдайда
нотариаттық іс-əрекеттер жасауға өзге де уəкілетті лауазымды
тұлғалар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: