Оқулық «Нотариат туралы»


Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары



бет10/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары
1. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес нотариаттық іс-əрекет жасауға
басты негіз болып табылатын азаматтардың əрекет қабілеттілігі
дегеніміз не?
2. Əрекет қабілеттілігінің қандай түрлері бар?
3. Заңнама талаптары бойынша қандай жағдайларда нотариаттық
іс-əрекет жасаудан бас тартуға негіздеме бар?





26
3-ТАРАУ
НОТАРИАТ ОРГАНЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ.
3.1. Қазақстан Республикасындағы нотариат органдарының 
жүйесі
3.2. Нотариалдық округ
3.3. Нотариустардың құқықтық дəрежесі
3.4. Нотариустардың құқықтары, міндеттері жəне шектеулері
3.1. Қазақстан Республикасындағы нотариат 
органдарының жүйесі
Нотариатты Қазақстан Республикасында органдар жүйесі,
соны мен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес
нотариалдық қызметті іске асыру құқығы берілген лауазымды
тұлғалар құрайды. Бұл жүйеге мемелекеттік нотариалдық кеңселерде
жұмыс істеуші нотариустар немесе жеке тəжірибемен айналы-
сушылар, сонымен қатар, заңнамаға сəйкес ерекше жағдайларда
ғана нотариалдық əсерлермен айналысуға құқығы бар лауазымды
тұлғалар кіреді.
Нотариаттық жүйеге кіретін органдар өкілеттілігі əртүрлі.
Нотариалдық əсерлерді толық көлемде мемлекеттік нотариалдық
қеңселерде жұмыс істейтін нотариустар əрі жеке тəжірибеленушілер
атқарады.
Нотариаттық органдар жүйесіне кіретіндердің қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңымен бас-
қарылады. Нотариустар кəсіби қызметтерінде тəуелсіз жəне тек
заңға бағынады, дегенмен ол иерархиялық пирамиданың құрамына
кіреді, əрі оның төменгi жəне негiзгi буыны болып табылады.
Жүйенің шыңында Қазақстан Республикасының Əділет
министрлігі тұрады, оның құрамына нотариатты дамыту стар-
тегиясын құрушы, əдістемелік жəне арнайы сұрақтар бойынша
нұсқаулықтарды өңдеуші нотариат бөлімдері кіреді.
Дербес тұратыны, аймақтық нотариалдық палаталар –
коммерциялық емес ұйымдар, оның құрамында нотариустар əрі
нотариалдық қызметпен айналасу құқығына лицензия алуға үміткер
тұлғалар бола алады.





27
Заңға сəйкес палаталардың функциясы айтарлықтай кең: жеке-
ше нотариустардың қызметiн үйлестiрiп отырады, нотариаттық
iс-əрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асырады, нотариустарды сынақтан өткiзу мен
оқытуды ұйымдастырады жəне т.б.
Ал аймақтық палаталары республикалық палатаның мүшесі
болып келеді. Республикалық палатаның функциясына: өзінің
мүшесіндегі нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп оты-
рады, Қазақстан Республикасы Əдiлет министрлiгiнiң нотариат
мəселелерi бойынша заң жобалары жөнiндегi жəне сарапшылық
қызметiне қатысады; нормативтiк құқықтық актiлердi əзiрлеуге
қатысады жəне нотариат мəселелерi жөнiнде əдiстемелiк матери-
алдар əзiрлейдi жəне т.б. іс-əрекеттер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет