13
құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.
Нотариаттың қайнар көздер терминінің негізгі түсінігі заңды түрде
субъектілерге қарым-қатынас тəртібін бекіту. Қайнар көз ретінде
саналу үшін, əр нысан бірнеше факторларға, белгілерге ие болуы
керек.
Заң əдебиетінде көптеген авторлар əкімшілік құқығының қайнар
көздері ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді, олар:
1. Нормативті актілер.
2. Құқықтық салт-дəстүр.
3. Сот прецеденті.
4. Шарт
5. Сот тəжірибесін жалпылау.
6. Ғылыми құқықтық доктрина.
1. Нормативтік құқықтық актілер – референдумда қабылдан ған
өкілетті орган немесе мемлекеттік
лауазымды адам қабылдаған,
құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын
өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата тұратын белгіленген
нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт – қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы. Құқық нормасы
(құқықтық норма) – нормативтік кұқықтық актіде тұжырымдалған,
көп мəрте қолдануға арналған жəне нормативтік реттелген ахуал
шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті
мінез-құлық ережесі.
2. Құқықтық салт-дəстүр деп қоғамдағы
мемлекеттік билікке
тəуелсіз пайда болған тəртіптер жиынтығын айтуға болады, соны-
мен қатар оның мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын
орны ерекше. Бүгінгі күні ол қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы
21 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 3-бабында азаматтық құкықтың қайнар көзі ретінде салт-
дəстүр танылады деп көрсетілген.
3. Сот прецеденті деп белгілі бір іс бойынша сот қабылдаған
шешімнің тура сондай істерге қолданылуын айтуымызға болады.
Сот прецеденті əкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде англо-сак-
сон құқық жүйесінде кеңінен қоданылады. Бірақ құқықтың аталған
қайнар көзі Қазақстанның құқық жүйесіне тəн емес.
4. Шарт – екі немесе одан да көп субъектілердің арасындағы
келісім. Құрамы мінез-құлық ережелерінен тұрады жəне тек қана осы
субьектілер үшін ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің
барлық талаптарына сай келеді.
14
5. Сот тəжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту – бұл бірдей
жəне көптеген нормалардың қатынасының нəтижесінде
шығатын
нақты істі шешу барысында пайда болған құқықтық жағдай. Соттық
тəжірибені жалпылау, егер республиканың Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулысымен қаралса құқықтың қайнар қайпар көзі
болып табылады, сонымен қатар құқық қабылдау жəне
құқықтық
шығармашлық кызметінде зор рөл атқарады.
6. Ғылыми-құқықтық доктрина — құқық жəне құқық ғылымы
саласындағы пайда болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі.
Құқықтық доктринаның негізгі жағдайларымен байланысты мына-
лар іске асады:
- құқықтық əрекет;
- құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң нормаларын
талқылау;
- құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі
функциясын атқарады, алайда оны
бірқатар жағдайларға бай-
ланысты нотариаттық қызмет атқарудағы қайнар көзі қатарына
жатқызуға да болмайды. Біріншіден, ғылыми доктринада нақты
іс-əрекет тəртібіне сілтеме табу қиын, бұл оны күнделікті əрекетте
қолдануды қиындатады. Екіншіден, ғылыми доктрина мемлекеттік
билікпен арнайы қайнар көз ретінде қабылданбайды,
сондықтан
оның, шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар
көзіне сілтемесіз заңды күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 та-
мызда референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция
нотариаттың қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Консти-
туция құқық негізін құрайды, сонымен қатар барлық азаматтық,
құқықтық элементтерінің бағынуын қадағалайды. Президент, Пар-
ламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп қабылданады.
Олардан басқа азаматтық құқықтың
қайнар көздеріне тағы да
ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады.
Нарықтық экономиканың құқықтық негізін құрайтын түйінді
заңдардың бірі – Қазақстан Республикасының 1997 жылдың
14 шілдесінде қабылданған «Нотариат туралы» Заңы. Бұл заң
нотариаттың құрылымдық негізінің өзгеруін ескере отырып,
мемлекеттік нотариатпен қатар жекеменшік нотариаттардың пайда
болатынын айқындады.
Сонымен қатар нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нор-
15
маларынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті
реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жүргізу заңдар мен нормативтік
құқықтық актілермен бірге Нұсқаулықтарға,
Ережелерге не-
гіз деледі. Оған Қазақстан Республикасы нотариустарының
нотариаттық іс-əрекеттерді жасау тəртібі туралы, Қазақстан Респу-
бликасында нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі, Қазақстан
Республикасы нотариустарының депозиттік операцияларға есеп
жүргізу тəртібі туралы нұсқаулықтары, Нотариустардың сынақтан
өтушілері туралы, Нотариаттық
қызмет құқығына лицензиялар
беру тəртібі туралы, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, т.б. ережелері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: