Оқулық «Нотариат туралы»


6.2. Нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тарту



бет22/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
52
6.2. Нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тарту
ҚР «Нотариат туралы» Заңының 48-бабына сəйкес, нотариус келесі
жағдайларда нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тарта алады:
1. Мұндай іс-əрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2. Іс-əрекетті басқа нотариат жасауға тиіс болса;
3. Нотариаттық іс-əрекет жасау жөнінде қабілетсіз азамат немесе
қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтініш жасаса;
4. Заңды тұлға атынан жасалатын мəміле оның жарғысында не-
месе ережесінде көрсетілген мақсаттарға қайшы келсе;
5. Мəміле заңдар талаптарына сəйкес келмесе;
6. Нотариаттық іс-əрекет жасау үшін табыс етілген құжаттар заң
талаптарына сəйкес келмесе.
Іс-əрекет нотариаттық орган тарапынан жасалуы қажет болмай-
тын жағдайда нотариус нотариаттық іс-əрекет жасаудан бас тарта
алады.
Арызданған тұлғаларға нотариаттық іс-əрекет жасаудан бас
тартылған жағдайда нотариус ол нотариаттық іс-əрекет жасауға
өтініш берген күннен бастап он күннен ішінде жазбаша түрде бас
тарту себебі көрсетілген дəлелді қаулыны береді.
Бұл қаулыда нотариус:
- қаулының шығарылған күнін;
- нотариустың фамилиясы мен аты-жөнін;
- нотариаттық іс-əрекетті жасау туралы өтініш берген азаматтың
фамилиясын, атын, əкесінің атын;
- оның тұрғылықты жері (заңды тұлғаның аталуы мен адресі)
мүдделі тұлға жасауды өтінген нотариаттық іс-əрекетті;
- нотариаттық іс-əрекет жасаудан бас тарту себептерін (заңнамаға
сілтеме жасау арқылы);
- бас тарту туралы шағымдану тəртібі мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
Нотариаттық іс-əрекет жасаудан бас тартуға сот тəртібімен
шағымдануға болады. Бұл процедура ҚР Азаматтық істер жүргізу
кодексінің 279-бабымен реттеліп, ерекше өндіріс тəртібімен жүзеге
асырылады.
Осылайша, бір жағдайда мүдделі тұлғалардың нотариусқа
жүгінуге мүлдем құқығы жоқ болса, басқа жағдайларда нотариаттық
іс-əрекетті жасауға қажетті шарттардың орындалмауы бас тарту
себебі ретінде танылады. Нотариаттық іс-əрекетті жасауға кедергі
болып отырған жағдайлар жойылған соң, мүдделі тұлғалар нотари-





53
ат органына нотариаттық іс-əрекетті жасау туралы өтінішпен қайта
жүгіне алады.
Егер сот тарапынан нотариустың нотариаттық іс-əрекет жасаудан
бас тартуы негізді деп танылса, онда мүдделі тұлғалар болашақта
осыған ұқсас өтінішпен нотариат органына өтініш білдіру құқығына
ие бола алмайды.
Тағы да бір шектеуді естен шығармаған жөн. Нотариуспен
жергілікті атқару органдары лауазымды адамдарының өз атынан,
өз жұбайының, оның жəне өз туыстарының (ата-аналары, балала-
ры, аға-інілері, апа-сіңлілері, немерелері, атасы, əжесі) атына жəне
олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға құқығы жоқ. Бұл
шектеуді орындамаған жағдайда нотариустың ар-ождан Кодексі
негізінде нотариус жауапкершілікке тартылады.
Аталған реттердегі нотариаттық іс-əрекеттерді кез келген басқа
нотариус жасайды.
Нотариуспен жəне жергілікті атқару органдарының лауазым-
ды адамдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып жасалған
нотариаттық іс-əрекеттердің нотариаттық заңдық күші жоқ жəне
олар жарамсыз болып табылады.
Нотариус əрекеттеріне немесе нотариатты əрекетті жасаудан бас
тартуына берілетін шағым.
Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған
нотариаттық іс-əрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы
келгенін немесе заңды жəне жеке тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы заңмен
белгіленген тəртіпте көрсетілген нотариаттық іс-əрекеттің күшін
жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті прокуратура органда-
рына хабарлауға міндетті. Прокурорға ұсыныс жасалғаны туралы
нотариус аумақтық прокуратура органына мүдделі адамдарға, əділет
органдарына, нотариаттық палатаға жеткізеді.
Нотариус өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың
өтініші бойынша куəландырылған немесе берілген құжаттары
мəнін өзгертпейтін жəне заңмен қорғалатын үшінші жақтардың
құқықтары мен мүдделеріне тимейтін көпе-көрінеу жаңылыс жазу-
лар мен арифметикалық қателерді түзете алады.
Нотариустың қызметі тоқтатылған не мемлекеттік нотариаттық
кеңсе таратылған жағдайда нотариаттық куəландырылған немесе
берілген құжаттарға жоғарыда көрсетілген түзетулерді құжаттар
сақтауға берілген нотариус, нотариатқа палата енгізеді
.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет