9
ды көрсеткіштерін көрсететін жəне құқықтық нормаларда бекітілген
қағидалар қатары бар:
- нотариалдық қызметтiң заңдылығы, нотариус өз міндеттерін
Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын нақты
жəне бұлжытпастан орындауы тиіс екенін білдіреді;
- нотариалдық қызметтің іске асырылуына көңіл бөлген жеке
жəне заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау;
- іс жүргізуді мемлекет тілінде немесе ҚР-ның «Тілдер туралы»
заңында белгіленген тілде жүргізу;
- жасалатын нотариалдық қызметтің сырын сақтау
Нотариустың қызметi үшiн маңыздысы дұрыс жəне тез істі
шешетін iс жүргiзу нормасы болады. ҚР заңнамасында алдын ала
қарастырылған жəне бекітілген ережелердiң нотариалдық қызметтің
iске асырулары кезінде нотариалдық органдар қызметiнiң заңдылық
жəне реттiк əсерлерін қамтамасыз етедi.
Жалпыға ортақ қағидалардан бөлек, ҚР заңнамасында
нотариалдық қағидалардың орындалуына бағытталған басқа да
принциптер қарастырылған.
Құқық принципі дегеніміз – белгілі бір қоғам мен мемлекеттің
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси даму заңдылықтарының ерек-
ше құқықтық көрінісі.
Құқық теориясының ережелеріне сүйенсек, құқықтық ғылымда
принциптердің екі түрі бар:
1. жалпықұқықтық (жалпысалалық) принциптер;
2. арнайы (салалық) принциптер.
В. Гуреевтің тұжырымдауынша, «жалпықұқықтық» (жалпы-
салалық) принциптер барлық құқық салаларында көрініс тауып,
бекітілген. Атап айтқанда, ол принциптер азаматтық, əкімшілік,
еңбек, қаржы, қылмыстық жəне т.б. құқық салаларына тəн. Ондай
принциптер қатарына заңдылық, заңның кері күшін жоққа шығару
жатады.
Ал арнайы (салалық) принциптер дегеніміз – нақты құқық сала-
сына тəн принциптер.
Осы ұстанымға орай нотариаттың түсінігі жəне атқаратын
қызметіне байланысты қолданыстағы заңнамамен нотариаттық
қызметтің төмендегі принциптері анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: