22
2001 жылдың тамызында – «Қазақстандағы құқықтық реформа:
нотариалдық жүйені реформалау» ТАСИС жобасы іске асырыла ба-
сталды.
2001 жылдың қыркүйек айында республикалық нотариалдық па-
лата Афина қаласында өткен Латын нотариат одағының халықаралық
конференциясына бақылаушы ретінде қатысты.
2003 жылдың 5 мамырында – «Нотариат туралы» Қазақстан
Республикасының заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу»
заңы қабылданды. Нотариалдық қызмет кəсiпкерлiк болып табыл-
майтыны жəне пайда табу мақсатын көздемейтіні туралы заңдық
бекіту тапты. Бұдан былай нотариат ашық құқықтық институт жеке
жəне заңдық тұлғалардың мүдделерін қорғайтын заңмен бекiтiлген
жүйе болып табылды.
2011 жылдың 26 желтоқсанында – «Нотариат туралы» Қазақстан
Республикасының заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу»
заңы қабылданды. Заң нотариалдық əсерлердің кадрлық резерв
туралы жағдайды жəне нотариустың бос қызмет орнының орнын
басу жарысын болдырмауды жетілдіру жобасынан бас тартуға
бағытталған. Əдiлеттiк органдарының құзырларынан əрбiр
нотариалдық округ бойынша нотариустардың сандарын бекiту,
нотариалдық қызмет көрсетуге лицензия алған тұлғалардың
резервiн құрастыру, жеке нотариустың бос орнын басуға
конкурстық таңдау өткізуден бас тарты. Нотариалдық қызметтiң
ұйымы реттеледi, сонымен қатар нотариалдық кеңселерге деген
талаптар орнатылады. Нотарус лицензиясын алуға үміткерлерді
іскерлік сараптау кезіндегі жəне нотариус орнына үміткерлер,
олардың қызметтерінің аумағын анықтау сайыстарын өткізер кез-
де коррупциялық факторлар жойылады.
Сайып келгенде, нотариаттың даму кезеңі мен қалыптасуына
қарасақ, бұл институтқа өзгерістер енгізілді, дегенмен нотариустың
құқықтық жағдайы тарихтың сан алуан өзгерістерінде өзгеріссіз
қалды.
Достарыңызбен бөлісу: