Оқулық «Нотариат туралы»


 Теңіз наразылықтарын жасау



бет30/109
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118774
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

7.3. Теңіз наразылықтарын жасау.
Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін
дəлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус кеме иесіне
мүліктік талап қоюға негіз бола алатын, кеменің жүзу немесе тұру,
апатқа ұшырау, жүктердің бүлінуі, т.с.с. уақытында орын алған
оқиға туралы кеме капитанының арызын қабылдайды.
Өз арыздарында кемелердің капитандары жүзу кезінде болған




71
оқиғалар (апат, жүктің бүлінуі жəне т.с.с.) туралы хабарлайды. Теңіз
наразылығы туралы арызда оқиға жағдайларының жəне капитанға
сеніп берілген мүлікті сақтау үшін ол қабылдаған шаралардың си-
паттамасы болуға тиіс. Егер теңіз наразылығын мəлімдеу қажеттігін
тудырған оқиға айлақта болған болса, наразылық оқиға сəтінен ба-
стап жиырма төрт сағат ішінде мəлімденуге тиіс.
Наразылықты белгіленген мерзім ішінде мəлімдеу мүмкін
болмаған ретте, теңіз наразылығы туралы арызда мерзімді өткізіп
алу себебі көрсетілуге тиіс. Теңіз наразылығы туралы арызда
баяндалған жағдайларды растау үшін кеме капитаны сауда теңіз
қатынасын реттейтін заңдарға сəйкес арыз берумен қатар, бірақ
кеме айлаққа кірген сəттен бастап жеті күннен кешіктірмей (неме-
се егер оқиға айлақта болса, ол болған сəттен бастап) нотариусқа
қарауға кеме журналын жəне капитан куəландырған кеме журналы-
нан алынған көшірмені беруге міндетті.
Нотариус капитаны арызының, кеме журналы мағлұматтарының
негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен жəне мүмкіндігінше,
кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куəдан жəне кеме
командасындағы екі куəдан жауап алу негізінде теңіз наразылығы
туралы акт жасайды жəне оны өзінің қолымен жəне мөрімен
куəландырады. Теңіз наразылығы туралы актінің бір данасы
капитанға немесе ол өкілеттік берген адамға беріледі. Басқа дана-
сы капитан арызымен жəне кеме журналынан алынған көшірмемен
нотариаттық орган істерінде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет