Оқулық «Нотариат туралы»


Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары



бет26/109
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118774
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары
1) Нотариаттық əрекеттерді жасау орны
2) Мұрамен сенімгерлік басқаруды тағайындау
3) Нотариус қызметінің аумағының қызметін шектеу
4) Нотариаттық əрекеттерді жасау мерзімдері
5) Нотариаттық іс-əрекет жасаудан бас тарту
6) Бас тарту туралы шағымдану тəртібі
7) Бас тарту шағымдану туралы шағымдану ережелері




60
7-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДЫ НОТАРИАТТЫҚ КУƏЛАНДЫРУ
7.1 Мəмілелерді куəландырудың жалпы ережелері
7.2 Мəмілелердің жекелеген түрлерін куəландыру
7.3 Теңіз наразылықтарын жасау
7.4 Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған 
үзінділердің дұрыстығын куəландыру
7.5 Құжаттардағы қолдардың түпнұсқаулығын куəландыру
7.6 Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының 
дұрыстығын куəландыру
7.7 Азаматтың тірі табылу жəне азаматтың белгілі бір жерде 
табылу фактісін куəландыру
7.8 Құжаттардың көрсетілу уақытын куəландыру
7.1 Мəмілелерді куəландырудың жалпы ережелері
Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанда
мəмілелерді куəландырады. Тараптардың тілегін заңмен міндетті
нотариаттық нысанмен белгіленбеген мəмілелер мен басқа да
мəмілелер куəландырылуы мүмкін.
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мəмілелер жобасының
мазмұны мен мағынасын түсіндіруге жəне оның мазмұны
тараптардың шын ниеттеріне сəйкес келетінін жəне заң талаптарына
қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.
Егер мəміле жасау сəтінде əрекет етуге қабілетті жеке тұлға
алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус
мəмілені куəландырудан бас тартуға тиіс. 14 жасқа дейінгі кəмелетке
толмағандардың атынан мəмілелерді олардың ата-аналары, ал
əрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан-қамқоршылары жа-
сайды. 14-тен 18 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді
ата-аналарының, ал əрекет қабілеттілігі шектелген адамдар –
қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Кəмелетке жасы толмағандар, қамқорлыққа алынғандар аты-
нан қамқоршылар мəміле жасау үшін немесе оларды заңда
көрсетілген жағдайларда жасау үшін қамқоршылық жəне
қорғаншылық органдарының келісімі талап етіледі. Тіркелуге жа-
татын қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу жəне кепілге салу тура-




61
лы мəлімдемелер иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын
мүлікке деген құқықты растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда
куəландырылуы мүмкін.
Мəмілелердің мазмұны баяндалатын нотариаттық тəртіпте
куəландырылатын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы
тиіс, оның біреуі нотариуста қалады, бірақ мəмілеге қатысушылардың
санынан артық болмауға тиіс.
Қолданып жүрген заңдарға сəйкес мəміленің мынандай түрлері
міндетті нотариаттық куəландыруға жатады:
1) тұрғын үйлерді иеліктен шығару, яғни сатып алу-сату, айыр-
бастау, сыйға тарту, өмір бойы асырау шартымен иеліктен шығару
жəне кепілге салу туралы шарттар;
2) өсиеттер;
3) мүліктік басқаруға, егер заңда өзгеше көрсетілмесе,
нотариаттық куəландыруды талап ететін мəмілелерді жасауға
берілетін сенімхаттар;
4) шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылық құжаттары;
5) неке келісімшарттары.
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мəмілелер жобасының
мазмұны мен мағынасын түсіндіруге жəне оның мазмұны
тараптардың шын ниеттеріне сəйкес келетінін жəне заң талаптарына
қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.
Егер мəміле жасау сəтінде əрекет етуге қабілетті жеке тұлға
алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус
мəмілені куəландырудан бас тартуға тиіс.
Мəміле жарамсыз деп танылғанда немесе ол тараптардың келісімі
бойынша бұзылған жағдайда нотариус бұл жөнінде тізілімде
осы туралы белгі қояды жəне иеліктен айырушыға құқық беретін
құжаттарды қайтарады. Бұл ретте бұрын алынған мемлекеттік баж
салығы тараптарға қайтарылмайды. Мəмілелердің мазмұны баянда-
латын нотариаттық тəртіпте куəландырылатын құжаттар данасының
саны екеуден кем болмауы тиіс, оның біреуі нотариуста қалады,
бірақ мəмілеге қатысушылардың санынан артық болмауға тиіс.
Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу жəне өзге де жыл-
жымайтын мүлікке заттық құқықтарды иеліктен алу шарттарын
мүліктің тұрған жері бойынша куəландырады. Ортақ бірлескен
меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктерді иеліктен
алу ортақ бірлескен мүліктің барлық қатысушыларының келісімімен
жүргізіледі. Нотариаттық куəландыруды немесе мемлекеттік




62
тіркеуді талап ететін мəмілелерді жасауда ортақ бірлескен меншікке
қатысушылардың мəміле жасауға келісімі нотариаттық тəртіп
бойынша расталуы тиіс. Сондықтан мүлікті иеліктен алу шарт-
тарын жасағанда, нотариус басқа меншік иелерінің соның ішінде
жұбайлардың мүлікті билеуге келісімін талап етуге міндетті. Егер
жұбай нотариусқа өзі келіп, жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға
өтініш берсе, қолының түпнұсқалығын куəландыру талап етілмейді.
Бұл жағдайда нотариус жұбайдың жеке басын анықтайды жəне
қойылған қолының түпнұсқалығын тексереді, бұл туралы өтінішке
белгі қояды жəне жеке басты анықтайтын құжатты, оның нөмірін,
берілген күнін, құжат беруші мекеменің атауын көрсетеді.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куəландырғанда
нотариус ең алдымен иеліктен алынатын жылжымайтын мүліктің
орналасқан жер учаскесінің құқықтық тəртібін анықтауы қажет.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куəландыру
кезінде нотариус жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттарды талап
етеді жəне жер учаскесі меншік иесінің оған тиісті құқықтарды алу
жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды. Көп пəтерлі тұрғын үйлерде
пəтерлерді иеліктен алу кезінде жер учаскесіне құқық белгілеуші
құжаттар талап етілмейді.
Жылжымайтын мүліктің жеке немесе заңды тұлғаға тиесілігін
растайтын құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
- жекеменшік тұрғын үй құрылысын салатын тұрғын үй құрылыс
ұжымына тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру тура-
лы шарт;
- сатып алу-сату туралы шарт:
- жекешелендіру шарты;
- жария саудадан алғандығы туралы акт;
- ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік;
- меншік құқығын растайтын заңды күшіне енген сот шешімінің
көшірмесі;
- мүлікті бөлу туралы шарт;
- мұраға құқық туралы куəлік;
- Əкімнің шешімі, сатып алу-сату шарты, жер учаскесіне меншік
құқығы туралы мемлекеттік акт;
Құқық беруші құжаттар қатарына жылжымайтын мүлікке меншік
құқығын растауға құзырлы органдардың заң актілері тəртібінде
белгіленген өзге де құжаттар жатуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті
иеліктен алу шартын куəландыру кезінде нотариус мемлекеттік




63
тіркеуді белгіленген тəртіппен тіркеуші органның құжат мəтініндегі
белгісі негізінде тексереді. Жылжымайтын мүлікке құқықты
мемлекеттік тіркеудің жəне жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін
белгіленген тəртіппен құрылған басқа мемлекеттік ұйымдардың
тіркеуші органдар нақтылы құрылғанға дейін олармен жасаған
мəмілелерінің заңды күші болады.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куəландыру
кезінде нотариус:
1. Құқық белгілеуші құжатты;
2. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірмені;
3. Құрылыстың иеліктен алу сəтіндегі техникалық сипаты ту-
ралы анықтаманы талап етеді. Иеліктен алынатын мүлікті бағалау
актісі мұны тек мəміле тараптары көзделген жағдайларда ғана талап
етіледі.
Нотариус тұрғын үйді өмір бойы ұстау шартымен иеліктен алу
шартын келесі талаптар сақталған жағдайда куəландырады:
- сатушы жасына немесе денсаулық жағдайына қарай еңбекке
қабілетсіз болуы керек;
- сатып алушы сатып алу бағасын төлеу есебінен сатушының
есебінен сатушының өмірінің аяғына дейін оған тұрғын жай беру,
тамақтандыру, оны бағып- күту, қажетті көмек көрсету түрінде
нақтылы материалдық қамтамасыз етуге міндеттенеді;
- сатушының тірі кезінде үйді иеліктен алуға болмайды;
- егер сатып алушы өмір бойы асырау шартымен иеліктен алу
шарты бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамаса,
шарт сатушының талабы бойынша бұзылуы мүмкін;
- егер оған қатысты емес мəн-жайларға байланысты материалдық
жағдайының өзгергені соншалық, ол сатушыға шартта көрсетілген
жағдайды тудыра алмаса немесе сатушы өзінің еңбек қабілеттілігін
қалпына келтірсе шарт сатушының талабы бойынша бұзылуы
мүмкін. Өмір бойы асырау шартымен тұрғын үйді иеліктен алу
шартының мəтінінде барлық көрсетілген шарттар анық баяндалуы
тиіс. Бұған қоса шарттың мəтініне сатып алушының сатушыны асы-
рау жөніндегі қосымша міндеттерді енгізуге болады.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куəландыру кезінде
нотариус аталған шарттарды мемлекеттік тіркеуге алудың қажеттігін
түсіндіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет